МБ-3.5. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
1. Инвестицияның экономикалық мазмұны және түрлері
2. Инвестициялық институт және оның қызметі
1. ҚР-ның «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар – бұл ақша қаражаттары,
арнаулы банктік ақша ұаражаттары, акция
және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, құрал-
жабдықтар;
лицензиялар, кәсіпкерлік немесе өзге де іс-әрекет түрлерінен табыс табу және
әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатына жұмсалатын зияткерлік құндылық. Нарықтық
экономикада кең тараған
және жалпылама ұғым бойынша инвестиция – бұл табыс табу немесе
басқа да нәтиже алу мақсатында кез-келген түрдегі қаржы жұмсау үдерісі.
Негізгі қорға қаржы жұмсау,
резервтерге сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу
мақсатында құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды.
Инвестиция бұл ресурс,
оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі
қаржылар формасында жүзеге асырады.
Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік(венчурлік), тікелей, портфельдік, аннуитеттік
болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: