«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар


Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі



бет12/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

5. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі
Курстық жұмыс талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 2-3 оқытушысынан құрылған комиссия алдында өтеді. Қорғауға топ студенттері қатыса алады.
Курстық жұмысты қорғауға студент ұқыпты дайындалуы тиіс: баяндама тезистерін дайындау, көрнекі материалдарды дайындау (кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б.); жеке парақта курстық жұмыста баяндалған және белгілі теориялық, тәжірибелік маңыздылыққа ие жекелеген ережелерді сипаттап, сын пікірмен танысып, сол пікірдегі кемшіліктерге жауаптар дайындайды.
Оқытушылар алдында курстық жұмысты қорғау студенттің курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын аргументтеуден тұрады. Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады.
Қойылған сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы абзал.
Курстық жұмысты ғылыми жетекші мен кафедра комиссиясы балды-рейтингтік әріпті жүйе бойынша бағалайды.
Курстық жұмыстың бағалануына мына критериялары негіз болып табылады:

              1. Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі;

              2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі;

              3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;

              4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеу әдістерін таңдаудың негізділігі;

              5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі;

              6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің жаңа болуы;

              7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы;

              8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық;

              9. Рәсімделу сапасы;

              10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал);

              11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың толықтығы.

Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет