Список использованной литературы:
1 Груссе Р. История степей. История Центральной Азии (с древности
до тринадцатого века). Учебное пособие. – Алматы: Санат, 2003. –
224 с.
2 Словарь иностранных слов. – 17-изд., испр. – М.: Рус. Яз., 1988. –
608с.
3 Жиль Делез, Феликс Гварати. “Трактат о номадологии” //Наука и
культура. – 1992. – №2. – С.183–187.
4 Шубарт В. Европа и душа Востока / Пер. с нем. З. Г. Антипенко и
М. В. Назарова. – М.: Альманах “Русская идея” (вып. 3, 2-е
исправленное издание), 2000. – 448 с.
5 Кочевая альтернатива социальной эволюции. – Т. 5. – М., 2002. –
260 с.
6 Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. – М.: Аспект-
Пресс, 2001. – 556 с.
7 Қазақ тілінің сөздігі. Алматы: “Дайк-Пресс”, 1999. – 776 б.
8 Цикличность в социальных системах (“круглый стол”) //Социс. –
1992. – №6. – C.36–46.
9 Поиск новых методов в исторической науке //Новая и новейшая
история. – 1995. – №4. – С. 248–250.
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ ОРТАҚТЫҒЫН ТІЛ ДЕРЕКТЕРІ
АРҚЫЛЫ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Боранбаев С.Р.
А. Ясауи атындағы ХҚТУ
Түркология ғылыми-зерттеу
институтының бас ғылыми
қызметкері, ф.ғ.д., доцент
Қай халықтың болса да тілі сол халықтың тарихымен тығыз байланысты
бола тұра, тілдің кейбір ішкі даму заңдылықтарын, мәселен, фонетикалық,
сондай-ақ грамматикалық формалардың даму зандылығын тек тарихи
тұрғыдан қарастырып, сонымен ғана байланыстырып шешу дұрыс болмаса
керек. Халық тарихының өзіндік, тілдің даму тарихының өзіндік қырлары,
қағидалары,
заңдылықтары
бар.
Барлық
сыртқы
лингвистикалық
факторларды қоршаған ортаға – географиялық жағдайға қатысты
қарастырған Ф. де Соссюр сыртқы және ішкі лингвистиканың өзара өте
тығыз әрі қарама-қайшылықты байланысына тоқтала отырып, "...поскольку
географический фактор тесно связан с существованием языка, и все же в
действительности географический фактор не затрагивает внутреннего
организма самого языка" дейді [1]. Сондықтан да бұл тілдер қаншалықты
өзгерістерге ұшыраса да көне тілдің элементтерін бойында сақтайтындығы,
барлығы да негіз тілдің белгілі бір дәрежедегі мұрагері болып
табылатындығы даусыз. Түркі тілінің және оны алып жүруші «түркі»
этнонимінің тарихы өте көне дәуірлерде кездесетіні туралы А.Ходжаев
мынадай пікір білдіреді: «В древнекитайских письменных источниках
этноним тюрк встречается уже 4700 лет до наших дней. Эти же источники
свидетельствуют также и о том, что уже в те времена на территориях от
Каспийского моря до территории Маньчжурии проживали древнетюрские
племена и народности» [2]. Бұған дәлел ретінде көне Тұран жерінен табылып
жатқан мәдениет ескерткіштерін айтсақ та жеткілікті сияқты.
Түркологияда бірінші кезекте тіл тарихы сөз етілсе, ол сөз жоқ ұлт
тарихымен өзектес өріледі. Түрітаным ғылымындағы тарихилық болмыс
түркі халықтарының тарихына үңілу ғана емес, бүгінгі түркі халықтарының
мәдени, рухани ортақтығын тіл деректері арқылы зерделеу болып табылады.
Жаңа ғасырда түркологияда тіл білімімен қатар этнологиялық және
мәдениеттанымдық бағытта зерттеулер жүргізу міндеті тұр. Түркітануға
осындай қоғамдық, этностық, мәдени мән беруіміз бүгінгі күн талабы.
Тарихи тұрғыдан қарастырсақ тіл тарихы ол этностар тарихы, мәдениеттер
тарихы, мемлекет пен мемлекетаралық, халық пен халықаралық
байланыстардың тарихы. Тіл арқылы тайпалар бір орталыққа брігіп, тұтас
ұлт ретінде қалыптасты, ел болды. Ел болу идеясы байырғы түркі заманынан
бастау алып, өз салт-дәстүріңмен өмір сүріп, мәдениетіңді сақтау, өз
дүниетанымыңмен жүріп тұру есте жоқ ерте заманнан басталған [3].
Сыртқы факторлар лингвистикалық жүйені толық өзгерте алмағанымен
этностың қалыптасу процесінде, оның тілінің қалыптасуына негіз болған
туыс тілдердің немесе диалектілердің ерекше белгілерін білдіретін дыбыстық
өзгешеліктердің тілдік заңдылыққа айналуына арқау болады. Өзге халық
тілдері сияқты түркі халықтары тілдері де ұзақ әрі күрделі тарихи даму
жолынан өтті. Негіз тілдің ғасырлар бойы үздіксіз дамуының нәтижесінде
түрлі фонетикалық, морфологиялық, семантикалық өзгерістерге ұшырап, өз
құрамындағы этностар тілдеріне ыдырауы, өзара қайта тоғысуы, іргелерін
қайта ажыратуы, туыстас немесе басқа жүйедегі тілдермен тығыз қарым-
қатынаста болуы, әр тілдің өзіндік ерекшеліктерімен, ішкі заңдылықтарымен,
өзіне ғана тән сипат-болмыспен қалыптасуына алып келеді.
Дыбыс сәйкестіктерінің барлық халықтар тілінде орын алуы, әсіресе әрбір
этностың негізгі сөздік қорының дамуына тікелей әсер етіп, сөзжасам
факторларымен астарлас болуы, оларды тіл онтологиясымен, яғни адамзат
тілінің пайда болуымен байланыстыруға жетелейді. Жаңа ұғымның пайда
болуы дүниетанымдық шеңбердің кеңеюіне қатысты құбылыс болғандықтан
танымдық процестер де сырт қалмайды. Тілдің таңбалық қасиетімен тікелей
байланысты жазу таңбаларының пайда болғаны туралы зерттеуші О.
Сүлейменов семасиографиялық кезеңде сөздердің бастапқы мағыналары
оның табиғатына да ықпал етіп, бір түбірден тараған сөздердің тұлғалық
өзгерістерімен қатар мағыналық дамуына да себепкер болатын дыбыстардың
жаңа сапаға ие болуы олардың сәйкестіктерінің қалыптасуына да әсер етуі
мүмкін деген пікір айтады.
Көне қыпшақ бірлестігінде болған халықтардың тілінде сол дәуірдегі
ортақ тілдік белгілер күні бүгінге дейін жақсы сақталғаны туралы ғылыми
деректер сарапталып, бүгінгі қыпшақ тобы тілдерінің етістіктерінің
көпшілігі көне түркі ескерткіштері тілінде де кездесетіндігі дәлелденуде.
Сондай – ақ тілдік қарым-қатынастың жандана түсуіне қоғамдағы әсерін
тигізетіндігін айта келіп, қыпшақ тілдеріне калька арқылы келген
етістіктердің аса көп емес екендігі де ескертілуде. Түркі тілдерінде етістікті
сөз тіркестерінің байланысу формаларына қарай қалай бөлінетін болса, түркі
тілдерінің қыпшақ тобындағы етістіктердің грамматикалық құрылымы сол
үлгіде қарастырылып жүр. Мұндай құрылымдар қыпшақ – бұлғар тобының
татар, башқұрт, құмық тілдерінде кең қолданылатындығы байқалады.
Осыларға байланысты ортағасырларда қолданыста болған (Китаб булғат ал-
Муштах...) бірнеше етістікті қазіргі түркі тілдерімен салыстыра қарағанды
жөн санап отырмыз.
Түркі халықтарының барлығына бірдей, ортақ кәсібі болғаны белгілі.
Осыған байланысты түркі тілдерінде қолданылатын ортақ сөздер өте көп.
Осындай етістік бірліктердің семантикасы, олардың түркі тілдеріндегі орнын
салыстырмалы түрде зерттеу, келешек осы саладағы ауқымды зерттеу
жұмыстарына арқау болатындығын айтқанымыз абзал. Ал бұл жерде
қыпшақ тобына енетін тілдердегі бірнеше етістіктің ортақ белгілері нақты
салыстырылып беріледі. Нәтижелер осы саладағы теориялық және
практикалық болжамдар мен сұраныстарды үйлестіруге қабілеттілігі
бағамдары тұрғысында анықталады және біртұтас бірлік іспетті. Осы кезге
дейін дыбыстық, грамматикалық тұрғыдан сөз болып жүрген жақын туыстас
тілдердің етістіктерін өзара салыстыра зерттелінуі, қазақ тіл білімінің тарихи
лексикология салаларын тың деректермен толықтырылуы, теориялық
тұжырымдармен байыпталуы, қыпшақ тобы тілдеріндегі етістіктердің
ортақтығына көңіл бөлініп, салыстырулардың нәтижесі анықтау.
Дур//тур, дурды (71(р-в) (тұрды, болды, пайда болды), дур//тур ( вставать,
подниматься, стоять, находиться, быть, иметься, пребывать, жить, обитать,
останаливаться, т.т., ДТС, 586). Тас-турғыл (стоять); бақа турғыл (
прислуживать, нянчить); тек турғыл ( молчать, умалчивать); өрү турғыл
(вскакивать с места, вставать, подниматься). Жалпы түркі тілдерінде –
тур//дур//төр//тұр. өте көп тараған, барынша жиі қолданылатын (көбінесе
көмекші сөз ретіндегі тұлға).қ. дурғур//турғурды.
Дурғур//турғурды (23(в) ( тұрғызды). өзгелі етсе: турғур (заставить
встать; поднимать; возводить, строить, скоружать; т.б., ДТС, 587). Қ.
Дур//тур.
Дүңледі (домалды). Бұл сөздің графикалық тұлғасында ң дыбысы «нун»
мен «кяф»-тің қосындысы арқылы беріледі, бірақ олардың орындары ауысып
кетіпті: «кяф» алдымен жазылып, «нун» одан кейін түсіп тұр. Оның өзінде де
«секун» таңбасының орнына екі рет «фатха» жазылып, тағы бір жаңсақ
жазылу фактысы орын алып отыр.
Түркі тілдерінде бұл форма-синкретикалық түбір: тын (дыхание, дух)
және
тын
–(дышать,
отдыхать,
успакаиватсы,
обретать
покой,
останавливаться, прекращаться, ДТС, 567). Тың деген түбір түркі тілдерінде
басқа мағына береді: звучание, звук; слушание, ДТС, 568.
Осыдан барып тыңчы ( шпион), тыңчы-савчы ( доносчик), тыңла
(слушать, прислушиватьс), ортақ етіс формасы-тыңлаш, өзгелік етіс –
тыңлат. Оның ұяң дыбыс арқыл келетін варианты (дың//дің//дуң//дүң) жоқ
(ДТС-да көрсетілмеген). Шу баста қате жазылған осы сөздің фонетиклық
(дыбыстың) құрамындағы «кяф» әрпі артық жазылған болуы мүмкін, сонда
бұл сөз дүнледі болып келеді. Жоғары аталған д//т заңдылығын еске алатын
болсақ, түн формасының қалыптасуы жолы оп-оңай еске түседі, оның үстіне
бұл жерде тек у//ү мен ы//і - дыбыстарының өзара аямасып келіп айтыла
беретін ерекшеліктерін де еске алып өткеніміз артық болмайды. Абу Х. Ат-
Туһфатта-тын. Бұл түбір басқа түрлі ескерткіштер (Кк, МҚ) мен қазіргі
қыпшақ тілдерінде де бар: тас, 202; түрікменше-тінлен (Зайончковский)
сөздің арабша аудармасы – истраха (отдыхать, отдохнуть). А. Зайончковский
осы сөзді поляк тіліне дәл аударып берген.
Бүкті (иіп бүкті, сырын ішіне бүкті) Арабша баламасы – тавам
(складывать, свертывать) және тамиун (держать в тайне, скрывать) деген екі
түрлі мағына береді. Тас. – бүккіл (загибать, складывать), МҚ., КК., Абу Х,
Әт-Туһфа, Ибн М., ноғ. – бүк, тат., башқ. – бог, қара қалп., құмық – бюк.
Бүрді (бұрды). Арабша аудармалары: фатала (вить, сучить, закручивать
глаза). Әт-Туһфа. – бүр (вить, закручивать, крутить), Абу Х.-да осылай. Тас. –
бүргіл (шить со складками), ХТ. – бур (вертеть, врашать, поварачивать), КК.,
МҚ. – бүр, тат., башқ. – бөр, ноғ., қара қалп., – бүр, құмық. – бюр. А.
Зайончковский – бур, бурар, бұрды (крутит, вертеть, скучивать,
поворачивать, сворачивать). Бұл көрсетілген авторлардың (Жамал әд-Дин
Абу Мухаммад Абдуллах ат-Туркий, М.Т. Хоутсма және А. Зайончковский)
қай-қайсысы болса да, осы бір сөздің дәл бір мағынасын топ басып, тани
алмаған, бұра тартқан – бұр (бұра, бұрау) сөзінің ыңғайымен аударған.
Сондықтан А. Зайончковский қарақалпақ тілінде – бұр (повёртывать,
поварачивать, сворачивать, отворачивать) сөзі бар деп көрсетеді, бүр (делать,
складки, сборки) тұл-ғасы туралы үндемейді, өйткені бұл лексема өте сирек
қолданылатын кәсіби сөз, оны тек тігінші шеберлер ғана болмаса, басқалар
біле бермейді. Дегенмен, бұл да ертеден бері жұмсалып жүрген сөз.
Вурды (ұрды). Тас. – урды (бить, побить, ударять), ХТ. – вур, КК., Абу Х.,
Ибн М., әт-ТуһФа, Пд., МҚ., түрік. – вур, тат., башқ. – ор. Қолжазбада «вав»
(و) әріпі «дамма» ( ۥ ) арқылы өрнектелген вурды // ұрды сөздерінің қай түрі
болса да, бір түбірден жасалған аллафондар. Ежелгі түркі сөзі: ұр (бить,
ударит, выбивать – ДТС., 614).
Дағлады (дағылады). Бұл өзі сирек ұшырайтын сөз болса керек. Арабша
баламасы – каван (жечь, прижигать, ставить тавро, гладить бельё, причинять
боль). Абу. Х. – тағла (выжигать клеймо, тавро, клеймить; отмечать чем-л.),
А. Зайонч. – «ставить знак прижиганием, ставить пятно». Бұған қарағанда,
бұл сөз ертеден бері мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан
халықтардың арасында кеңінен қолданылғанға ұқсайды. Оның қарақалпақ
тіліндегі мағынасы – доғла (прям. и перень.: 1) запятнать, 2) перен.:
оставлять горкое чувство, печалить, приносить горе)
Дозадур, қ.: тозатты.
Долдур (толтыр) қ.: тотурды, алдүрді.
Дөпеледі (төбелеп өлтірді). П дыбысы парсы тіліндегідей, астына үш
ноқат қойылып жазылған (پ). Сөз түбірі (үш әріп) «фатха» арқылы
өрнектелген. Абу Х. – тепеле, Әт-Туһфа. – «өлтүр». Түркі тілдерінде т//д
заңдылығы тұрақты қолданылады. ДТС. – төпү (темя, макушка, головка),
төпүле (бить по голове, 580)
Екті (екті). Тас. – еккіл (сеять, возделывать), АФ., Абу Х., Ибн М., Әт-
Туһфа., МҚ. – ек, экді, түрік. – тат. – экмек, тат. – игү, ноғ. – эк, башқ. – игеу,
қара қалп. – ек, ДТС. – ек (сеять, сыпать, 167).
Бүкті (иіп бүкті, сырын ішіне бүкті) Арабша баламасы – тавам
(складывать, свертывать) және тамиун (держать в тайне, скрывать) деген екі
түрлі мағына береді. Тас. – бүккіл (загибать, складывать), МҚ., КК., Абу Х,
Әт-Туһфа, Ибн М., ноғ. – бүк, тат., башқ. – бог, қара қалп., құмық – бюк.
Дағлады (дағылады). Бұл өзі сирек ұшырайтын сөз болса керек. Арабша
баламасы – каван (жечь, прижигать, ставить тавро, гладить бельё, причинять
боль). Абу. Х. – тағла (выжигать клеймо, тавро, клеймить; отмечать чем-л.),
А. Зайонч. – «ставить знак прижиганием, ставить пятно». Бұған қарағанда,
бұл сөз ертеден бері мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан
халықтардың арасында кеңінен қолданылғанға ұқсайды. Оның қарақалпақ
тіліндегі мағынасы – доғла (прям. и перень.: 1) запятнать, 2) перен.:
оставлять горкое чувство, печалить, приносить горе).
Дартты (тартты, таразыға тартты, өлшеді), қ. тартты.
Дегшүрді (ауыстырды). Тас. – дегшүргіл (менять обменять), арабша –
«менять, изменять», А. Зайон. – «менять, изменять», Аф. – декшүр. «Каф» (ك)
әрпін к – деп те, г – деп те оқи беруге болады. Г//к – түркі тілдерінде бола
беретін тұрақты фонетикалық заңдылық. ДТС. – тегшүт «замена», МҚ.;
ДТС. 549), қ.: ыбырықты.
Дузлады (тұздады), қ.: тұзлатты.
Екті (екті). Тас. – еккіл (сеять, возделывать), АФ., Абу Х., Ибн М., Әт-
Туһфа., МҚ. – ек, экді, түрік. – тат. – экмек, тат. – игү, ноғ. – эк, башқ. – игеу,
қара қалп. – ек, ДТС. – ек (сеять, сыпать, 167).
Дүшті (түсті, жерге түсті). Жоғарыда аталып отырған жазбалар мен
тілдерде де осылай: тас, 207-түш, дөш, төш, түс; Абу Х., - дүш; ат-Туһфа –
түш; ққ. –дюш, тюс, тюш. Түркі тілдерінде бұл сөз көп мағыналы (
полисемантиялық) лексема болып келеді: түс//түш (падать, вклиться на
землю, вниз, ниспадать; слезать, сходить, спешиваться; останавиваться,
делать остановку; падать, выпадать; попадать, оказываться, делать остановку;
падать, выпадать; попадать, оказываться, т.т.., ДТС, 600).
Ейледі (істеді, солай етті). Абу Х. – ейле; ат-Туөфа- ассы ейле (делать себе
выгоду); кауанин-ейле. Ейлемек – вспомогательный глагол, выступающий
как синоним қылмақ и етмек «делать». (Нәжіп). Бұл автор «сохранилось в
совр. Тур. И азерб. Языках; в узб. Уйг, татар, каз.- вытеснено его
синонимами» деп жазады (77 б.).
Түрік тілінде – ейлемек ( вспомогательный глагол) «делать, производить,
совершать» (Турецко-русский ссловарь, М., 1945,182).
Ейүрледі (байыды). Қолжазбада «алиф» бастапқы әрпі «фатха» арқылы
берілген (яғни он ашық, езу дауысты дыбыс болып оқылуға тиісті),
аудармасы – арабша мала ( быть богатым, владеть чем-Л.; снабжать
деньгами, финансировать т.б.). мұны Зайончковский ейүрле (н) деп жазады
да, жақша ішінде үйленүр, арабшасы - деп ескертеді, оны өзі «склоняться;
направляться, руководствоваться» деп аударады. Арабша аудармасы мала
(склоняться, наклоняться), тамаййала (наклоняться, склоняться; гнуться)
болып айтылуға тиісті. әрі қарай бұл автормынадай салыстырмалы мысалдр
келтіреді: МҚ. - өдрүл, арабшасы – маииаза (отличать, различать; вделять;
давать предпочтение, т.б.) және хара (выбирать предпочитать, т.б.); ат-
Туһфа-ейіл, майрыл, амыт (тәржімасы-мала); Аф-амиті ( арбшасы-мала деп
жазады да «склоняться» деп аударды). Осы жерде бір түсініксіз жай бар.
әңгіме болып отырған екі қыпшақ сөзінің кейінгісінде (үйрлену формасында)
бастапқы «алиф» таңбасы «дамма» арқылы берілген, бірақ осы екі сөздің
екеуінде арабтың мала деген бір ғана өзімен аударуға болады: ол бірде «быть
богатым» деген мағына берсе, енді бірде «склоняться» деген ұғым тудырады
(қараңыз: Арабско-русский словарь, М., 1958,986 және 990-беттері). Сонда А.
Зайончковский бір жерге сиғызып, бір реестр есебінде беріп отырған екі
сөзді екі бөліп, екі реестр етіп, әрқайсысын өз мағынасы бойынша беру
керек: ейүрлді – «байыды» және үйрленүр – «белгілі бір жаққа қарай
қисайып, бейімделе бастады» деген екі түрлі ұғым туады. Қазіргі қазақ
тілінде «үйір» деген сөз бар, мысалы, үйір болу, бір үйір жылқы, үйірлес,
үйірлесу, үйірлеу, үйірлі, үйірлік, үйірме, үйірмелеу, үйірмелету, үйірсек,
үйіру, үйірету, үйірім, т.б. Бұл сөздің ескілеу түрі – угур (стадо, табун, стая),
үгүрлен (присоединяться к стаду, табуну, стае), үгүрлүг ( табуннй, имеющий
стадо, табун, стаю, ДТС, 623). О бастапқы түрі уд//уз//ут ( следовать,
присоединяться, ДТС, 608-606) болуы да мүмкін, бірақ бұл-өз алдына
этимологиялық бір мәселе болып қарлуға тиісті, болмаса біздің сөзіміздің
ұзаққа созылып, барынша жайылып кетуі де ықтимал. Бізге иісті керек болып
отырған ұғым мынау: бір нәрсеге үйір болып (үйірленіп) кеткен адам да, мал
да сол бір жағына қарай бейім болып («склоняться»етіп) тұрады ғой.
Қаралып отырған реестр сөздің беретін өзіндік мағынасын қазақ сөзінің
көмегі арқсында нақтылай түсу оншалықты қиын емес. Алғашқы (ейүрледі)
сөздің мағынасын әлі де болса зерттей түсу керек сияқты. Ол өзі эндемик сөз
(белгілі бір ортада ғана жұмсалатын тұлға) көрінеді. Біз өз тұрғымыздан бұл
екі сөзді екі айырып, екі түрлі реестрге бөліп беріп отырмыз.
Тіл дамуының әр кезеңде сөзді құрам көлемі мен мөлшері әртүрлі
деңгейде болады, нақтырақ айтқанда ол, бір жағынан, жаңа ресурстармен
толығып жатса, екінші жағынан, кеміп, азайып жатады. Мұны қолдан реттеп
отыру мүмкін емес. Оны сол тұста жарыққа шығарылып, хатқа түсірілген
дереккөздердіңмаериалын сұрыптау арқылы анықтауға болады. Біз үшін
маңыздысы – осындай жазба мұрағаттар деректері арқылы оларда қатталып
қалатын сол кезеңдегі тіл ұстанушының санасында нық орын тебетін
ғаламның концептулды бейнесін жаңғырту мүмкіндігі. Осыған қол жеткізген
сәтте біз бабалардың білімдер жүйесіндегі маңызды ақпараттың кілтін де
иемденеміз. Демек, ғасырлар бойы тарих қойнауында жатқанымен,
көмесіленбей, қайта жарқырай түсетін асылға біртабан жақындай түсеміз
деген сөз [4].
Пайдаланылған әдебиетер
1. Ф. де Соссюр. Курс общей лингвистики // Введение в языковедение.
Хрестоматия. – М., 2000.
2. Ходжаев А. Из истории древних тюрков (сведения древнекитайских
источников). Ташкент: Таfakkur, 2010.
3. Сабыр М. Б. Түркі тілдерінің лесикалық сабақтастығы // Y.
Халықаралық түркология конгресі «Мәдени ықпалдастық және өркениеттер
бірлігі». Түркістан, 2013. 166-170 б.б.
4.
Сүйерқұл Б.М. Хорезмидің «Мұхаббатнамесіндегі» (ХIYғ.)
лингвосемиотикалық кеңістік. Алматы: Дайк-Пресс, 2011
Достарыңызбен бөлісу: |