Кәсіптік оқытудың әдістемесі



бет21/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

Эстетикалық талаптар. Киім сапасын тұтыну заты ретінде бағалау кезінде бұл талаптар ерекше орын алады. Киімді дайындау барысында эстетикалық талаптарды ескермеу киімді пайдасыз затқа айналдыруға әкеп соғады. Өйткені ол негізгі мақсатты қызметтерінің бірін орындай алмайды: адамдық (эстетикалық) қажеттілігін қанағаттандыру, яғни адамның сұлулық пен шығармашылыққа мұқтаждығы. Киім осы дәуірдің жетекші көркемдік стилі мен оның көрінісі сәнді (мода) есепке алу арқылы жобаланады. Эстетикалық талаптар үш топқа бөлінеді: қазіргі заманғы стиль мен сәнге сәйкестігі, модель композициясының жеткіліктілік дәрежесі, бұйымның тауарлық түрі.
Киімді эстетикалық қабылдау конструктивтік элементтерін жасау мен технологиялық өңдеудің дәл және мұқият орындалуына байланысты: атап айтқанда бұйымдағы қос бөліктердің симметриялық орналасуы, біріктіру тегістері мен әрлеу тігіндерінің ұқыпты орындалуы, астардың сапасы мен оның түсінің бұйым түсіне сәйкестігі және т.б.
Эргономикалық талаптар. Эргономика-адам мен өнеркәсіп бұйымдары және қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттестік заңдылығын кешенді түрде оқытатын ғылыми пән, яғни «адам факторы» туралы ғылым.
Тегін бұйымдарына гигиеналық, антропометрикалық, физиологиялық, психофизиологиялық қасиеттер кешенін анықтайтын эргономикалық талаптар қойылуы мүмкін.
Киім адам денесінің 80%-ын жауып тұрады, сондықтан адам киіммен биологиялық қарым-қатынаста болады, яғни киім адамның ыңғайлық пен ықшамдылықты сезінуіне әсер етеді (жылылықты, суықты, қысымды психологиялық жағдайға әсер ететін бұлшық ет үйкелесін, шаршағандықты, жұмысқа қаблеттілікті, көңіл-күйді).
Эргономикалық талаптар киімнің жылу сақтау қызметін қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды: жылу теңдігі, вентиляциялану дәрежесі, ішкі (киім асты) және сыртқы (атмосфералық) әсерден сақтау. Эргономикалық талаптар тобына жататын психофизиологиялық талаптарға киімді киіп-шешу ыңғайлылығы, киімнің жеке элементтерін және бұқаралық киімдерді пайдалану ыңғайлылығы жатады. Киімнің нақты түріне байланысты киімнің жеке элементтерін ыңғайлы пайдалану түймеліктің рационалдық орналасуымен және оның қызметінің мықтылығымен, астар бетінің тегістігімен, мойын ойындысы қиығының өлшемі және формасымен (ілгексіз бұйымдарда), қалталар, шұлықұстағыштар орналасуының жайлығымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет