МБ-3.4. Кәсіпорынның инновациялық қызметі
1. Инновациялық қызметтің мәні және маңызы
2. Инновацияның түрлері мен қасиеттері
1. Экономикалық қатынастадың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің түпкі нәтижелері –
өндіріс тиімділігін артттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі,
жоғары технологиялық өнім
көлемі – елдің экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі- бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсету,
оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми техникалық шаралар жүйесі. Бұл
жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға
қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Жаңа техника мен технологияны өндіріске жобалауда, әзірлеуде және енгізуде бұл
шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау 4 кезеңнен тұрады:
1. бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау
2. бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау
3. бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау
4. бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың
тиімділігін бағалау
Жалпы түрінде ҒТП – ті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды:
экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы,
еңбек және материал
сиымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы
өсіру және пайдалылықты
одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық,
еңбек
және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияны ашу,
өнертабыс және
оңтайландыру ұсыныс, ноу-хоу және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметттік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени тұрмыстық деңгейінің артуы,
оларды тауарлар мен қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, ауыр қол еңбегінің үлесін
төмендету және т. б. Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады егер үкімет тарапынан ҒТП
жетілдіруге толық жағдай жасалса.
Достарыңызбен бөлісу: