Кәсіпорын экономикасы пәнінен ДӘріс материалдары


Кәсіпорынның басқару функциялары



Pdf көрінісі
бет2/25
Дата17.09.2023
өлшемі0.54 Mb.
#477750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
дәріс материалдары КЭ

Кәсіпорынның басқару функциялары: Статистика және есеп. Талдау. Жоспарлау. Шешім 
қабылдау.Ынталандыру.Бақылау. Реттеу. 
2. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр түрлі ұйымдық және құқықтық формалары 
пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң органдары анықтайды. Оларға заңды сататус беріледі, 
осыған сай мүліктері болады, міндеттемелерге сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп 
кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және орталық сотта өз мүдделерін 
қорғайды. 
Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорынның мынадай ұйымдық – құқықтық 
формалары бар: 
1. Мемлекеттік кәсіпорын; 
2. Серікестік: жауапкершілігі шектеулі серіктестік ЖШС, толық жауапкершілікті серіктестік
аралас жауапкершілікті серіктестік. 
3. Акционерлік қоғам: Ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам. 
Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекеттің меншігінде болатын және басқару 
органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер 
мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал 
кәсіпорын мемлекеттік ұйымның қарамағында болса, ол кәсіпорын қазналық болып есептеледі.
 
 
 
 
 


МБ-1.2. Кәсіпкерліктің дамуы, түрлері мен формалары 
1. Кәсіпкерлік экономиканы дамытудың қозғаушы күші. 
2. Шағын кәсіпорын және оның дамуы. 
І. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің маңызды түрі. Қазіргі 
экономика ғылымы кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың негізгі типі ретінде 
анықтайды. Кәсіпкерлікке ұйымдық шаруашылықтың жаңашылдығы, ресурстарды пайдаланудың 
тиімді әдісі, икемділік кей жағдайда тәуекелділікке бел байлауда тән.
Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол 
өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны болып табылады. 
Құқықтық тұрғыдан алғанда кәсіпорын заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне 
бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, жұмыс атқарады және әртүрлі 
қызмет көрсетеді. 
Кәсіпкер өндірістік, сауда және т.б. кәсіпорынның иесі, ол тиімді істерді амал ретінде тауып, 
ұйымдастыра білетін іскер адам. Ал кәсіпкерлік болса, кәсіпкерге оның ісіне тән қызмет істеуді 
ұйымдастыруды айтамыз, яғни олардың бірлескен одағы. 
Біздегі көп жылғы экономиканың бір орталықтан басқару, бөлу, бақылау жүйесі кәсіпкерліктің 
дамуына жол бермей келгені белгілі. Ал қазіргі қоғамдағы кәсіпкерлік нарықтық қатынасқа 
енумен байланысты жаңа мән-мазмұнға ие болды. Республика көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, 
оның көркейту мақсатымен арнайы заң қабылдап, оны өндірістің қай саласында да, одан тыс 
салаларда да қолдап, дамытып, қорғауға жол ашып отыр. Кәсіп, кәсіпкерлік, кәсіпкер ұғымдары 
арабтың ежелгі сөзінен шыққан. Ол пайда табу, кіріс, ұтыс, тіршілік, шаруашылық маңызында 
пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет