Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Қазақтардың ою-өрнектеу өнері



бет19/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

2.1.3 Қазақтардың ою-өрнектеу өнері

Ою- өрнек- бүкіл адамзаттың мәңгі серігі. Бізді қоршаған адамдар және өзіміздің киімдерімізде де біз күнделікті оюларды көреміз. Өрнектеу өнері- қоршаған дүниені танып білу және оны бейнелеу құралы. Оюлар арқылы біз іштей түс пен формалардың мәнін түсіне аламыз. Қазақ киіміндегі оюлар тек форма қалыптасушы және декоративті қызмет атқармай, сонымен қатар оның эстетикалық қызметін де анықтап отырған. Ою- өрнектің де, киім сияқты ежелгі тарихы бар.


Ұлттық костюмді зерттей отырып, оюлар тұрмыстық бұйымдарда да, киімде де көптеп қолданғанына көзсіз жетіп отыр.
Қазақ оюының тарихы ежелгі көне дәуірге кетеді. Негізінен бұл халық шеберлерінің қиял- ойынан шыққан стильденген таңбалар мен символдар, олар табиғаттың, қоршаған дүниенің түрлі элементтері болды. Олардың ең көнелері петроглиф түрінде тұрмыс бұйымдарында және тастарда ғарыш денелерін, табиғатты, жануарларды, құстарды, адам мен жер қыртысының элементтері түрінде кездеседі. Бұларды неолит дәуірінің оюлары деп сипаттайды. Ондай оюларды Тамғалы, Қаратау және Хантау тауларында кездестіруге болады.
Оюдың келесі даму кезеңі болып ерте көшпелілердің дәуірі саналады. Негізінен бұл алтын немесе қоло әшекей бұйымдары. Ал түріктерде осы күнге шейін Ұлы Тәңір жаратқан әлемдік бұтақ аңызы сақталған. Әлем бұтағының ұштары аспанға жетіп, олар Құдайға және құстарға тиесілі. Ал тамырлары о- дүниеге кетіп, жылан патшалығында аяқталады. Ағаштың негізі болса, дүниенің ортасында орналасқан.
Ұлы Жібек жолының пайда болуымен және отырықшы халықтардың мәдениеті әсерінен қазақ оюлары шартты түрде: зооморфиялық, өсімдік- тәріздес космогоникалық, геометриялық деп топтауға болады.
Қазақтың ою- өрнегі бұйымның жай формасыны байытып, оның бетін бөліктейді- масштаб, фактура беріп, шеттерін және ортасын өлшемдеп береді. Оюдың ең қарапайым түрі әсемдеу мен бұйымды арнайы байыту идеясын береді. Осы тұрғыдан алғанда ою- өрнек өнері қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан- ғасырға, ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінен ою-өрнек қалыспайтын саланы табу қиын. Ою- өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй жихаздары мен киім- екешегінен де, зергелік бұймдары мен құрал- саймандарынан да, ер- тұрман, әбезелдері мен қару- жарақтарынан да молынан табамыз. Тарихи- ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою- өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал- әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қабысыз аңғарар едік. Бұдан дәлел- айғақ ретінде қазақтың алғашқы ою- өрнек үлгілерін Андронов мәдениеті мен байырғы мақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшыратынымызды айтсақ та жеткілікті.
Ою - өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән негізгі стильдік ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамегн тікелей сабақтасып жатады. Сондықтан да оқымысты ғалымдар, өнертанушылар қайсы халықтың өнерін де қоя зерттеп, салиқалы баға берген кезде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылаққа алып отырады.
Әрине, қазақ ою- өрнек өнері күні бүгінге дейін жан- жақты, толығымен зерттеле қойған жоқ. Дей тұрғанымызбен, бұл өнер саласының белгілі бір дәрежеде жүйеленуіне бірқатар ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар атсалысқаның да атап өткеніміз орынды болмақ. Осындай игілікті ізденістің нәтижесінде ою- өрнекті өнертану ғылымында көкөніс өрнек (жапырақ, шиыпшық, гүл ағаш және т.б.), зооморфтық өрнек (жан- жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері, қошқар мүйіз және оның түрлі нұсқалары: қос мүйіз, қыныр мүйіз, сынық мүйіз, сондай-ақ табан, өркеш, қаз мойын және т.б.) геометриялық өрнек (сүйір, шаршы, шаршы мен тұмарша, жұлдызша, көпбұрыш, балдақ, қармақ және т.б.), космогоникалық өрнек (дөңгелек, төрт құлақ, шұғыла, шимай, бітпес және т.б.) деген топтарға бөлу қалыптасқан. Сол секілді кейбір ғалымдар барлық ою- өрнек түрлерін физикоморфтық және биоморфтық деп екі топқа ғана бөліп қарастырады. Жалпы алғанда бүгінгі күнге дейін өнертанушы ғалымдар ою- өрнектің екі жүздей түрін тауып, ғылыми тұрғыдан анықтама береді.
Ою- өрнектің осымен ғана шектелмейтіні өзінен- өзі түсінікті. Өмірдің өзінің тынымсыз даму үстінде болатыны секілді, өнер де әр заманның, әр кезеңнің бағыт- бағдарына, сұраныс- қажеттілігіне қарай дамып, жетіліп, өркендеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет