Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Мұратова Алтынай
25.11.2023
Р/c №
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
|
Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1.
|
Леопольд тәсілін жүргізу,бағалау
|
8:30 10:30
|
|
2.
|
Жатырдағы нәрестенің жүрек соғуын анықтап,бағалау
|
10:45 11:00
|
|
3.
|
Іш айналымы,жатыр түбі биіктігін өлшеп бағалау
|
11:30 12:00
|
|
Стандарт: Леопольд тәсілін жүргізу
Мақсаты: Жатырдағы нәрестенің орналасу бағытын, позициясын, позиция түрін, жатырған бөлігін анықтау
Орындалу алгоритмі: 1. Жүкті әйелге жүргізілетін тексерудің мақсатын түсіндір;
2. Әйелдің кушеткаға шалқасынан, ішін ашып жатуын сұра;
3. Қолыңды жуып, өңде, әйелдің оң жағынан келіп, қарсы тұр;
4. Қолдарың жылы, таза, құрғақ болуы керек.
І тәсілі
1. Екі қолдың алақанын жатыр түбіне қойып, абайлап басып қарау арқылы, ол жерде орналасқан нәрестенің дене мүшесін анықта. Егер бұл жерде нәресте басы орналасса - алақанға қатты, дөңгелек, шекарасы айқын дене сезіледі. Ал нәрестенің жамбасы орналасса – көлемді, жұмсақ дене сезіледі
ІІ тәсілі
Екі қолдың алақанын жатырдың оң және сол жақ бүйір қабырғаларына орналастырып, кезекпе-кезек басып тексеру арқылы нәрестенің орналасу бағыты мен позициясын анықта. Бірінші позицияда нәрестенің арқасы, тегіс дене түрінде жатырдың сол жақ қабырғасынан анықталады. Ал екінші позицияда нәрестенің арқасы, жатырдың оң жағынан анықталады.
ІІІ тәсілі
Оң қолымызды, әйелдің шат сүйегінен сәл жоғары орналастырып, абайлап батыра басып баланың кіші жамбас кіреберісінде жатырған дене мүшесін анықтаймыз. Бұнда бас бармақ бір бағытта, қалған саусақтар екінші бағытта орналасады. Шаттан жоғары бас орналасса - қатты, дөңгелек, шекарасы айқын дене анықталады. Ал жамбасы орналасса- жұмсақ, көлемді дене анықталады. Нәресте көлденең жатса, ештеңе анықталмайды.
ІV тәсіл
Әйелге теріс қарап тұрамыз. Кіші жамбас кіреберісіне екі қолдың алақанын бір-біріне қарсы орналастырып, батыра басып қарау арқылы, жатырған дене мүшесінің (басы) кіші жамбасқа түскен - түспегенін анықтаймыз. Егер нәресте басы кіші жамбасқа түспесе- саусақтар түйіседі. Ал нәресте басы кіші жамбасқа түссе, саусақтарымыз түйіспейді, себебі бас кедергі болады.
Іс- шара орындалғаннан кейін, әйелдің тұруына көмектесеміз
2)Жатырдағы баланың жүрек соғуын тыңдап, бағалау
Мақсаты: жатырдағы баланың жүрек соғуына баға беру, гипоксияны анықтау
Қажетті құралдар: кушетка, бір реттік жаялық, акушерлік стетоскоп, секундтық тілі бар сағат.
Орындалу алгоритмі
1. Жүкті әйелге жүргізілетін іс- шараның мақсатын түсіндір, келісімін ал;
2. Қолыңды жуып, өңде. Қолың таза, жылы, құрғақ болуы тиіс.
3. Кушеткаға бір реттік жайма төсеп, әйелдің шалқасынан жатуына көмектес;
4. Әйелдің іш аймағын жалаңаштап ашуын сұра;
5. Стетаскоптың әйел денесімен жанасатын жиегін спиртті мақта шаригімен өңде;
6. Әйелдің оң жағынан, қарсы келіп тұр;
7. Леопольд тәсілімен нәрестенің орналасу бағытын, позициясын анықтап ал;
І-ші позицияда - кіндіктің сол жағынан, ІІ-ші позицияда – кіндіктің оң жағынан, баспен келуде - кіндіктен төмен, жамбаспен келуде - кіндіктен жоғары тыңдайсыз. Жүрек соғуы нәрестенің арқа жағынан анық естіледі.
8. Стетоскоптың кең ашылған жағын нәресте позициясына сәйкес әйел ішіне орналастырып, екінші жағына құлағыңды тос. Нәрестенің жүрек соғуының анық естілетін нүстесін тауып, оның жиелігін әйелдің пульсімен салыстыр. Егер тапқан дыбыстың ырғағы пульспен сәйкес келмесе, баланың жүрек соғуы болғаны. Ал естілген дыбыс ырғағы пульс жиелігімен сәйкес келсе, бұл құрсақ аортасының соғу дыбысы; Сағатына қарап уақытыңды белгіле де, 1 минутта неше рет соғатынын сана. Қалыпты жағдайда жатырдағы баланың жүрегі минутына 110-160 рет, ырғақты соғады, анық естіледі.
9. Сағатына қарап уақытыңды белгіле де, 1 минутта неше рет соғатынын сана. Қалыпты жағдайда жатырдағы баланың жүрегі минутына 110-160 рет, ырғақты соғады, анық естіледі.
Ескерту:
- жатырдағы баланың жүрек соғуы жүктіліктің ІІ-ші жартысынан, 24 апталық мерзімнен бастап, дәрігердің қабылдауына келген сайын тыңдалады.
- босанудың І-ші, латентті кезеңінде (жатыр мойны 4 см-ге ашылғанша), әрбір жарты сағат сайын, белсенді кезеңінде әрбір 15 минут сайын, ал босанудың ІІ-ші кезеңінде әрбір толғақ аралық үзілісте немесе 5 минут сайын тыңдап, бағаланады.
- жатырдағы баланың гипоксиясында жүрек соғуы сирейді немесе жиелейді, реттілігі бұзылады, анық естілмейді. Оны гипоксия дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |