4- ереже: Ұстанымдарды анықтау
Эмоция бақылауға алынып, келіссөз ережелері белгіленгеннен кейін келесі кезеңге өтіңіздер.
Бұл кезеңде пікірлерді, көзқарастсрды, ұстанымдарды анықтау қажет. Егер басқа адам бәрін
ашық талқылауға дайын болса, сіз өз көзқарастарыңызды білдіріңіз. Бірақ ең алдымен қарсыласыңыздың ұстанымын, ниеті мен қажеттілігін анықтап алыңыз. Бұл сізге басқа адамның ниеті мен
қызығушылығын ескере отырып, өзіңіздің жеке ұсыныстарыңызды қалыптастыруға көмектеседі. Жағдайды сырт адамның көзімен көруге тырысыңыз, шынайы болыңыз.
Егер сіз келіссөздерге саналы және салмақты түрде қарасаңыз, ал
баса адам керісінше қарап, атықшылық алып жатыр делік. Шыдамдылықты сақтаңыз. Екуіңізге де қолайлы, әділетті шешім тапқыңыз келетінін айтыңыз. Одан да шындықты талап етіңіз.
Шындыққа шақыру әдетте, жағымды нәтиже береді, өйткені барлық саналы адамдар әділдікпен шындыққа талпынады.
5-қадам:
Жасырын қажеттілік пен қызығушылықты анықтау.
Бұл үшін бірнеше амал бар:
- Адамның осы позицияны неліктен ұстанатынын сұраңыз.
- Ол неліктен басқа позицияны қабылдамайтынын біліңіз.
- Жеке қажеттіліктеріңіз
бен көзқарасыңызды айтыңыз, өзіңіздің дәлелдеріңізді түсіндіріңіз, бұл жақсы нәтиже беру керек. Бұл басқа адамға қалыптасқан жағдайды сіздің көзіңізбен көруге көмектеседі.
6- қадам:
Баламалы варианттар ұсыну
Альтернативті варианттарды қарастыра отырып шынымен де, бәрін қанағаттандыратын жақсы шешім табуға болады. Есіңізде болсын,
бірнеше шешім варианттары бар, дұрысын табу үшін біраз еңбектену керек. Басқаларды осыған сендіруге тырысыңыз, олар шынымен де
жаңа жолдарды іздестіріп, ойланып жатқанын сезгенше пікірталасты жалғастыра беріңіз. Ұсынылған шешім бәрін қанағаттадырғанша талқылауды тоқтатпаңыздар.
7-қадам: Өзара тиімді варианттарға келісу.