КӘсіпорынның инвестициялық Қызметі


-тақырып. Инвестициялық нарық: мәні және жұмыс істеу механизмі



бет4/7
Дата20.07.2016
өлшемі0.91 Mb.
#211575
1   2   3   4   5   6   7

5-тақырып. Инвестициялық нарық: мәні және жұмыс істеу механизмі
«Инвестициялық нарық» ұғымының мәні. Инвестициялық нарықтың негізгі қызметі.

Негізгі белгілері бойынша инвестициялық нарықтың түрлері. Жеке түрлерге бөлгендегі инвестициялық нарықтың құрамы.

Инвестициялық нарықтың қатысушылары және олардың қызметі. Инвестициялық нарықтың негізгі қаржылық құралдарының сипаттамасы.

Инвестициялық нарықтың жұмыс істеу механизмінің қалыптасуының негізгі принциптері.

«Нарық тиімділігі» ұғымының мәні.

Нарық конъюнктурасының түсінігі және оны зерттеудің принциптері.

Инвестициялық нарық конъюнктурасын талдау әдістері. Доу теориясы. Элиоттың жігер теориясы. Жылжымалы орташа теориясы.

Инвестициялық нарықтың маңызы және атқаратын қызметтері.

Инвестициялық нарық – бұл қаржылық құралдардың жабдықтаушылары мен тұтынушыларынының арасында келісім жасауға мүмкіндік беретін механизм.

Инвестициялық нарықты келесі элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады:

- инвестициялық жобалар нарығы;

- құрылыс материалды – техникалық ресурстар нарығы;

- құрылыстағы еңбек ресурстар нарығы;

- қор нарығы ( бағалы қағаздар нарығы);

- қаржылық – несиелік инвестициялық ресурстардың нарығы.

Нарық келесі қызметтерді атқарады:

- реттеуші ( капитал айналымын реттейді);

- бақылаушы (өндірілген өнімнің қоғамдық маңыздылығын анықтайды және оны өндіруге кеткен еңбекті анықтайды);

- бөлуші (экономиканың баланстылығын қамтамасыз ететін қажетті қайта өндіру пропорциясын бекітеді);

- ынталандырушы ( инвестициялық шығындарды азайтуға, жаңа техниканы және технологияны қолдануға ынталандыру);

- ақпараттық ( шаруашылық сферадағы жағдай туралы ақпарат береді);

- тазартушылық ( қоғамдық өнімді экономикалық әлсіз, бәсекеге қабілетсіз шаруашылық бірліктерден тазарту).

Инвестициялық нарықтың негізгі қызметі – заңды және жеке тұлғалардың салымдарын инвестицияға айналдыру.

Инвестициялық нарықтың негізгі белгілері бойынша топшалау.

Кең көлемді қауымға жаңа бағалы қағаздарды алғаш рет ұсынатын нарық алғашқы (бастапқы, бірінші ретті) деп аталады.

Бірінші рет сатылған кейін қайтадан сатылатын нарықты екінші ретті нарық деп аталады.

Топашалаудың тағы да бір белгісі қаржылық активтердің айналым мерзіміне байланысты қор нарықтарын бөледі. Қысқамерзімді қарыз капитал нарығы немесе бір жылға дейінгі қаржы активтерін ескеретін ақша нарығы. Өзге де активтер ұзақмерзімді қарыз капиталында немесе капитал наығында айналатын. Осылайша, қазынашылық вексельдер мен қазынашылық облигациялар сәйкесінше қор нарығының қысқамерзімді және ұзақмерзімді нарықтарында айналады.

Инвестициялық нарықтың қатысушылары және олардың қызметтері

Инвестициялық нарықтың негізгі қатысушылары – мемлекет, компаниялар және жеке тұлғалар, сонымен қатар осы қатысушылардыі әрқайсысы инвестициялық үрдістің сұраныс жағында және ұсыныс жағында бола алады.

Инвестициялық нарықтың қаржылық құралдарының негізгі сипаттамалары және түрлері

Жеке (дара) инвесторға әртүрлі қаржылық құралдар қол жетерлік болады. Олардың бірі – бағалы қағаздар болады, екіншісі – болмайды. Бағалы қағаздардың түрлері өте көп, және оның әрқайсысының қызмет ету мерзімі, бағасы, табыстылық және тәукелділік деңгейі, өзінің салық салу шарты болады. Осыған мүлік салымы да жатады. Бұл сұрақта қаржылық құралдарыдың негізгі типтері ең жалпы түрде және ең қысқа сипаттаумен қарастырылған: қысқамерзімді құралдар, жай акциялар, бағалы қағаздар нақты табыстылығымен, спекулятивті қаржылық құралдар және басқа кең таралған түрлер.

Қысқамерзімді құралдар – бұл бір жылғы немесе бір жылға дейінгі жинақтаушы құралдыр.

Жай акция – бұл бір бөлігіне иеленушілік құқықты беретін акционерлік капиталға салым құралы.

Облигация – бұл корпорацияның және үкіметтің борыштық құжаты.

Жай акциялар сияқты, артықшылықты акциялар корпорацияның капитал бөлігіне иелегуге құқықы береді.

Айналатын бағалы қағаздар – бұл нақты табыстылығы белгіленген бағалы қағаздардың ерекше түрі, ол бойынша инвестор сол эмитенттің белгілі бір жай акциялар санына ауыстыруға рұқсат алады.

Спекулятивті инвестициялық құралдар жалпы жоғарғы тәуекелділікпен сипатталады.

Инвесторға сатып алу құқығын немесе керісінше, басқа бағалы қағазды бекітілген мерзім шегінде анықталған курс бойынша сату құқығын беретін бағалы қағазды опцион дейміз.

Сонымен , спекулятивті қаржылық құралдардың тағы бір тобы – бұл тауарлық және қаржылық фьючерстер және нақты активтер.

Инвестор сонымен қатар басқа да қаржылық құралдармен қолданады. Оларға екі жақты қордың акциялары, мүлік, салық жеңілдіктерін беретін бағалы қағаздар, жауапкершілігі шектелген компаниялардың капиталына салымдар.

«Нарық тиімділігі» түсінігінің маңызы

Тиімді (оңтайлы) нарық (efficient market) келесі түрде анықталуы мүмкін: абсолютті тиімді нарық – бұл бағалы қағаздың бағасы әрдайым оның инвестициялық құнына тең болатын нарық.

Басқаша айтқанда, бұл нарықта бағалы қағаз әр уақытта өзінің әділетті құны бойынша сатылады. Осылайша, дұрыс емес баға бойынша сатылатын бағалы қағазды табу мүмкін емес.Тиімді нарықта ақпараттық баршылық неғұрлым толық және жаңа ақпарат лезде (тез, шапшаң) нарық бағаларында өз көрінісін табады.

Тиімді нарықта қайсыбір жаңа ақпарат шапшаң жіне толық курста айқындалады. Абсолютті тиімді нарықта курстың өзгеруі кездйсоқ емес.

Қаржы нарығының конъюнктурасын зерттеудің қағидалары

Экономикалық конъюнктура интегралды көрсеткіш ретінде нарық ортасынының жағдайын және күйін сипаттайды, факторлар санының маңыздылығына байланысты және тауар немесе қызметті сату және сатып алу құқығы бойынша араласу және коммуникация үрдісіне тартылған әрбір тұлғаның экономикалық жағдайына әсерін тигізеді.

Экономикалық конъюнктураның дәстүрлі әдісі жалпы түрде экономикалық индикаторларға негізделген.

Экономикалық индикаторлардың негізгі кемшілігіне келесілерді жатқызуға болады: «жалған дабылдардың» көп көлемде болуы; әртүрлі индикаторлардың динамикасында мағынасыздығы; экономикада жоспарланған және зерттелген өзгерістердің сандық бағаларының қиындығы.

Доу теориясы. Элиоттың толқындар теориясы. Орташа жылжымалы теориясы.

Доу теориясы – бұл техникалық анализдің концепциясы, нарық динамикасы ұзақмерзімді Доу Джонс орташа тренді өндіріс компаниялар курстары үшін, оны транспорттық компаниялардың орташа динамикасы белгілейді.

Доу теориясы келесіге негізделген, ең негізгі параметр – акциялар жиынтығының курс тренді. Бұл теория Чарлз Доу құрметіне Доу теориясы деп аталды, «Доу Джонс» теориясы «бұқалар» және «аюлар» нарықтарының аяқталу стадиясын белгілейтін дабылдарды іздеуге бағытталған . тағы да айтатыт нбір жайт, ол бұл теория түбегейлі бетбұрыс уақытын көрсетпейді. Ол жалпы түрде ұзақмерзімді тренд нарық динамикасына айқындалады, ол тек қана күнделікті өзгерістер мен екінші ретті үрдістерді көрсетеді. Нарық жағадайын анықтау үшін Доу Джонстың өндірісітік және транспорттық орташала қолданылады. Осыдан кейін, бастапқы тренд ( Доу ДЖонс өндірісітік базасының орташасы) нарық динамикасы қалыптасқан күйде өзгереді. Бұл кезең бекітуші болып табылады және ол концепцияның негізін құрайды: нарықтағы екінші ретті немесе екінші деңгейлі өзгерістер қайталанады немесе транспорттық орташада бекітіледі.

Доу Джонс теориясына сәйкес, екінші ретті толқулар ( шапшаң қысқамерзімді өзгерістер қисығы Доу Джонс өндірістік және транспорттық орташалар динамикада көрініс табады); алайда алғашқы трендтің қисығы өндірісітік орташаның қисығын көрсетеді.

Осылайша «бұқалар» нарығы бектітілу нүктесінде аяқталады – екі орташа төмендейді. Доу концепциясының ең осал жері өзгерістердің алдын алу қабілетсіздігі болып табылады.Осылайша, ол инвесторға бастапқы трендтің қаншаға созылатыны беймәлім.

Есептелген мәлімет t нүктесінен кейін бір уақыт кезеңіне болжам жасалады. Келесі анализ екі қисықты салыстыру арқылы жасалады: нақты шығу мәліметтер графигі, «аюлық» тренд бойынша – жоғары. Бағытталықтың өзгерісі шығу мәліметтер және жылжымалы орташа графиктің қиылысуынан болады.


6-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Кәсіпорындағы инвестициялық стратегияның мәні және оның дамуындағы ролі. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының принциптері мен кезеңдері. Инвестициялық стратегияның жоспарлы әдістері.

Инвестициялық стратегияның жоспары. Стратегиялық бағыттардың негіздемесі және инвестициялық қимылдың нысандары.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің жоспарлы мониторингі.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының мәні мен принциптері.

Қандай да бір мақсатқа жету үшін, инвестициялық процесс те басқаруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты инвестициялық процесс инвестициялық процестің негізінде құрылады және әртүрлі қаржы экономикалық әдістерді қолдануды жоспарлайды.

Инвестициялық стратегияның институционалды аспекті өзі үшін келесі негізгі бөлімдерден құралады: инвестициялардың түрлері, инвестициялық портфель және тәуекел.

Экономикалық аспект бұл инвестициялық стратегиялардағы экономикалық бөлімдердің жиынтығы, оларға жататындар: инвестициялық стратегия жүйесінің экономикалық жүйесін бағалау, басқару, инвестициялық процесті қаржыландыру.

Инвестициялық стратегияның ақпаратты аналитикалық аспектісі ақпаратты жөндеу жүйесін (АЖЖ) құрайды, ол келесі элементтерден тұрады: ақпаратты сұрыптау мен жүйелілік жиынтығы, ақпаратты сақтау жүйесінен, іздеу жүйесінен, ақпараттық анализ жүйесінен тұрады. АЖЖ инвестициялық корпорация стратегиясы ішіндегі ақпаратты оперативті базисі болады, ол заңды негіздерге және фискалды орталарда болып жатқан өзгерістерге оперативті түрде көңіл бөлінеді, нарықтағы экономикалық перспективті болжауды институционалдық аспектегі шекті өзгерістерді жоспарлау және инвестициялық стратегияның негізгі экономикалық аспектісін түзетеді.

Осылайша, инвестициялық стратегия бұл жоғары интеграцияланған тұтас, түрлі аспектерден құралатын, корпорацияның негізгі мақсатына жеткізетін жүйе болып табылады.
7-тақырып. Инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері
Проектті әдістердің бағалануы. Инвесстицияларды бағалаудың тиімді әдістері, өзіне дисконттауды қоспайды. Ағымдағы әдістердің құны мен ішкі пайданың нормасының салыстырылуы. Әлеуметтік жобаның құны. Лизинг пен инновацияның тиімді құндылықтары. Тәуекелділік факторлардың есебі және инвестициялық өткізудің айқынсыздығы. Операциондық левередж бен тәуекел. Жобалық тәуекелдің құны. Портфелдің ішіндегі тәуекел. Инвестициялық жобалардың мүмкіншілік анализі. Инвестициялық тиімділіктің салық пен амортизация әсері.

Инвестициялық кезіндегі инвестицияның тиімді бағалануы. Инвестициялық жобалардың бағалану әдістері. Инвестицияны тарту, қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру, кәсіпкерліктің дамуы – кез-келген мемлекет үшін өзекті сұрақтар болып табылады. Елдің экономикасына инвестицияны тарту және оны қолдану қазіргі үрдістердің жаһандануының анықтаушы сипаттамасы болып саналады. Тұтастай, Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. «Институциональный инвестор» журналы жүргізген зерттеулер бойынша, әлемнің 135 мемлекеті ішінде инвестициялық имидждің жақсару қарқындылығы бойынша Қазақстан Республикасы 5 көшбасшы елдің қатарына енеді. Жоғары инвестициялық тартымдылықты сонымен бірге маманданған халықаралық қаржылық басылымдар құптайды Экономикалық тиімділіктің бағалануы инвестициялық жобаның жауапты кезеңі болып табылады. Ол бөлшекті анализ бен интегралды бағалаудың бүкіл технико экономикалық және қаржы ақпараттарын қосады. Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

Инвестициялық жобалардың салыстырылуында негізделген. Осыған орай, альтернативті салымдардағы ұаражаттар ұаралып отырған жобаларда қаржы салымдары басқа өндірістің объектісі ретінде шығып, банктің пайыздық салымының немесе оның бағалы қағазға орналастырылады.

Кәсіпорынның тұрғысынан инвестициялық жобаның өткізілуі бір бірімен тығыз байланысты процесстерден тұрады:

- өндірістік объектті құрып оған салымдарды салу;

- салынған қаржыдан пайда алу.

Осы екі процесстің бірінен кейін бірі жылжиды немесе кей уақытта параллель болуы мүмкін. Екі процессті бөлу кезінде әртүрлі уақытта интенсивті болады, ол инвестициялық салымдардың тиімдң дәрежесін анықтайды.

Дисконттаудың мөлшерлемесі нарықтық экономикада қолданылады, көбіне ол шаруашылық конъюнктураға тәуелді, елдің экономикалық перспективті дамуына тәуекелділік факторы болып табылады, ол жобаға салынған қаржыларды жоғалту дәрежесін көрсетеді.

Осы қойылған міндеттердің шешуінің басқа әдісі, ол анализдің сенімділігі немес инвестициялық жобалардың тұрақтылығының сыртқы факторлардың осы жобаның парамертлерімен өзгеруі. Сыртқы факторларға: келешектегі инфляцияның дәрежесін, сұраныс пен бағаның жобаланып шығарылған өндірісінің өзгеруі, шикізат пен материал бағаларының өзгерулері, несие мөлшерлемесінің пайыздық өзгеруі, салықтық мөлшерлемелер және т.б. жатады.

Ішкі жобалардың параметрлеріне жататын: мерзім мен құрылыс құнының өзгеруі, өндірілген өнімді меңгеру, шикізат пен материалдың түрлі сұраныстары және т.б.

Ұлттық және шетел тәжірибесінің әдістері мен критерилері көрсеткендей, инвестициялық саясаттың ауданында сол есептеменің негізі болып табылады. Қандай да бір әмбебап критеилері мен әдістері жоқ. Инвестициялық істің анализінде қолданылатын критеилерді екі топқа бөлуге болады:

- дисконттық бағалауға негізделген;

- есептік бағалауға негізделген.

Операциондық левередж бен тәуекел.

Өткізілген өнімнен түскен табыс пен пайданы операциондық левередж деп атаймыз және өткізілген өнімнен түскен табыстың төмен болғанда тәуекелді мінездейді.

Өткізудің рентабельділігі неғұрлым жоғары болса, тәуекелдің дәрежесі соғұрлым төмен болады.

Операциялық левередждің дәрежесі екі фактордың есептемесінің өнімді өткізуден түскен табыс бағаның түсуінің есептемесіне жақыын болады, өйткені осы фактор сандық көлемнің бағалық деңгейінен жоғары болады.

Осылайша, операциондық левередждің өлшенуі мен бағалануы өткізілген өнімнің әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады, ол факторлар: тек бағаның төмендеуі нәтижесінде, сатылған өнімнің нақты көлемінің нәтижесінде немесе осы екі фактордың әсерінен болады. Осыларды біле түра тәуекелділіктің дәрежесін реттеуге мүмкіншілік туады.

Инвестициялық тиімділікке амортизация мен салықтың әсер етуі.

Бүгінгі күні капиталдың көбеюіне тиімді ақшаның салынуы шетел инвестициялары болып табылады.

Бірақ негізгі салымдарды ішкі ресурстардың дамуына салу қажет, осының бірі амортизация болып табылады.

Амортизация негізгі құралдардың бір бөлігін өнімді өндіруге кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі құралдардың тозуын ақшалай бөлу. Амортизациялық аударымдар аударылған құнның ақшалай көрінісі және белгіленген амортизациялық нормалары бойынша өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Амортизациялық аударымдардың мөлшері төрт тәсіл арқылы анықталады:

- қалыпты тәсіл;

- бірқалыпсыз тәсіл;

- құнды тиімді пайдалану тәсілі;

- құнды өнім тәсілі.

Амортизациялық аударымдарды негізгі капиталдан апаттан жапа шеккендерге төленеді.

Инвестициялық шешімдерді қабылдаудағы инфляциялық факторы.

Инфляция – бұл айналымда болған ақшаның құнсыздануы, сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Осылайша, ақшалық жобаларды номиналды немесе нақты деп бөлуге болады.

Активтердің құнының шамасы олардың нақты немесе номиналды бағалануының көлеміне тәуелді болады, егер әрбір жағдайда дисконттау мөлшерлемесі қолданылады. Егер нақты ақша қаражаттары қолданылған жағдайда, дисконттау ставкасы нақты немесе керісінше болуы керек. Осы ережелердің , бұзылуы инвестициялық жобалардың бағалануында қателік көздері болып табылады.
8-тақырып. Инвестициялық жобаларды басқару
Кәсіпорынның нақты инвестицияларының ерекшеліктері. Жобаның қатысушылары. Инвестициялық жобаның өмірлік цикліндегі бақылау кезеңдері. Жобаның бастапқы фазасы. Жобалық әзірлеудің құжаттамасы. Инвестициялық жобалардың өткізуді басқару. Жобаны жоспарлау. Жобаны басқарудың ұйымдастырылуы. Жобаны реттеу мен бақылау. Жобаның сапалылығы.

Инвестициялық жобалардың түрлері мен мәні.

Кәсіпорындар үшін инвестициялық жобаларды қандай қаражат көздері арқылы қаржыландыру және оларды қалай жүзеге асыру мәселесі өте маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда кәсіпорындардың инвестициялық әлеуеті меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қалыптасады.

Егер Қазақстандағы кәсіпорындардың өздерінінің өндірістік деңгейін дамыту мақсатында инвестициялық жобаларын қаржыландыру құрылымына көз жүгіртер болсақ, онда тартылған қаражаттардың жыл санап басым үлес алып, өзінің маңыздылығын көрсетіп келе жатқандығын байқауға болады.

Кәсіпорындар инвестициялық объектілер бола отырып, түрлі бағыттарда дамуы мүмкін біреуі қандай да бір жаңа қнімді әзірлеуге бел буса, тағы да біреулері жаңа технологиялық жабдықтарды сатып алып, соның арқасында өндірістегі кемшіліктерді жоя отырып, үшіншілері өнімді өткізудің жаңа құрылымын және тұтынушыларды қолдау орталығын құрумен әлек болады. Кәсіпорындардың әр түрлі мақсаттарына қарамастан олардың барлығының міндеті инвестициялық жобаға сұраныс болып табылады.

Осылайша, инвестициялық жоба ол ең алдымен, бұл жоспарлы комплекстің өткізілуі, өзіне жобалауды, құрастыруды, технологияларды сатып алуды кадрларды даярлауды және т.б. қосады.

Инвестициялық жобалардың көлемі, міндеттелген бағытталуы және инвестициялық циклдің мазмұны және салынған салымдардың тиімді қолданылуымен ерекшелейді.

Инвестициялық жобаның көлемі келесі ішкі нарықтардың әсер етуімен анықталады: қаржы нарығы, материалдардың өнім нарығы, қызмет, еңбек, экологиялық және әлеуметтік жағдайлар.

Глобалды жобалар, олар экономикалық әлеуметтік және экологиялық өтімділікке әсер етеді. Үлкен көлемді жобалар, ол тек ел ішіндегі экономикалық және экологиялық жағдайларға әсер етеді, бірақ аса мәнді өзгерістерді көрсетпейді.

Локалды жобалар, осы жобалар экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларға мүлдем әсер етпейді.

Инвестициялық жобалардың қаржылық нысандары

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру бір жағынан инвестициялық динамиканы қамтамасыз етсе, басқа жағынан шығындардың тқмендеуі мен тәуекелділіктің құрылымын қамтамасыз етуі керек.

Жобаларды қаржыландыру негізінде бірнеше кезеңдерден тұрады.біріншісі инвесторларға жобаны алдын ала кқрсету, осы жобаның өмірлік анализі алдын ала жасалады. Екіншісі, өткізілген жобаға жоспарлы әзірлеме жасау, осында барлық көрсеткіштер мен тәуекелділіктер бағаланып, экономикалық, әлеуметтік мүмкіншілікті анализдердің дамуы, әрі қарай жобаларды қаржыландыру объектілері мен оны өткізудің жоспарлы шығындары қаралады.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде, ең алдымен оны өткізу мен әзірлеуге қаншама шығынның жұмсалуы анықталады. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру түрлі нысандары мен әдістері бойынша жүзеге асырылады. Ең таралғандары:

- акционерлік инвестициялар, ақша салымдарын акцияларды сатудан түскен пайдасы:

- бюджеттік инвестиция, тікелей субсидиялаудан инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуы.

Инвестициялық қаржыландыру лизинг түрінде, оны ұзақ мерзімге жалға алу арқасында

Ұзақ мерзімді қаржыландырулар, олар банк арқылы жүзеге асырылады, ипотека жылжымалы мүліктерді кепілге салу шарты бойынша, оның негізгі мақсаты қаржылық несие және т.б.

Осы нысандардың әрбіреуі өзіне тән артықшылықтар мен кемшіліктерге толы.

Инвестициялық жобаларды тиімді, жүйелік көрсеткіштері

Көрсеткіштердің жинақталуы келесі мінездемелерге толы:

- жиынтық құны;

- өткізудің мерзімі;

- қатысушылар саны.

Осы мінездемелердің әрбіреуі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп көрсеткіштердің есебінен инвестициялауы бойынша шешім қабылданады.

Проекттің рентабелділігі. Рентабелділік көрсеткіші немесе инвестициялық жобаның табысты индексі инвестициялық шығындар уақытының инвестициялау мерзімділігіне, қоршаған ортаны қорғауға, кадрлардың қауіпсіздігі және т.б. бола алады. Нысандалмаған критеилерге: бәсекелес компанияларды нарықтан шығарылуы, саяси мотивтер жатады.


9-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын басқару
Инвестициялық қаржылардың нысандары мен оларды басқару саясаты. Инвестор мен эмитенттер. Бөлшектік және борыштық бағалы қағаздар. Инвестициялық қаржы құралдарын анықтайтын факторлар. Қазіргі портфелді теорияның қалыптасуы. әсерлі және оптималды портфелдер. Портфелдің табысы мен тәуекелділігі. Портфелдің диверсификациясы. Тәуекелді активтердің ішінен портфелді таңдау. Инвестициялық құрылуы мен принциптері. Қаржы ресурстарының инвестициялану тәуекелділігі. Міндеттемелердің жіктемесі. Активті және пассивті принциптерді бақылау.

Портфел- бұл инвестициялық құралдардың жиынтығын бір мақсатқа жеткізу ге арналған.

Портфелге акциялар мен ұзақ мерзімді міндеттемелерді қосу арқылы портфелді басқаруға болады. Портфелді басқару оның балансталған негіздемесінде құрылған. Осы концепцияларға сүйене отырып, басқарушылар портфелге түрлі қаржы инструменттерін қосады.

Инвестициялық портфелдің оптималды әсерінің түсінігі.

Инвестициялаудың негізгі мақсаты бұл оптималды және әсерлі портфелді құру. Бірақ мұндай портфелді құру қиынға соғады, сондықтан инвестор тәуекелділік пен табысты құрамдастырудың ең тиімді жолын іздеуі тиіс. Егер де инвесторда екі бірдей активтердің тәуекелі бірдей болып, бірақ табыстылығы әртүрлі болған жағдайларға, ол табыстылығы жоғары құралды та:дауы керек. Табыстылығы бірдей, бірақ тәуекелділік дәрежесі әртүрлі болған жағдайда, әрине инвестициялық тәуекелділіктің төмен құралын таңдайды.

Инвестицияның экономикалық тиімділікті корпоративті инвестициялық істің нәтижесі ретінде көрсетуге болады. Жалпы экономикалық тиімділік абсолютті мөлшерлемемен негізделеді, ал табыс шығындарға да айналуы мүмкін. Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады

Инвестициялық процесте инвестициялаудың көп нұсқаулары болып отырады. Сондықтан, инвестициялау процесінде тек болжанған табыстың дәрежесімен ғана жүзеге асырылуы керек.

Инвестициялық портфелдің құрылу принциптері

Портфелді саясатты анықтауда инвестордың қаржылық және жанұялық жағдайы ескеріледі. Онда келесі кезеңдер өте маңызды болып табылады:

- табыстың дәрежесі мен тұрақтылығы;

- жанұялық және жеке табыстылық міндеттері;

- меншікті капитал;

- инвестордың тәжірибесі мен жасы;

- инвестициялық тәуекелге деген қарым қатынас.

Инвесторлардың еңбек ақысы мен оның тұрақтылығы инвестициялық стратегияны таңдағанда әсер етеді. Инвестор тұрақты жұмысқа ие болғанда, ол неғұрлым тәуекелділігі жоғары жобаға талпынып, осы жағдайға салық төлеудің табысын да ескеру қажет. Инвестордың табысы неғұрлым жоғары болса, салыққа да соғұрлым пайыздық мөлшерлемесі өседі.

Инвестор өзіне тән қаржы қабілеттіліктерін анықтағаннан кейін, оның келесі сұрағы: «мен өзімнің инвестициялық портфелімнен не күтіп отыруым керек?»

Осы сұрақтың жауабы өте жеңіл болып көрінеді, өйткені бәріміз тәуекелділіктің төмен салымдарын таңдап, жылдан жылға өз қаржымыздың көбеюін күтеміз. Бірақ бәсекенің жоғары деңгейі осы нәтижелерге бөгет ьолып отырады.

Портфелді басқару үшін, ең алдымен оны жақсылап талдағаннан кейін, инвестицияға деген сұранысының нәтижелерін қамтуы тиіс. Портфелді құру үшін алдымен келесі шарттарға көңіл бөлінуі тиіс:

- ағымдағы табыс дәрежесі;

- капиталдың сақталуы;

- капиалдың өсуі;

- салық аспектілері;

- тәуекел.

Осы факторлардың әрбіреуі портфелдің типін анықталуында қажетті ролді атқарады. Алдыңғы екі фактордың ағымдағы табыс дәрежесі мен капиталдың сақталуы бұл портфелдің мақсаттары, олар инвестициялық стратегияның тәуекелділігінің төмендігін қамтамасыз етеді. Капиталдың өсуі үшінші факторда тәуекелділіктің ұлғаюы мен ағымдағы табыстан бас тартуы болады. Осындай инвесторға тәуекелділіктің ұлғаюы мен ағымдағы табыстан бас тартуы болады. Осындай инвесторға тәуекелділігі жоғары акциялардың, акциондардың, тауарлы қаржылық фьючерстері, алтынның және т.б. активтердің жоғарылауы сәйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет