«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет9/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ


Біздің зерттеу жұмысымызда дүниежүзілік білім беру кеңістігінде оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың қалыптасуы мен жетілуіндегі педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді қарастыра келе, дидактиканың негізгі құрылымдық элементі – оқушының білімін бақылау мен бағалау жүйісінде біршама педагогикалық проблеманың бар екендігі анықталды. Біріншіден, оқушының білімін бағалау жүйесінің бес балдық шамасының шектеулігі, жоғары шкаланың жоқтығы, кез-келген бағаның бірдейлілігі; екіншіден, бағаның әділетсіздігі, оқу үлгерімін жақсартуға мүмкіндішінің енжарлығы, оқу ұмтылысын ескермеу, оқушы жетістігін сақтандырудың жоқтығы; үшіншіден кемшіліктерді, қателіктерді ғана анықтауға бағытталуы, бағалау жүйесін уақтысында орындаудың жоқтығы, қорытынды баға шығару ережесінің жоқтығы. Олай болса, бес балдық жүйеде оқушының білімін бағалаудың жалпы кемшіліктері, дәлдігінің төмендігі, төмен психологиялық күйі, техникалық жағынан жүзеге асырудың енжарлығы тәжірибеде жиі байқалады екен.
Қазіргі кең таралған дәстүрлі бағалау жүйесінің білім беру процесінде орын алуында артықшылықтарыменде сипатталады. Ол артықшылықтардың бірі қарапайымдылығы, дәстүрлілігі, процестің барлық субъектілеріне(оқушыларға, педагогтарға, ата-аналарға және т.б.) түсініктілігі, универсалдылығы, яғни, кез-келген білім беру деңгейлерінің оқу процесінде бірдей қолданылуы, әсер ету күші. Бұл бағалау жүйесі өзінің кемшіліктері бола тұра, оның сенімді және тиімді болуы орнықты жүріп келеді.
Осы бес балдық бағалау жүйесінде анықталған кемшіліктердің мәнді түрлерін жоюға ықпал ететін қазіргі білім беру процесінде өзекті мәнге ие болып келе жатқан бағалау жүйесінің жаңа тұрғылары педагогика ғылымында кеңінен зерттеулер жүргізіліп келеді. Сол тұрғылардың бірі критериалдық бағалау, мониторинг, сынақты-рейтинг, портфолио сияқты.
Аталған білім берудегі оқушылардың оқу жетістігін бағалау түрлерінің соңғы жүйелерінің келешегі зор болу ықтималдылығы бар. Бірақ, біздің зерттеуімізде бірінші аталған оқушылардың білімін бағалау жүйесі болып табылады. Оның теориялық негіздері шет ел және отандық ғалым-педагогтардың еңбектерінде қарастырылғаны байқалды. Критериалдық бағалау жүйесі Қазақстанның педагогтары арасында кең талқыланып, білім беру жүйесінің тәжірибесіне енгізу қарқынды қадамын баса бастады. Бірақ, критериялдық бағалау жүйесінің әлі де болса біршама түсініксіз құбылыстардың белең алуы, бағалау тәртібі мен оқу пәндерінің оқу материалдарын таксономия бойынша жүйелеу болып отыр.
Осы педагогикалық проблеманы шешуге курстық жұмыстың тақырыбы анықталды. Соның аясында кәсіптік мектептегі «Тас қалаушы» мамандығының өндірістік оқыту процесінде оқушылардың білімін бағалау жүйесін жасауға американ психологы Б. Блум ұсынған танымдық мақсатқа бағытталған таксономияға негізделдік. Бұл автордың таксономиясы бес критериялар арқылы оқушылардың білімін бағалауға мүмкіндік береді екен. Олар білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау болып табылды. Аталған критериялар бойынша «Тас қалаушы» мамандығының білім беру стандарты, біліктілік сипаттамасы, бірегей тарифті-біліктілік анықтамасы, өндірістік оқыту пәнінің оқу бағдарламасы, болжамдық-тақырыптық жоспары сияқты нормативтік және оқу құжаттарын талдай отырып өндірістік оқыту пәні бойынша оқушылардың оқу жетістігін бағалау таксономиясын құруға мүмкіндік берді.
Өндірістік оқыту пәнінің барлық тақырыптарына сәйкес оқушының білімін бағалау таксономиясын түзе педагогикалық тәжірибеде, оның педагогикалық процестегі орнықтылығы мен оқушының кәсіби білімін бақылау ғана емес, сонымен бірге, танымдық қасиеттерін дамыту мүмкіндіктерін, жоғарыдағы бес балдық бағалау жүйесінің кемшіліктерін жою мүмкіндігін анықтадық.
Білімді бағалау таксономиясы педагогикалық тәжірибеде оқушылардың барлығын түгелдей білімі мен іскерлігін бақылау, оқу материалының барлық негізгі элементтерінің тест сұрағының құрамына кіруі, оқушылардың тек теориялық білімін бақылаумен ғана шектелмей, олардың оқу материалын түсінуін, қолдануын, талдай және жинақтай отырып, өздерінің танымдық және өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау кәсіби тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал етті. Оның нәтижесін жоғарыдағы диаграммалардағы сандық және сапалық мәндері дәлел бола алады.
Сонымен бірге, оқушылардың тас қалау ептіліктеріндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін бақылап түзетуге, оларға шынайы қабілеттерін, білім деңгейлерін толық анықтай отырып, әр деңгейлі тапсырмаларды іріктеп беруге мүмкіндік беріп отырды. Жоғарыдағы бес балдық бағалау жүйесінің біршама(бірінші, екінші, үшінші) кемшіліктерін жоюға ықпалы болды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Аталмыш тізім курстық жұмыстың соңында «Қорытынды» тарауынан кейін келтіріледі.
Аталмыш тізімге курстық жұмысты жазу барысында студентпен шын мәнісінде қолданылған еңбектер енгізілуі керек.
Ақпарат көздері тізімде курстық жұмысты жазу барысындағы ілеспелілікпен келтірілуі тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді (Қосымша 4).
Қосымшалар.
Қосымшаларда негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жұмысты орындаумен байланысты материалдар, қосымша материалдар, көлемді кестелер, суреттер мен графиктер қамтылады. Әр қосымша жаңа парақтан басталып, реті бойынша нөмірленеді.
Курстық жұмыста қабылданған шешімдер, барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігі үшін курстық жұмыстың авторы, яғни, студент жауапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет