«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар


Тас қалаушы мамандығының төменгі және жоғары курс оқушыларын тас қалау жұмыстарына үйрету өндірістік оқыту сабағының оқыту мазмұнын әр алуан түрлендіре жасау



бет7/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

Тас қалаушы мамандығының төменгі және жоғары курс оқушыларын тас қалау жұмыстарына үйрету өндірістік оқыту сабағының оқыту мазмұнын әр алуан түрлендіре жасау.

  • Төменгі және жоғары курс оқушыларына жасалған өндірістік оқыту мазмұнын педагогикалық тәжірибеде тиімділігін тексеру.

    Зерттеудің негізгі әдістері: теориялық – контент-талдау, жинақтау, салыстыру, жалпыламалау, жекеден жалпыға (индукция), жалпыдан жекеге(дедукция), жүйелеу, нақтылау, қорытындылау; эмпирикалық – бақылау, сауалнама, пікір алысу, сұхбат, тест, педагогикалық тәжірибе.
    Зерттеудің жұмысының кезеңдері мен ұйымдастыру.
    Бірінші кезең (2013-2014 ж.ж. қыркүйек айы) – педагогикалық, психологиялық және кәсіптік мектептің тас қалаушы мамандығы бойынша білім беру мазмұнының, оқыту мазмұнының төменгі және жоғары курс оқушыларына бірізді және жүйелі нормативті құжаттарда анықталуын, оқыту әдістемесіндегі ерекшеліктерін анықтауға талдаулар жасалды. Педагогикалық тәжірибе жүргізілетін база орны, мамандық түрі, курстар және топ оқушылары анықталды.Төменгі және жоғары курс оқушылары мен оқыту курстарын жүргізетін арнайы пән оқытушылары мен шеберлер арасында пікір алмастық және сұхбат жүргізілді. Алынған статистикалық мәліметтер өңделді. Соның аясында төменгі және жоғары курс оқушыларының бастапқы кәсіби білімі мен практикалық іскерлік деңгейлерін анықтауға тест сұрақтар таратылып жауаптары алынды, оның мәліметтері өңделді..
    Екінші кезең.(2014 жылдың қазан-қараша айы) – оқу орнының жалпы кәсіби және арнаулы пәндерді жүргізетін төменгі және жоғары курс оқушыларының теориялық және өндірістік оқыту сабақтарына қатысып, педагогтың оқыту әдістемесімен және оқу-әдістемелік құралдарымен таныстық. Оқу-әдістемелік құралдарына талдау жүргізілді. Оқушылардың оқу іс-әрекетіне. Төменгі және жоғары курстың өндірістік оқыту сабағының оқыту әдістемелері жаңаша түрлендіріле жасалып құрылды. Бақылаушы және тәжірибелі педагогикалық зерттеу топтары анықталды.
    Үшінші кезең(2014 жылдың желтоқсан айы) – қалыптастырушы тәжірибе ұйымдастырылып жүргізілді. Төменгі және жоғары курс оқушыларының өндірістік оқытуда үйренген кәсіби білімі мен практикалық іскерліктерінің қалыптасу деңгейі бақылау тест әдісімен анықталды. Pеттеу жұмысының тәжірибелік мәліметтері өңделініп жұмыстың қорытындысы жасалды, курстық жұмыстың рәсімделуі жүргізілді, тас қалаушы мамандығының өндірістік оқыту сабағында төменгі және жоғары курс оқушыларына кәсіби білімі мен іскерлігін дамыту оқыту әдістемесі педагогтарға ұсынылды.
    Зерттеудің практикалық мәнділігі – тас қалаушы мамандығының төменгі және жоғары курс оқушыларының өндірістік оқыту сабағында кәсіби білімі мен іскерліктерін қалыптастырудың жетілген оқыту құралдары, олардың тұлғалық және субъектілік қасиеттерін дамытуға бағытталған оқыту мазмұны, оның формалары, әдіс-тәсілдері және құралдары.
    Педагогикалық зерттеу жұмысының тәжірибелік базасы – Атырау облысы, Атырау қаласы №- колледждің кәсібі - 1401000 «Ғимарат пен сооружениялардың құрылысы мен пайдалану», мамандығы -140101 2 «Тас қалаушы», «Тас қалаушы» біліктілігіне оқитын бірінші және үшінші курс оқушыларының «Тас қалау жұмыстары» өндірістік оқыту процесі болып табылды.
    Курстық жұмыстың апробациясы мен енгізілуі. Атырау облысы, Атырау қаласы №-3 колледждің арнайы пән бойынша әдістемелік комиссияның отырысында тақырыптың тәжірибелік жұмысы және оның теорияиялық негізі туралы баяндама жасалынды және талқыланды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті кәсіптік және техникалық пәндер кафедрасының отырысында талқыланды. Атырау облысы, Атырау қалаыс №-3 колледждің тас қалаушы мамандығының өндірістік оқыту сабағында төменгі және жоғары курс оқушыларын оқытудың тәжірибелік әдістемелері пайдаланылуда.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет