Кәсіпорын экономикасы пәнінен ДӘріс материалдары



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата17.09.2023
өлшемі0.54 Mb.
#477750
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
дәріс материалдары КЭ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Модуль 3. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тетігі 
МБ-3.1. Өнімді өндіру және өткізу шығындары 
1. Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері 
2. Кәсіпорын өнімдердің өзіндік құны 
1. Кәсіпорын шығаратын тауарының мөлшерін нарыққа ұсынды, оны өндіруге кететін 
шығындарына және сол тауардың нарықта сатылатын бағаларына тікелей байланысты.
Шығындар – бұл кәсіпорынның өзінің өндіретін өнімін және коммерциялық қызметін іске асыру 
үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. 
Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай үш түрге бөлінеді.
1. Өзіндік құнды құрайтын өнімдерді өндіруге және сатуға кететін шығындар. 
2. Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар 
3. Өндірістік, әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық, қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа 
да мұқтаждықтарға кететін шығындар. 
Шығындарды топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішіндегі негізгілері: 
1. Шығындар пайда болу орны бойынша өндірістік және кезең (коммерциялық) болып бөлінеді. 
Өнімді дайындаумен байланысты шығындар ӨШ, ал өнімді сатумен байланысты шығындар КШ 
деп аталады. 
2. Шығындар өндіріс көлемінің өзгерісіне қарай: 1. Шартты-Тұрақты шығындар 2. Ауыспалы 
шығындар. 
Шартты-Тұрақты шығындар - өнім өндіру, оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей 
тәуелді болмайды. бұл - басқару шығындары, ғимараттар мен үйлерді жылыту және 
жарықтандырумен байланысты шығындар, жалға беру ақысы, негізгі қор амортизациясы; міндетті 
төлемдер т.б. ШТШ өнім өндіру тоқтап қалса да, кәсіпорынның банкроттыққа ұшырап және оның 
ресми жабылуы жарияланғанға дейін орын алады. 
Ауыспалы шығындар – бұл өнімді өндіру мөлшеріне, сатылуына тәуелді шығындар. Ауыспалы 
шығындар өндіріс көлеміне байланысты пропорционалды түрде өсіп немесе кеміп отырады. 
Бұған: шикізаттар пен материалдардың, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның құны, 
еңбекақы шығындары жатады. Тұрақты шығын мен ауыспалы шығын арасында елеулі 
айырмашылық бар. Тұрақты шығын қажет болған жағдайда өндірілмеген өнімге де төленуі тиіс. 
Ауыспалы шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
3. Әртүрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама 
шығындар деп екіге бөлінеді. Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шығаратын 
кәсіпорындарда қолданылады,солай болғандықтан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорында 
шығындардың барлығы тура шығындар деп аталады. 
ТШ деп - өнімнің өзіндік құнына тура және тікелей өз бетімен кіре алатын шығындар, мысалы, 
шикізат, материал шығындары, технологиялық мақсата жұмсалатынотын энергия. ЖШ деп - 
өнімнің өзіндік құнына бөлінген соң кіретін, өнімнің бірнеше түрін өндірумен байланысты 
шығындар, мысалы, жабдықтарды дайындау және пайдалану шығындары, цехтік шығын. 
2. Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді 
өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Өзіндік 
құнның экономикалық мазмұны жұмсалған шығынның орнын толтыру және соның есебінен 
өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндрістік қорларды және жұмыс күштерін 
қамтамасыз ету. Сондай-ақ кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады, яғни 
өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, несиеге проценттік төлемдері, бюджеттен тыс қорларға 
аударым жарналарын жасау немесе әлеуметтік объектілерді ұстау үшін төленетін шығындар 
кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының көп бөлігі болып табылады. 
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды 
шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. 
Мысалы, кәсіпорын өнімін тұтынушылардың территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі 
отын, электроэнергиясы және көліктік тарифтер т.б. ӨШ=ӨҚ∙V
ө




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет