Оқып, талдап,ғибрат қыл...
Ертеде бір кісі таппай жүріп көрген баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ,бей әдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан оның қасына ешкім жоламайды,қасына жүрмеуге тырысады екен.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақта береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақта береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағадыы. Әкесі «Балам өзіңді тежеп ұста, шегеңді азайтуға тырыс депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетеді. «енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып тұр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып: Балам, мен сені дұрыс болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға ұарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасанда, ол сені қанша кешірім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түкпірінде қалдығой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие болып жүр балам», дейді.
Кикілжіңнің түрлері.
Кикілжін ұғымы әркімге таныс. Кикілжіңнің негізгі бес түрі кездседі.
Ішкі тұлғалық
Тұлғааралық
Тұлға мен тапаралық
Топаралық
Әлеуметтік.
Ішкі тұлғалық кикілжің. Кикілжіңге қатысушылар адамдар емес, тұлғаның ішкі дүниесінің әр түрлі психологиялық факторлары: қажеттіліктер,құндылықтар,сезім және т.б. Жұмыспен байланысты ішкі тұлғалық кикілжіңнің бірнеше түрлері болады. Ең көп тараған түрлерінің бірі-рөлдік кикілжің. Адамның әр түрлі рөлдері оған қарама-қайшы талап қояды. Мысалы: жақсы отағасы бола отырып,адам кештерін үйінде отбасы қасында өткізуі керек. Ал басшылық қызметі оны жұмыстан кешігуге міндеттейді. Немесе цехтың бастығы ұстазға белгілі мөлшерде өнім шығаруға тапсырма берсе, техникалық басқарушы сол сәтте құрал-жабдықтарды техникалық тексеруден өткізуге тапсырма береді. Бірінші кикілжіннің себебі- жеке қажеттілік пен өңдіріс талабының келіспеушілігінен болса, екіншісі-бір бастама принципінің бұзылуынан болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |