К—материал бірлігінің бағасы;
Z— қоймалау бойынша шығындар, ағымдағы запастың орташа жылдық құнынан %
түрінде алынады (ондық бөлшек түрінде жазылады).
Оңтайландыру критерийі болып жиынтық шығындарды минимизациялау табылады.
Кепілдіктік (сақтандыру) запас бұрынғы жеткізушінің өндірісі тоқтап қалған
жағдайда жаңа жеткізушіні іздеуімен және тасымалдаудың есебімен құрылады. Әдетте
кепілдіктік запастың мөлшері ағымдағы запастың ½
бөлігін құрайды, бірақ жеке
шарттарға орай ағымдағы запастың 30-дан 100% дейін аралығында ауытқуы мүмкін.
Дайындық (технологиялық) запастың көлемі материалдық ресурстардың орташа
тәуліктік тұтынуына және оларды өндіріске дайындау уақытына тәуелді.
Мұндай запас
өндіріске жіберуге дейін материалдарды алдын ала өндеу (сорттау, партияларды құрау
және т.б.) қажет болған жағдайда құрылады. Дайындық запастың мөлшерін запастың
күндік нормасының материалдың бір күндік шығысына
қатынасы ретінде анықтауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: