«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар


Курстықық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады



бет8/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

Курстықық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім.
Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. Аталмыш бөлім мәселенің ғылыми-әдістемелік теориялық негіздері, тәжірибе мәліметтері, тұжырым және оны негіздеуін сипаттайтын тараудан құралады. Курстық жұмыстың бөлімі екі немесе үш тараудан құралып, олардың әрбірі екі немесе үш параграфтан түзіліп атаулары жазылады. Курстық жұмысты жазу барысында аталмыш мәселе бойынша әрекет етуші көзқарастарды баяндап қана қоймай, сондай-ақ, өзінің негіздемелі пікірін баяндауға ұмтылуы қажет. Курстық жұмыста бекітілген жоспарға сәйкес қарастырылатын мәселелердің байланысы мен қисыны орын алады.
Негізгі бөлім материалын баяндау қисыны мынадай болуы мүмкін:
Бірінші бөлімде зерттелетін мәселенің теориялық негіздері қарастырылады, анықтамалар келтіріліп, негізгі түсініктерге талдау жасалады, зерттелетін құбылысты дамытудың негізгі қарқындары қарастырылады. Қолданылатын әдебиет көздері мен келтірілетін авторлар көзқарастарына сілтеме жасау керек. Студент мәселені бағалау мен оның мүмкін болатын шешімдерінде өзінің бағдарын көрсетуі керек.
Екінші бөлімде зерттеудің тәжірибесінде қолданылатын құралдардың мазмұнын сипаттайды, негіздейді, тәжірибені ұйымдастыру мен оның нәтижесі сипатталады, оған талдау жасалып қорытындыланады.
Үшінші бөлімде қарастырылып отырған педагогикалық және дидактикалық құбылыстарды шешу мен жетілдіруге ықпал ететін әдістемелік ұсыныстар жасалады.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірлік интервалды компьютерлік версияда 25-30 парақты құрайды.
Қорытынды.
Қорытындыда зерттеу барысында жасалып, енгізілген теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жалпыланады. Олар өңдеулер мазмұны, маңыздылығы, негізгілігі мен тиімділігі туралы толық көрініс беретіндей нақты да қысқа болуы тиіс.
Қорытынды көлемі 2-3 парақты құрайды.
Төменде курстық жұмыстың қорытындысын жазу үлгісі келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет