Кәсіпорын экономикасы пәнінен ДӘріс материалдары


МБ-2.5. Кәсіпорында еңбекақы төлеу



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата17.09.2023
өлшемі0.54 Mb.
#477750
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
дәріс материалдары КЭ

МБ-2.5. Кәсіпорында еңбекақы төлеу 
1. еңбекақы төлеудің маңызы және түрлері. 
2. еңбекақы төлеу жүйелері және нышандары. 
Өндіріс үрдісіне әсерін тигізетін маңызды мәселенің бірі - бұл еңбек ресурстарының бағасы - 
жұмысшылардың еңбекақысы. Жұмысшыларды тиімді пайдалануда ынталандарудың негізгі бір 
жолы - еңбекақы төлеу. 
Еңбекақы төлеу - бұл мемлекеттік кәсіпорында ұлттық табыстың бір бөлігінен әрбір 
жұмысшының еңбек шығынына қарай, еңбектің саны мен сапасы бойынша бөлінетін ақшалай 
түрдегі жұмысшыға төленетін еңбекақы. Еңбекақы төлеу - бұл еңбек үшін берілетін сыйақы. 
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс 
берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкерлер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, 
сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат 
деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі 
алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады. 
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе 
бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады. 
Еңбекақы төлеудің заттай және ақшалай түрлері бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің 
қажеттеліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай 
форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде 
еңбекақының заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбекақы төлеудің мұндай нышанын ақша 
айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау 
жағдайларында кең қолданылады. 
Еңбекақының көлеміне жұмысшылардың иемденетін ақшасының көлемі ғана емес, сонымен қатар 
оның ақшаға сатып алу қабілеті кіреді. Сатып алу қабілеттілігі нақтылы еңбекақы мен 
көрсетілген еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Сондықтан, кәсіпорын 
жұмысшыларының еңбекақысы мемлекет бекіткен ең төменгі деңгейдегі еңбекақы көлемінен кем 
болмауы тиіс.
Көрсетілген еңбекақы дегеніміз бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы 
еңбегіне ақшалай төленетін еңбекақысы. 
Нақтылы еңбекақы - бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді 
сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы - бұл көрсетілген еңбекақыға нақты 
заттарды "сатып алу мүмкіндігі".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет