Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


 Еңбекақыны ұйымдастыру мен реттеу



Pdf көрінісі
бет27/72
Дата30.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458801
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Baimukashova2

5.2 Еңбекақыны ұйымдастыру мен реттеу
Еңбек төлемі – бұл еңбек пен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды экономикалық құрал болып
табылады. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің
кірісі кәсіпорын жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке
үлесі деңгейімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы
тұтынушы табысының ауқымды бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың
мөшеріне, тауардың сапасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбекті төлеуді басқару мемлекет, сала және шаруашылықпен
айналысатын субектілердің деңгейінде жүреді, еңбекақының ең төмен
деңгейін белгілеу, тарифтік жүйе, инфляция нәтижесінде оның шамаларын
өзгерту, меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар үшін бірдей бастапқы
мүмкіндіктерді жасау арқылы көрінеді. Кәсіпорын деңгейінде – төлеудің
үдемелі жүйелерін таңдау, еңбек қызметін, еңбек көрсеткіштерін зерттеу
және талдау, ұжымдық келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Еңбекақы
жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады
және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы
жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңызды элементінің
бірі. Еңбекті төлеу заңдылығы республикада жалпы экономикалық
өзгерістермен қатар жүруде және олардың басты бөлігі болып табылады.
ҚР еңбекті төлеуді жетілдірудің негізгі бағыттарында неғұрлым
нақты міндеттері атап көрсетілген:
- өндірістік сала және өндірістік емес сфералар қызметкерлерінің
жалақысындағы ерекше айырмашылықты жою;
- еңбекақы жүйесін еңбек өнімділігінің өсу қарқынына байланысты
мемлекеттік реттеу;
- кәсіпорындарда ұжымдық-келісімдік жүйені жетілдіру;
- өнеркәсіптік салаларда бірыңғай тарифтік торды жетілдіру;
- жұмыс берушілердің еңбекақылар мен зейнетақыларды уақытылы
берілуі үшін жауапкершілігін жүктеу;
- мекеме мүшелерінің кәсіпорын мен пайда капиталына қатысуы.
Мемлекеттік реттеудің негізі болып ҚР еңбек кодексі, заңнамалық
кесімдер мен Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары табылады.
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне салық
салу мәселелері жөнінде өзгерістер енгізу туралы заңына байланысты
82


кәсіпорындардың еңбекті төлеу қаражатынан төлемақылар төлеу
мөлшерлемелері өзгерді, сонымен қатар әлеуметтік салықтың мөлшері,
зейнетақы қорына аудару жүйесіне де өзгертулер енгізілді . Мемлекет жеке
кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы деңгейіне тек оны мемлекеттік
секторда реттеу арқылы әсер ете алады, өйткені өндірістің жеке меншік
секторы мемлекетпен реттелмейді. 
Еңбекақы, бұл – жұмыскерге оның еңбек шығындарының сапасына,
санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
Былайша айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына
баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі. Бұлардан
басқа еңбекақыны мынадай факторлар анықтайды:
 Жұмыс күші құны. Бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек
қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны.
 Нақтылы жұмыс күнінің құны ретінде қажетті өнім көлемін
анықтайды.
 Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі еңбекақыны ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзінде еңбек өнімділігінің өсуі
еңбекақының өсуіндей шапшаң болады.
 Жұмыс күшін біліктілеу және еңбектің түрін бағалау. Мысалы, күрделі,
қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Сол сияқты,
қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың
шығармашылық еңбектері және т.б. жоғары бағаланады.
 Қажетті өнімнің әлеуметтік дәрежесін белгілеу. Қазіргі уақытта
қажетті өнімнің барлығы қызметкерлерге жеке еңбекақы түрінде
берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді (қоғамданады)
және әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық
тұтыну қорына кетеді (денсаулық сақтау, білім беру, зейнетақы
қорларын қамтамасыз ету және т.б.).
Еңбек төлемі – атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.Атаулы
табыс жалақы – бұл қызметкердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін
есептелген және берілген жалақысы.Нақты жалақы – бұл тауарлар мен
қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты
жалақы – бұл атаулы табыс жалақысының «сатып алуға
жарамдылығы».
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда
жалақының мына төмендегі қағидаларын еске алу керек:
 әділдігі, яғни тек еңбекке тең жалақы;
 істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің
деңгейі;
 зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;
 еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін
ынталандыру;
83


 ақаулық жібергені және өзінің міндетіне жауапсыздықпен
қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материалдық
жазалау;
 еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу
қарқынына қарағанда озық жүруі;
 инфляцияның деңгейіне ең үлкен деңгейде қамтамасыз ету үшін
үдемелі нысананы және жалақы жүйесін қолдану.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардағы жалақылардың
айырмашылықтары мынадан тұрады:
 мемлекеттің иелігіндегі кәсіпорындарда жалақы үкімет актілерімен
реттеледі. Ал жеке кәсіпорындарда кәсіпорын әкімшілігі шешімімен
(бірақ, ең аз жалақы жөніндегі белгіленген заңнан кем болмауы
керек);
 мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі, яғни тұрақты болады
( индекстеу есебінен тұрады);
 мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепілді, ал
мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық
жағдайына қарай анықталады.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты
бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның
жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал
болып табылады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын
сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады.
Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша
азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек
төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік
қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай (натуральный) нышандары
бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы
төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады.Кәсіпорында
еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі жұмыс күшінің еңбекақыға
өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық
жағдайдарға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметті
орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық
экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік
қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін жұмыс беруші мен қызметкердің
мүдделері арасында келісімдер жасалынады.Еңбекақының көлеміне
қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар
оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші болады. Сонда
ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номинальдық
еңбекақының ара қатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерге
84


еңбекақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге
міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет