МБ-3.2. Кәсіпорын табысы және өндіріс рентабельдігі
1. Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы
2. Кәсіпорынның пайдасы және оның түрлері
1 Кәсіпорынның табысы – олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне
әкелетін міндеттемелердің келуі. Табыс ұғымы жалпы мемлекетте – ұлттық табыс, кәсіпорында –
жалпы табыс, таза табыс және жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы – жеке табысы болып
қолданылады. Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім, тауарларды сату, қызмет
көрсетуден түсетін түсім, атқарылған қызмет, мүлікті сатудан түсетін түсім, несие берілгендегі
алынатын тиісті процестер проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер
жатады. Таза табыс ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы
айырмашылығы болып саналады. Табыс алудың шарты бұл қоғамның пайдалы қызметі,
сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Табыстың төмендегідей түрлері бар:
1. Жалпы табыс ж.т. – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомы.
Б
V
ЖТ
*
V
- өнім көлемі Б – баға
2.Орта табыс ОТ- жалпы табысты өнім мөлшеріне бөлу керек. ОТ=ЖТ/ өнім мөлшері
3. Шекті табыс – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың көбеюі.
Шекті табыс әрбір қосымша өнім өлшемінің өтімділігін бағалауға мүмкіндік береді және өзіндік
құнмен ұштаса отырып кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құнды бағыт ретінде қызмет етеді.
2. Таза пайда экономикалық маңызды және кез келген коммерциялық мекемелер қызметінің
негізгі мақсаты болып табылады. Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып
саналады.
Пайда – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріспен оны өндіруге және
сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Басқаша айтқанда, пайда – бұл өндіріс айналымының
қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі және экономикалық
көрсеткіші. Пайда: баланстық және есептік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мыналардан
тұрады: -тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда. -тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа
өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда. -сатылудан тыс операцияларды жоспарлаудан
түскен пайда: айыппұл, сыйлықтар және т.б.
Пайда төлемін анықтау тікелей есептеу және талдау әдістерімен жүргізіледі. Кәсіпорынның
пайдасы екі көрсеткішке байланысты: 1) өнім бағасы, 2) оны өндіруге кеткен шығындар
Достарыңызбен бөлісу: |