Курсты оқыту мақсаты – болашақ мамандарға кәсіпорынның инвестициялық қызметі облысында теориялық білім және тәжірибелі дағды беру.
Студенттер пәнді оқып бітірген соң білуге қажетті:
- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ерекшеліктері оның шаруашылық қызметі түрі ретінде;
- инвестициялық менеджменттің механизмінің негізгі элементтерінің сипаттамасын;
- кәсіпорынның инвестициялық қылығының экономикалық мотивациясын;
- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын;
- кәсіпорынның нақты инвестициялауын өткізу нысандары мен ерекшеліктерін.
Студенттер пәнді оқып бітірген соң істей білу қажет
- инвестициялардың экономикалық тиімділігін есептеу тәсілдерін;
- инвестициялық жобалардың техника-экономикалық түсініктемесін және бизнес-жоспарлау тәсілдерін;
- экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы есептерді шешумен байланысты арнайы теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар кешенін.
1-тақырып. Инвестициялық қызмет және инвестицияның экономикалық мәні
Қазіргі заман жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін құқықтық жағынан реттеу.
Әдебиеттер: [1,2,4-8]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
2-тақырып. Инвестициялық менеджменттің міндеті және мәні
Күрделі салымдарды қаржыландыру және несиелендіруді ұйымдастыру. Лизингтік қаржыландыру. Құрылыстағы жобалау және баға тағайындау.
Әдебиеттер: [1,2,3,4-8]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
3-тақырып. Нарықтық ортадағы кәсіпорынның инвестициялық қылығы
Инвестицияландыру тәртібі. Инвестициялық қылыққа валюта бағамының әсері. Инновациялық белсенділік және оның экономикадағы инвестициялық процестерге әсері.
Әдебиеттер: [1,2,4-8]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
4-тақырып. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Мемлекеттің несие-қаржы және фискальды саясаты. Есепті ставканы реттеу және оның нарықтық экономикадағы инвестициялық қылыққа әсері. Ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар. Кәсіпорынды қаржылық-несиелік жағынан қолдау үшін бизнес-инкубаторлар мен инновациялық орталықтар арқылы инфрақұрылымды қалыптастыру. Мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар.
Әдебиеттер: [1,2,4-8]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
5-тақырып. Инвестициялық нарық: мәні және жұмыс істеу механизмі
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын мобилизациялау мен бөлудегі инвестициялық нарықтың ролі.
Әдебиеттер: [1,2,4-8]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
6-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Әрекеттегі кәсіпорынның имитациялық моделі мысалында инвестициялық стратегияны жасау. Стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарлау тәсілдері. Дағдарыс жағдайында кәсіпорынды басқару. Мақсатты кешендік бағдарламаларды жасау.
Әдебиеттер: [1,2,4-8]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
7-тақырып. Инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері
Күрделі салымдар тәуекелін бағалау тәсілдері. Венчурлік қаржыландырудың қазіргі замандағы мәселелері.
Әдебиеттер: [1,2,4-8,9]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
8-тақырып. Инвестициялық жобаларды басқару
Жобаның техника-экономикалық түсініктемесі. Нарықты талдау және маркетинг стратегиясы. Орналасқан жері мен қоршаған ортасы. Жобаның инженерлік бөлімі мен технологиясы.
Әдебиеттер: [1,2,4-8,10]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
9-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын басқару
Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын бағалау. Эмитенттің қаржылық жағдайын талдау.
Әдебиеттер: [1,2,4-8,11]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
10- тақырып Кәсіпорынның инвестициялық ресурстары
Инвестициялық ресурстардың қалыптасуы мен пайдалану әдістемелерінің шетелдік тәжірибесі.
Әдебиеттер: [1,2,4-8,9,11]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
11-тақырып. Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
Халықаралық көрсеткіштер жүйесіндегі инвестициялар тиімділігін бағалау. Табыстылықтың ішкі норма көрсеткіші, оны пайдалану мен есептеу тәсілі. Таза келтірілген табыс көрсеткіші, пайдалану саласы, есептеу әдісі. Шетел инвестицияларының экономикаға әсерлері: оң әсерлері мен теріс аспектілері. Шетел инвестицияларын тартудағы экономикалық шаралар кешені.
Әдебиеттер: [4,11]
Бақылау түрі: конспект, глоссарий
4 Дәріс материалы
4.1 Курстын пәні мен міндеттері
Инвестиция туралы ұғым экономика ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі экономистер мен менеджерлердi дайындауда ажырағысыз бөлiгi болуы керек.
Келешекке қызмет ететiн кәсiпкерлерге олар өздерi және олардың серiктестерi кәсіпорынның инвестициялық қызметі туралы ойлану қажет.Оқытудың мақсаты- болашақ мамандарға Кәсіпорынның инвестициялық қызметі саласында теориялық және тәжiрбиелiк дағды бiлiмдерiн беру.
Курстың негiзгi мiндетi - инвестиция мен инвестициялық қызмет мәнін зерттеу; инвестициялық менеджмент мақсаттары мен міндеттерін зерттеу; инвестициялық қызметі мемлекеттік реттеу негіздерімен таныстыру; инвестициялық нарықтың әрекет ету мәні мен механизмін зерттеу; инвестициялық жобаларды басқару әдістемесін қарастыру; кәсіпорынның қаржылық инвестициялары негіздерімен таныстыру; халықаралық инвестициялық ынтымақтастық рөлін айқындау.
Студент курс алғаннан кейiн бiлуi қажет:
- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ерекшеліктері оның шаруашылық қызметі түрі ретінде;
- инвестициялық менеджменттің механизмінің негізгі элементтерінің сипаттамасын;
- кәсіпорынның инвестициялық қылығының экономикалық мотивациясын;
- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын;
- кәсіпорынның нақты инвестициялауын өткізу нысандары мен ерекшеліктерін.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі микроэкономика, макроэкономика, экономикалық теория, дүниежүзілік экономика, халықаралық экономикалық қатынастар, статистиканың жалпы теориясы, экономика-математикалық әдістер, информатика мен есептеу техникасының негіздері және т.б. әдiстер мен тәсiлдердi қолданады.
4.2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Инвестициялық қызмет және инвестицияның экономикалық мәні
Инвестицияның басқару объектісі ретіндегі мәндік сипаттамалары. Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз етудегі инвестицияның ролі. Инвестицияларды жіктелуі.
Инвестициялық қызметтің объектілері мен субъектілері. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның экономикалық мүдделерін жүзеге асыру нысаны ретінде. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ерекшеліктері оның шаруашылық қызметі түрі ретінде.
Қазақстан Республикасындағы инвестицияның құрылымы мен динамикасы.
«Инвестиция» термині латынның investire сөзінен аударғанда салу дегенді білдіреді. Оның мағынасы алуан. Қаржылық көзқарастан инвестициялау - бастапқы салынған капиталдан асып түсу жіне болашақта таза табыс табу мақсатында экономикалық ресурстардың ұзақ мерзімді салымы балып анықталуы мүмкін.
Шетелдегі экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы кәсіпкерлік пайда немесе пайыз табу мақсатында шаруашылықтың барлық салаларына салынатын салымдарға байланысты бүкіл шығындардың жиынтығы деп айқындалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл инвестициялар салымы және инвестициялық ағымдардың тиімді жолдарын іске асырудағы әр түрлі әдіс – тәсілдер мен іс-шаралардың жиынтығы. Сонымен қатар негізгі қорларды құру мен іске асыру капитал салымдар нысанында болады.
Инвестициялар кәсіпорынның серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі міндеттерді шешеді:
- қаржы және материал ресурстарының жинақталуы арқасында өзінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа облыстарын иемдену нәтижесінде қызметтің диверсификациясы;
Инвестицияларды көптеген белгілер бойынша жіктеуге болады. Жіктеудің негізгі белгісі болып капитал салымының объектісі табылады. Соның негізінде келесілерді айырады:
-
қаржылық (портфельді) инвестициялар;
-
нақты (капиталқұрушы) инвестициялар;
-
материалды емес активтерге инвестициялар.
Қаржылық (портфельді) инвестициялар – бұл мемлекет, жергілікті өзін-өзі басқару және корпоративті компаниялар (заңды тұлғалар) шығарған акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздарға салынатын ақша қаражаттары.
Нақты инвестициялар – бұл қандай да бір өнімді өндіруге салынған капитал, яғни қоғамның нақты капиталын арттыруды қамтамасыз ететін салымдар. Нақты инвестициялар негізгі қорлардың жаңадан салынуы, істегі кәсіпорындардың кеңейтілуі, техникалық қайта алмастыру арқасында іске асады.
Материалды емес активтерге инвестициялар – бұл ғылыми-техникалық әдістемелерге салынатын ақша қаражатттары (мүліктік құқықтар, лицензиялар, «ноу-хау», т.б.).
Инвестициялық жобаның мақсаттары бойынша инвестицияларды келесі негізгі топтарға топтастыруға болады:
- өндірістің тиімділігін жоғарылатуға арналған инвестициялар: мақсаты - құрал-жабдықтарды алмастыру немесе өндірістік қуаттарды салық салу және өндіріс шарттары тиімдірек аймаққа ауыстыру жолымен өндірістік шығындарды азайту;
- өндірісті кеңейтуге арналған инвестициялар: мақсаты – өнімнің өткіу және өндіру көлемін жоғарылату;
- істегі кәсіпорындардың техникалқ қайта алмастыру және реконструкцияға арналған инвестициялар: мақсаты - өндірістің тиімділігін жоғарылату, номенклатурасы мен көлемін кеңейту, шығарылатын өнімнің сапасын көтеру;
- жаңа немесе қағидалы түрде жаңа өнімді шығаруға арналған инвестициялар: мақсаты – жаңа өнім шығару. Сонымен қатар жаңа ішкі және сыртқы нарықтарға шығу;
- жаңа жұмыс орындарын құруға арналған инвестициялар: мақсаты – елдегі және оның бөлек аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;
- сыртқы ортаны қорғауға және шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға арналған инвестициялар.
Көріп отырғандай, инвестициялардың мақсаты әр түрлі, бірақ жалпы оларды төрт негізгі топқа бөлуге болады:
А) нарықтағы өнімді сақтау;
Б) өнімнің көлемін кеңейту және сапасын көтеру;
В) жаңа өнім шығару;
Г) әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу.
Инвестициялардың объектісі болып табылады:
- салынып, кеңейтіліп және реконструкцияланып жатқан жаңа тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындар, мекемелер (негізгі қорлар);
- бірінші міндетті шешуге бағытталған салынып жатқан немесе реконстркуцияланып жатқан объекттердің кешені. Бұл жағдайда инвестициялаудың объекті болып республикалық, облыстық немесе басқа деңгейдегі бағдарламалар табылады;
- қызмет етіп жатқан өндірістік аудандардағы жаңа өнімдердің (қызметтердің) өндірісі;
- жаңа өнімдердің әзірлемесі;
- қызмет етіп жатқан өндіріске жаңа техниканы ендіру.
Инвестициялардың объекттерін масштабпен, бағытпен (коммерциялық, әлеуметтік, мемлекеттің қызығушылығымен байланысты және т.б.), инвестициялық цикл құрылымына, мемлекеттің қатысу дәрежесіне, тиімділігіне қарай айырады.
Инвестициялық қызметтің субъекттері болып реципиенттер табылады, олар – инвестицияларды пайдаланатын ұйымдар, кәсіпорындар. Сонымен қатар, инвестициялық қызметтің субъекттері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмыс орындаушылар, инвестициялық қызметтің объектісін қолданушылар және жабдықтаушылар, әр түрлі кәсіпкерлік ұйымдар – банктік, сақтандыру, делдалдар табылады. Инвестициялық қызметтің субъекттері болып жеке және заңды тұлғалар (шетел де), мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар табылады. Олар екі не одан көп субъекттің қызметін біріктіруі құқылы.
Инвестициялаудың негізгі субъекті – инвестор, ол өзінің, қарызға алынған және қосымша тартылған қаражаттарды инвестиция нысанында салады.
Жеке инвестор – бұл негізгі өндірістік-шаруашылық қызметтің дамуына инвестиция салатын жеке немесе заңды тұлға.
Институционалды инвестор – бұл жеке инвесторлардың қаражаттарын жинақтап, инвестициялық қызметті іске асыратын қаржы делдалы.
Инестициялаудың мақсатына қарай стратегиялық және портфельді инвесторларды айырады.
Стратегиялық инвестор - өз алдына бақылау акция пакетін немесе басқа кәсіпорынның жарғылық капиталының артықшылығы бар үлесін сатып алуды мақсат етеді.
Портфельді инвестор – инвестицияланатын қаражаттарды ағымдағы пайданы табу мақсатында әр түрлі инвестициялау объекттеріне салады. Инвестициялық қызметтің келесі субъекті – тапсырыс беруші. Тапсырыс беруші болып инвестор бола алады, сонымен қатар басқа субъекттердің инвестициялық қызметіне араласпай, егер келісімде басқасы қарастырылмаса, инвестициялық жобаны іске асырудағы жеке және заңды тұлғалар болады.
Мердігерлер болып мердігерлік келісім бойынша қызмет ететін жеке және заңды тұлғалар табылады. Мердігерлер өздері қызмет ететін түрлеріне лицензиясы болуы керек.
Инвестициялық қызметтің субъекттері қаржы салымдары әске асатын инвестициялық сферада қызмет етеді. Инвестициялық сфераның құрамына кіретіндер:
- капиталды құрылыс сферасы, онда инвестициялар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға салынады;
- инновациялық сфера, онда ғылыми-техникалық өнім және интеллектуалды әлеует іске асады.
Инвестициялық қызметтің ерекшелігі болып оның циклдығы табылады, ол бірнеше фактормен анықталады:
- инвестициялық ресурстардың қалыптасуы мен алдын ала жинақталуының қажеттігімен;
- инвестициялық қызметтің белсенділігіне сыртқы кәсіпкерлік ортаның әсері (қызметті іске асыруда дұрыс немесе бұрыс климат құру жоспарында );
- «инвестициялық талпыныс» үшін қажетті ішкі шарттардың біртіндеп құрылуы.
2-тақырып. Инвестициялық менеджменттің міндеті және мәні
Инвестициялық менеджменттің мәні. Кәсіпорынның жалпы басқару жүйесіндегі инвестициялық менеджменттің орны. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқарудың негізгі принциптері.
Инвестициялық қызметін басқарудың оның басты мақсатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі міндеттері.
Кәсіпорынның инвестициялық менеджменттің объектісі ретінде жіктелуі.
Инвестициялық менеджменттің негізгі субъектілері. Инвестициялық менеджменттің функциялары басқару жүйесі ретінде. Инвестициялық менеджменттің функциялары кәсіпорынды басқарудағы арнайы сала ретінде.
Инвестициялық менеджменттің механизмінің негізгі элементтерінің сипаттамасы.
Инвестицияларды басқару немесе инвесициялық менеджмент – бұл инвестициялық қызметтің барлық бағыттары мен аспектерін басқару үрдісі. Оның негізгі мақсаты – капитал салымының ең тиімді түрін іске асыру арқылы кәсіпорын қызметін максималды экономикалық нәтижеге көтеру.
Инвестицияларды басқару құрамына кіретіндер:
- инвестициялық қызметті мемлекеттік деңгейде басқару заңнамалық және регламенттік әдістермен реттеу, бақылау және ынталандыру;
- бөлек инвестициялық жобаларды басқару, ол құрамына заманауи әдістер мен техниканың қолдануымен инвестициялық жобаның қызметін өмірлік циклы бойы жоспарлау, ұйымдастыру, координатау, бақылау;
- бөлек шаруашылық объект – кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару, ол инвестициялаудың объектін таңдау мен инвестициялау үрдісін бақылауды қарастырады.
Қызмет етіп жатқын теория мен тәжірибе нәтижелеріне негізделіп, инвестициялық қызметті басқарудың келесі принциптерін айқындауға болады:
- салымдардың қауіпсіздігі мен табыстылығы, олардың өсімі мен жойылу принципі;
- «Банктің алтын заңы»: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыздау мақсатында ұзақмерзімді инвестициялар ұзақмерзімді пассивтер арқылы қаржылануы тиіс;
- Төлем қабілеттілігі принципі: инветицияны жоспарлау кәсіпорнның әр уақытта төлем қабілеттілігін қамтамасыздандыру тиіс;
- Инвестицияның рентабельділік принципі: барлық инвестицияларға ең арзан қаржыландыру әдістерін таңдау қажет;
- Тәуекелдерді баланстау принципі: тәуекелділігі жоғары инвестициялар өз қаражаттары арқылы қаржыландырулары керек;
- Нарықтың қажеттіліктеріне бейімделу принципі: нарықтың коньюнктурасын және қарыз қаражаттарын берудегі тәуекелділігін ескеру қажет;
-Шекті ренабельділік принципі: рентабельділігі максималды инвестицияларды таңдау керек.
Инвестициялық менеджменттің алдында тұрған мақсаттарын ескере отырып, келесі функцияларды анықтайды:
инвестициялық қызметтің стратегиялық бағыттарының әзірлемесі;
инвестициялық ресурстардың құрылу стратегияларының әзірлемесі;
- жеке жобалардың инвестициялық тиімділігін бағалау мен іздестіру және олардың ішінен тиімдісін іріктеу;
- жеке қаржылық құрал-жабдықтардың сапасын бағалау және олардың ішінен тиімдісін іріктеу;
- инвестициялық портфельдің құрылуы және оның табыстылық, тәуекелділік және жойылу критерийлері бойынша бағалануы;
- жеке жобалардың іске асыру туралы моиторингті ұйымдастыру;
- дағдарыс жағдайынан өз уақытында инвестициялық жобаның инвестициялық мерзімі, көлемі, тиімділігінің бұзылуына (жеке қаржылық құралдардың сатылуы) және капиталдың реинвестициялануына байланысты шығу шешімін дайындау.
3-тақырып. Нарықтық ортадағы кәсіпорынның инвестициялық қылығы
Экономикалық ғылымдағы инвестициялар теориясы. Инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру моделі.
Кәсіпорынның инвестициялық қылық теориясы. Инвестициялық шешімдер қабылдаудың сыртқы экономикалық (институционалдық) мотивациясы. Кәсіпорынның инвестициялық қылығының экономикалық мотивациясы.
Кәсіпорынның инвестициялық тәртібі моделінің негізгі элементтері.
Көптеген инвестиция функцияларының арасынан инвесторлардың қылығы туралы гипотезаларға неізделген топтарды ажыратуға болады. Олардың негізгілері: инвестициялардың акселерациондық теориясы; табысқа негізделген теориялар, инвестициялық шешімдерді қабылдауда өтімділіктің ролі туралы гипотеза; пайыз нормасының өлшемі мен инвестициялар өлшемінің байланысын қарастыратын теория; нвестицияның неоклассикалық теориясы.
Акселерациондық теория шеңберінде өндірістің мақсаты - өндіріс өсімі. Өнім шығарылымының өсімі кәсіпкермен табыс табу әдісі ретінде қарастырылады. Егер өндірістің өсімі инвесторға ешқандай табыс әкелмесе, онда ол нарықтық экономикада мүмкін емес. Жалпы, инвестициялық үрдістің акселерациондық негіздемесі қарастырылып жатқан өлшемдер арасында біржақты тәуекелділік береді, сондықтан инвестициялық үрдістің толық мінездемесін бере алмайды. Инвестициялық үрдістің серпінін анықтауда мақсаты - табыс табу туралы теориялар қарастырылады.
Табысты максимизациялау теориясы көзқарасы бойынша, инвестициялар жеке секторда өткізу жоғарылауды тосқан кезде, пайданың жоғарылауы ақталғанда іске асады. Осылайша, пайда инвестициялық шешім қабылдаудың арнасына айналмақ. Бұл дегеніміз, кәсіпкер өнімнің өткізу көлемімен бірге, ол баға мен өндірістік шығындарды есепке алуы керек.
Инвестициялық қызметтің көрсеткіші ретінде пайда болатын келесі гипотеза – өтімділік гипотезасы. Бұл гипотеза шеңберінде капитал салымын өзіндік қаржыландыру мүмкіндігі үшін өз қаражаттарының болуы инвестициялық шығындарға қажетті алғышарт сияқты қарастырылады. Өтімділік гипотезасы өзіндік қаражаттар мен қарызға алынған қаражаттардың айырмасын есепке алуға мүмкіндік береді. Кәсіпкер иелігіндегі инвестициялық мақсаттар үшін қажетті ақша сомасы өзіндік қаржыландыруда табыс пен амортизациядан, ал сыртқы қаржыландыруда – несиелер мен өзіндік каптиал эмиссия үлесінен тұрады. Өтімділік гипотезасы бойынша ең алдымен өзіндік қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылады, ал олар таусылған соң сыртқы қаржыландыру көздері қарастырылады.Кәсіпкердің осындай қылығының негізгі себептері болып тәуекелділік дәрежесінің жоғарлауы мен қарыздық міндеттемелердің өсімі тәуелдігі немесе кәсіпорынның конъюнктураның қысқамерзімді тербелістеріне тәуелділік табылады. Егер сұраныстың дамуы жақсы болып, кең сұраныс күтілісі нәтижесінде инвестициялық салымдар қажеттігінде өтімділік теориясы жақсы нәтижелер беруі мүмкін. Кәсіпкер өндіріс өсіміне бағытталған инвестициялық саясат жүргізгенде, инвестициялық жобаларды өзіндік қаржыландыру, яғни оның өтімділік жағдайы инвестициялар көлемін анықтайтын шешуші факторға айналмақ. өтімділік теориясы негізінде инвестициялық қызметтің серпінін ұзақ мерзімде қарастыру мүмкін емес. Ол тек басқа теориялармен қолданылғанда, яғни қосымша фактор ретінде қызығушылық танытады.
Инвестициялық белсендік пен өндіріс көлемінің байланысын түсіндіретін ерте теориялардың бірі – пайыздың нарықтық нормасы арқылы инвестициялық шығындарды анықтайтын теория. Бұл теорияның негізгі алғышарты болып жетілген бәсекелестік нарығының қажеттілігі.Теорияға сәйкес, капитал - сол уақытқа дисконтталған болашақ табыстар.
Шаруашылық субъекттердің инвестициялық қылығының неоклассикалық теориясы қолданғалы отырған капиталдың оптималды көлемін өндіріс көлемі, өнім бағасы мен шығындарға тәуелділігімен анықтайды. Егер фирманың таза құны, капиталды қолдану шығындары белгілі болса, онда капиталдың икемділік коэффициенті, өндіріс көлемі мен баға индексін есепке алып, капиталдың оптималды көлемін анықтауға болады.
Неоклассикалық инвестициялық теория фирма құнына негізделген. Фирманың құны – кәсіпкер максимизациялайтын алғашқы уақытта дисконтталған кәсіпорынның болашақ шығындары.
Әрбір инвестициялық функцияның артықшылығын дәлелдеу үшін көптеген зерттеулер жүргізілді. Бірақ уақыт өткен сайын нарық шарттары өзгереді, көптеген статистикалық мәліметтер жиналады, осы өзгерістерді инвестициялық функцияның жаңа түрлерінде есеру қажет. Бұл облыстағы зерттеулерді аяқталды деп санауға болмайды.
4-тақырып.Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты мен міндеттері. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеудің нысандары.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.
Мемлекеттік инвестициялық саясат – бұл елдің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуын мақсат ететін биліктің барлық деңгейлерімен жүргізетін әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Мемлекеттің реттеудің негізгі міндеті – инвесторларға капиталды тиімді орналастырудың барлық түрлерімен қамтамасыз ету.
Инвестициялық қызметті мемлекеттік тұрғыдан басқару келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
1 Тиімді инвестициялық қызмет арқасында елдің жоғары экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
2 Инвестициялық қызметтен түсетін мемлекеттік пайданы максисизациялауды қамтамасыз ету;
3 Инвестициялық тәуекелділікті азайтуды қамтамасыз ету;
4 Инвестициялық бағдарламаларды жылдамдату жолдарын іздеу;
Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудің нысандары мен әдістері.
Мемлекет инвестициялық қызметті реттеу мақсатында ең қол жетімді және тиімді реттеуші қолданады. Ол – құқық. Яғни, елдегі инвестициялық қызметті реттеудің заңды нысаны болып қаржы-құқықтық акттер болып табылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты келесі нысандарды жүргізіледі:
- мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар (өндіріс саласында мемлекеттің инвестициялауы, ғылым, білім және т.б.);
- мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;
- салық салудың дифференцияланған салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерінің жүйесі. Елдің экономикасына жеке және шетел инвестицияларды тарту үшін салық салудың жеңілдікті механизмдері қолданылады;
- қаржылы көмек ретінде жеке территориялар, салалар, өндіріс дамуына дотациялар, субсидиялар, субвенциялар, бюджеттік ссудалар және гаранттар беру. Мұндай қаражаттар тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге, білім сферасы, шағын және орта бизнеске берілуі керек.
- ақша-несиелік саясат, баға құрылу саясат және амортизациялық саясаттар жүргізу;
- инвестициялық үрдіске қажетті нарықтық инфрақұрылымның дамуы;
- бағалы қағаздар нарығын реттеу.
Ел аумағында инвесторлардың қызметін реттеу үшін мемлекет келесі әдістерді қолданады:
- мемлекеттік нормалардың сақталуын, инвестициялық қызметтің жеке түрлерінің міндетті лицензиялау ережесінің орындалуын бақылау;
- антимонопольдық әдістемелер, мемлекеттік меншіктің жекешелендірілуі, сонымен қатар аяқталмаған құрылысты да;
- инвестициялық жобалардың сараптамасы.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.
Қазақстан шетел капиталын тарту стратегиялық міндет ретінде екенін хабарлап, әлемдік шаруашылық пен ашық экономикаға көшу жолында қажетті іс-шаралар ұйымдастыруда.
«Шетел инвестициялары туралы», «Тікелей инвестицияларды мемлекетттік қолдау туралы» заңдары қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Нурсұлтан Назарбаев 1997 ж. «Тікелей және шетел инвестицияларын тартудағы Қазақстан Республикасының экономикасының приоритетті секторларының тізімін бекітілуі туралы» және «Инвесторлармен келісімшарт жасаған кездегі жеңілдіктер мен преференциялардың жүйесі мен оларды белгілеудің тәртібі туралы» Жарлықтар шығарды.
1997 ж. инвестициялық қатынастарды ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық реттеудің құқықтық-нормативтік актілердің пакеті «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен келісімдерді тіркеу туралы» заңдармен толықтырылды.
Сонымен қатар, инвестицияларды қорғаудың көптеген үкімет аралық келісімдері жасалды.
Жалпы, шетел инвестициялады тарту мен қорғаудың үрдісі қазіргі кезде 20-дан аса заңнамалық және нормативті құқықтық актілермен реттеледі.
Оларға сәйкес, Қазақстанда шетел инвестициялары рұқсат етілген ұйымдастыру-құқықтық нысанда әр объект пен әр қызмет түріне салынуы мүмкін, сонымен қатар, толықтай шетел инвесторлардың иелігіндегі шетел фирмалардың құрылуы, олардың филиалдары мен бөлімшелері, немесе біріккен кәсіпорындар рұқсат етіледі.
Шетел инвесторларына өз қызметінен түскен табысын өз еркімен пайдалануына кепілдік беріледі, Мысалы, тауарлар сатып алу немесе басқа мақсаттар үшін.
Елдің экономикасына ірі масштабты инвестицияларды тарту керектігін есекере отырып, Президент жарлығымен біріккен құзыретті орган – Инвестициялар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті құрылды.
Республикада экономиканың тиімді секторларына тікелей инвестицияларды тарту жөнінде белгілі жарнамалық жұмыстар жасалуда.
Жасалып жатқан ұйымдастыру шаралары, қабылданып жатқан заңнамалық әдістер қазақстандық экономикаға шетел инвестициялардың ағымын әкелді. Оған бүгінде 40-қа жуық ел өз қаржы ресурстарын салып жатыр. Сонымен бірге, мемлекет тікелей инвесицияларды тарту жөніндегі мәселе айрықша қарас тырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |