Кәсіпкерліктің артықшылықтары


Қосылудың, яғни жұтылудың бірнеше түрлері болады



бет5/12
Дата10.09.2023
өлшемі43.38 Kb.
#477015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
кәсіпкер 10

Қосылудың, яғни жұтылудың бірнеше түрлері болады:

  • жиектік бірігу бір текті өнімдер шығаратын және кейбір технологиялық үдерістің біртекті сатысын жүзеге асыратын, фирмалардың қосылуы кезінде байқалады;

  • тік бірігу кейбір технологиялық үдерістерді бір кезеңде жүзеге асыратын фирмалардың қосылуы кезінде өтеді;

  • фирмалардың бірігуі нәтижесінде конгломерат пайда болады.

ҚР заңдарымен реттелетін кәсіпкерлікті дамытпай Қазақстанның экономикасын реформалау мүмкін емес. Өтпелі кезеңде ҚР Президентінің «Шаруашылық қызметінің еркіндігімен кәсіпкерлікті дамытудың еркіндігі туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шаруашылық серіктестері туралы» және т.б. жарлығы және ел басшылығымен бірнеше заңдар қабылданған еді. Бұл заңдар азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай мен кепілдікті анықтайды.
Ресей мен басқа да бұрынғы социалистік елдерде Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметі сол елдердің дәстүрлі рыноктық экономикасы тәрізді эволюциялық жолмен емес, орталықтық жоспарлау жүйесін қирату арқылы экономикалық революция нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан ҚР дағы кәсіпкерлік қызмет, әсіресе, алғашқы он жылдықтағы әміршіл экономикалық жүйенің нарықтыққа қарай өзгеріске ұшырауы көптеген қиындықтар мен қарама қайшылықтарға байланысты болады:

  • кәсіпкерліктің заңдық базасы тым баяу және көбінесе жүйесіз қалыптасты;

  • жеке автономияның қағидасы елеулі шектелді, өйткені шаруашылық қызметтеріне, келісімшарттарға және бірлестіктерге бұрынғы КСРО республикаларының экономикалық құрылымы ондаған жылдар бойы монополия ретінде құрылғандықтан, тек еркін шешіммен тоқтатып тастауға болмайтын, шаруашылық ұйымдастырудың дәстүрлі әміршіл экономикалық монополиясы қарсы тұрды;

  • тауарлық ақшалай айырбас қаржылық кредиттік қатынастарының жетілмеуінен қатты қиындатылды, сондай ақ, инфляцияның жоғары қарқыны.

Меншікті мемлекет тарапынан шығаруға және жекешелендіру елде кәсіпкерліктің әртүрлері мен нысандарының пайда болуына ықпал етті. ҚР ның Азаматтық кодексінде толық серіктестік нысанындағы шаруашылық серіктестігі, командиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив тәрізді кәсіпкерлік нысандары айқындалған. Республикада ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында негізгі салынған жеке кәсіпкерліктің дамуы кең тараған. Шағын бизнесті дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Осы тұжырымдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Жолдауында да өзінің ары қарай дамытылуымен сипатталады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.
Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет