Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп


Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



бет6/20
Дата04.05.2024
өлшемі112.37 Kb.
#500481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
кунделік акушерия

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы: Мұратова Алтынай

27.11.2023



Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.

Жүктілік мерзімі,декреттік демалыс күні босану күнін анықтау



8:30 10:30



2.

Денедегі ісікті анықтау



10:45 11:00



3.

Толғақты есептеп бағалау



11:30 12:00




Стандарт: Жүктілік мерзімін, босану күнін, декреттік демалысқа шығу күнін анықтау.
Қажетті құралдар: календарь (күнтізбе)
Соңғы етеккір бойынша жүктілік мерзімін анықтау: соңғы келген етеккірдің алғашқы күнінен 2 апта тастап, келесі 3-ші аптаны жүктіліктің «бірінші» аптасы деп алып, бүгінгі күнге дейінгі апталарды қосып санайды
Декреттік демалысқа шығару күнін анықтау үшін, бүгінгі күнге дейін есептеген жүктілік мерзіміне келесі апталарды қосып, ары қарай 30 апта болғанша санай береді. Әйел декреттік демалысқа жүктіліктің 30 аптасында шығуы керек.
Босану күнін анықтау үшін соңғы келген етеккірдің алғашқы күнінен артқа 3 ай шегініп, шыққан күнге 1 апта қосады. Мысалы соңғы етеккір 2 шілдеде келсе -2маусым-2мамыр-2сәуір+7 күн. Босану күні 9 сәуір болады.
Нәрестенің алғашқы қимылын сезген күн бойынша жүктілік мерзімін анықтау үшін, алғаш босанушының нәресте қимылын сезген күнін анықтап білеміз. Сол күнді жүктіліктің 20 аптасы деп алып, соған бүгінгі күнге дейінгі апталарды қосып санаймыз;
Ал қайталап босанушының нәресте қимылын сезген күнін 18 апта деп алып, соған бүгінгі күнге дейінгі апталарды қосамыз. Сонда жүктілік мерзімі шығады.
Декреттік демалысқа шығару күнін анықтау үшін 18 не 20 апта деп алған күнге келесі апталарды қосып, 30 апта болғанша есептейді. 30-ыншы апта болған күн әйелдің декретке шығатын күні.
Босану күнін анықтау үшін, алғаш босанушы әйелдің нәресте қимылын сезген күніне келесі 20 аптаны қосады, ал қайталап босанушыға 22 апта қосып, шыққан күнді босану күні деп алады.
Ескерту: бүгінгі таңда, жүктілік мерзімі, декреттік демалысқа шығу күні алғашқы УЗИ берген мерзіммен есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет