2. Жобалау объектісін таңдау және негіздеу
2.1. Шығармашылық ізденістерді талдау
Қазіргі жағдайда Қазақстанның тәуелсіз даму жолындағы мәдени қайта гүлденуі XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында күрделі жағдайда болып отыр.
Сәндік қолданбалы өнер- сәндік өнер мен этнокөркемдік білім берудің ең маңызды компоненті болып отыр. Сондықтан, этнокөркемдік және ұлттық мәдинет құндылықтарына, оқу материалдарының мазмұнына, жастарды тәрбиелеу мен дамытуға сәндік өнер өз ықпалын тигізіп келеді. Бұл, әрине, Қазақстан Республикасының білім беру аясындағы мемлекеттік саяси ұстанымдарға сәйкес жүргізілуде. Болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби даярлаудың ең өзекті талаптары болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби қызметтеріндегі типтік тапсырмалардан тұрады. Сәндік өнердің бір саласындағы дәстүр мен заманауи дәстүрдің сабақтастылығын болашақ маманның өз кәсіби әрекетінде тиімді қолдануына әсер етеді. Әрі ол, мыналарды меңгеруге тиіс:
- көркем мәдениет негіздерін, этикалық және құқықтық нормаларды, адам мен адамдардың өзара қатынастары, қоғамды, қоршаған ортаны, ойлау мәдинеті, өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру, жаңа білім түрлерін меңгеру:
- көркемдік өндірістің экономикалық негіздерін, шығармашылық шеберханаларды, өндіріс мекемелерін, дизайнерлік фирмаларды, халықтың көркем қолөнер мекемелерін, түрлі жекеменшік формаларын және т.б.;
- маркетинг негіздерін, менеджменті және авторлық құқықты.
Жеке адамның рухани адамгершілігін қалыптастыруға этнокөркемдік білім мәселелеріне үлкен мән берілген.Этнокөркемдік білім берудің маңызы- жеке адамдардың рухани дүние танымын кеңейте түсетіні жайында отандық ғалымдарымыздың зерттеулерінде кеңінен орын алған. Олардың негізгі анықталған мәселелерінен мынандай ойларды түйіндеуге болады: дәстүрлі мәдениетті меңгере отырып, әрбір жеке тұлға өзін эститикалық тұрғыда байыта түседі, екінші жағынан жастарымыздың дүние танымын кеңейте түсіп, (тұтастай мемлекеттік) жеке өзінің мақтанышы мен патриоттық сезімін оятады.
Сәндік өнер мамандарын этнокөркемдік білім құралдары арқылы кәсіби тұрғыда дайындауға көңіл бөлуіміз де, міне сондықтан.
Сәндік өнер мамандығы бойынша кәсіби даярлауда студенттерінің кәсіби мазмұндағы шығармашылық жұмыстары – жобалау және зерттеу қарекеті түрінде жүзеге асырылады. Болошақ сәндік өнер мамандарының кәсіби білімін көтеру дегеніміз, ғылыми білім, икемділік, әдептті игерудің нәтижесіндегі ең қажетті жеке – кәсіби сапалығын арттыру болып табылады. Отандық және шеттелдік ғалымдардың ғылыми ізденістерін талдай келе мынандай мәселені анықтадық:
болашақ сәндік өнер мамандық кәсіби даярлығын жетілдіру саласында атқарылған көптеген жұмыстардан басқа болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелері әлі де түйінді күйде қалып отыр.
Этнокөркемдік білім құралдары арқылы болашақ сәндік өнер мамандарын кәсіби дағдылығын жетілдіру. [11]
Достарыңызбен бөлісу: |