2. Негізгі өндірістік қорларды құрылуы мен оларды пайдалану
НӨҚ-ң мәні мен сыныптамасы
Негізгі өндірістік қорлар – тұрақты түрде ұзақ уақыт аралығында қызмет ететін,
өзінің құнын дайын өнімнің құнына тозуына қарай аударатын еңбек құралдары.
НӨҚ келесі
белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс процесіне НӨҚ-ң қатысу дәрежесі мен олардың ролі;
2) негізгі қорлардың құрамынан өнімнің өндірісі мен
өткізілімінің техникалық
базасын құрайтын негізгі өндірістік қорлар және өнеркәсіптік емес негізгі қорлар
бөлінеді.
НӨҚ тағайындалған және орындалатын функцияларына
қарай бірнеше топқа
бөлінеді:
–
ғимараттар (өндірістік, қызметтік);
–
құрылыстар (көпірлер, эстакадалар, жер астындағы жолдар);
–
көшпелі құрылғылар (трубопроводтар, конвейерлер);
–
көлік құралдары (электровоздар, автокарлар, автомобильдер);
–
құралдар (өлшеуіш, кескіш, мөртаңбалар);
–
айлабұйымдар
(верстактар,
жұмыс
үстелдері,
құрастырылған
айлабұйымдар);
–
басқадай НӨҚ.
Өндіріс көлеміне
әсері мен ролі бойынша НӨҚ активті (ғимараттар мен
құрылыстардан басқалары) және
пассивті (ғимараттар мен құрылыстар) түрлерге
бөлінеді. Егер НӨҚ-ң активті бөлігінің мөлшері өнімнің қор сиымдылығына (Қс
ө
) және
өндіріс көлеміне (Ө) тәуелді болса, онда:
Достарыңызбен бөлісу: