1.3 Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Кез келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, Кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммер-
циялық, қаржылык, Кәсіпкерлік.
Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыѓан елдерінде Кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) Кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.
Көрсетілген Кәсіпкерліктіқ түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Қазіргі бар Кәсіпкерліктің түрлерін және олардың әр түрлерінің 2 -ші сызба түрінде көруге болады:
Сызба 2. Виды предпринимательской деятельности
Кәсіпкерліктің түрлері
Қоммерциялық
өндірістік
Инновациялық
Ғылыми техникалық
Сактандыру
Тауарлар өндірісі
Қаржылы
Қадрлерді басқару
Акпараттық типология
Мамандандырылѓан кызметкер
өндірістік Кәсіпкерлік Кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауѓа болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жаса-
лады.
Бірак, осы қызмет сферасы нарықтық экономикаѓа көшу кезінде көп, жаѓымсыз өзгерістерге ұшырады:
- шаруашылық байланыстар ыдырады;
- материалдық-техникалық қамтамасыз ету б±зылды;
- өнімді өткізу к‰рт тµмендеді;
- кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.
Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіре-тінін ойлайды.
Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушы-
лармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда Кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.
өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтінін ол бастамас бұрын немесе Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуѓа мәжбүр болады.
Кәсіпкер өз көшімен орындай алмайтын кызметтер мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.
Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуѓа мәжбүр болады.
өндірістік Кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыѓа сатып, оларѓа ақша т‰сімін алу.
Венчурлық бизнес. Инновациялық Кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең дамыѓан венчурлық бизнесті еске салуѓа болады.
Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндірі-
леді. Бұл технологиялық жаңалық еңгізудің бір түрі.
Венчурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруѓа тән, тиімді алу кепілдігі жоқ және тәуекел үлесі жоғары.
Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала анықталмаѓан табыспен, яғни капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын коммерциялық ғылыми-техникалық фирма.
Достарыңызбен бөлісу: |