2.1.2 Қазақтың ұлттық костюмінің шығу тегі.
Қазақ ұлттық костюмінің тарихы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Ғұлама ғалымдардың очерктерін, экспедиция есептерін, мұражайдағы экспонаттарды зерттей, талдай отырып, ұлттық костюмінің жоғары көркемдік деңгейде болғандықтан көруге болады. Онда тартхи, экономикалық, әлеуметтік және ауа-райы шарттарымен байланысты ежелгі әдет-ғұрыптарымыз бейнеленген. Ұлттық костюм түп нұсқасында-композициясы бойынша қарапайым, көшпенді өмір салтына бейімделген. Костюмде Қазақстан аумағында сақтар заманы (V-XIII ғ.), мемлекеттіміздің ұйымдастыру кезеңі, Ресей империясына қосылу уақыты, революция, Кеңес үкіметінің орнауы мен қазіргі шаққа дейінгі бүкіл тарихымыз бейнеленген.
Біздің ата-бабаларымыз сақтар ежелде зор байлығымен және батырлығымен әйгілі болған. Шыдамды сақтар ат үстінде бірнеше күн бойы ат үстінде жүре алатын. Сақ әйелдері тек бала тәрбиелеу және ас әзірлеумен ғана айналыспай, ерлермен қатар соғысқа да қатысқан. Жас кезінде-ақ оң кеуделерін найза мен қылыш ұстауға кедергі болмас үшін алдырып тастайтын. Сақтардың киім мәдениеті жайлы біздер археологиялық қазбалар және ежелгі шежірешілердің очерктерінен білеміз, олар-дүние жүзіне әйгілі алтын адам, қазба экспонаттарындағы бейнелер. К.С.Ахметжанова, М.В.Горелика және В. Бастаның суреттелген реконструкциялары арқылы сақтардың киімін көруге болады. Ақ киізді биік, үшкір басты бас киім, теріден жасалған ашық бешпен, немесе қолдан тегілген мауыт, темір белгімен, әшекейленіп, тері шалбар және киіз етіктер сақтардың бірінші кезекте көшпенді өмірге бейімделуін көрсетеді. Темір белгілер тек әшекей үшін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік үшін де қолданылғаны мәлім.
Сақ мәдениетінен қалған ең үлкен мұрасы болып “ аң стилі ” – қымбат металдардан түркі аң бейнелерінен орындалған декор болып табылады. Бұл өнердің негізгі болып көне тотеникалық аңыздар болады, онда адамдар түрлі жануардан пайда болған мифтер негізге алынған.
Сақтар мемлекеті ыдырағаннан кейін, Қазақстан территориясында жаңа ғұн мемлекеті пайда болды. Ғұндар көшпенді мал шаруашылығымен айналысып, батыл жауынгерлер және үздік шабандоз халық болған. Ежелгі тарихшылар ғұндардың тұрмысы жөнінде былай деп жазған: ‘’Барлығы түт етпен тамақтанады. Теріден жасалған киім киеді. Киізде отырып жүн көрпемен жамылады.’’ Мата қиындылары, кілемдер, зергерлік мұражай экспонаттары ғұндардың жоғары деңгейлі шеберлігін көрсетеді.
Ғұн мемлекетінің батыстан шығысқа дейін орналасуы, олардың киім мәдениетінде өз ізін қалдырмай қоймайды. (Европа және Қытай ипериясы). Оған қоса ғұндар арғы аталарының киімдегі әдет-ғұрыпын сақтап отырады. Ұшқыр басты бас киімдер, камзол, жылы жейде, шалбарлар, етіктер сапалы материалдардан жасалып, түрлі-түстер қолданылған. Мүмкін, киім мәдениетінің дамуы Ұлы Жібек жолының пайда болу процессімен де байланысты болуы мүмкін. Ғұн мемлекеті тарағаннан кейін, түріктердің жаңа күшті мемлекеті –Батыс-түрік қағанаты пайда болды.
Түріктер Тәңірге сенетін-ол көрінбейтін рух, аспанда болады және аспандай зор болады деп сенетін. Сонымен қатар олар ‘’Ұмай ’’ құдайына бас иетін. Түріктер киізді жаңа бағытта қолданды- құбылыс материалы ретінде киіз үйге жамылғы етті. Киіздің қасиетті-су болмайды, ол талшықтар арқылы мөмен түсіп кетеді. Түріктер жүнді аса шеберлікпен өңдеп, өздеріне киім, бас киім, аяқ киім тігетін, оны көптеп оюлармен сәндейтін.
Осы дипломдық жұмыста қолданылған негізгі мәлімет көзі болып Қазақстанның ҒА-ның, Ш.Уәлиханов атындағы тарих институтының этнографиялық экспедициясы 1952-1953 ж.ж. Алматы және Жамбыл обылыстарында жинақталған мәліметтерді бойынша дайындалған. Қазіргі ғылыми қызығушылық тудырумен қатар, олар бүгінгі таңда кеңінен қолданысқа ие болғандықтан да маңызды.
Қазақтың ұлттық киімін зерттеу қазіргі таңда орынды болып отыр, ол бүгін жедел өзгеріп, қоғамның жаңа элементтерін өзіне сіңіруде, ал оның көптеген ескі формалары, ұлттық мәдениеттің тарихын зерттеу үшін ғана маңызды, жоғалып, немесе мүлдем жоғалған, және олар жайлы тек үлкен жастағылар айтып бере алады. Әрине, біраз уақыт өткен соң, революцияға дейінгі ұлттық киімдерді зерттеу қиынға соқтырары сөзсіз.
Жұмыстың авторлары, өз алдына мақсат етіп, мүмкіндігінше, қазақ киімінің бүкіл кешенін зерттеп, аумақтық ерекшіліктерді, ежелгі және жаңа прогрессивті формаларды, көршілерден алынған элементтерді анықтап, сонымен қатар оның тарихын 19-20 ғғ. Тұрмыс шарттарының, экономикалық және шаруашылықтың өзгеруін ескере отырып қалпына келтіру болып отыр.
Өнер-қоғамдық сананың және адам қызметінің ерекше формасы болып табылады, онда сән заңдылығымен, шығармашылықпен, көркемділікпен (бейнелеумен) өмірді тану бір-бірімен мәнді ұйқасқан.
Өнер негізінде белгілі бір эстетикалық идеал тұрғысында болмысты суреттеу жатыр. Кез келген шығармашылық қызметтің негізін ұйқастық (сән) заңына байланысты болып, эстетикалық қызмет құрайды. Ол рухани және материалды өндіріс сипатында болады. Материалды өндірістік бағыты- эстетикалық қызметі әсіресе киімді үлгілеуде жақсы көрінуде.
Өнердің алғашқы іздері, үлгілеу өнерімен қатар, тарих тұңғиығына кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |