Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет169/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

ҰЛЫ ЖАЗА 
 
I. БІЛІК (Таным
 
1. Шыңғыс хан бұйырды: олардың (бізге жау болғандардың немесе 
заман) балалары әке ақылын тыңдамады, інілер сөздеріне назар аудармады; 
күйеуінің әйеліне сенімі жоғалды, ал әйелі күйеуіне мойын сұнбады, қайын 
ата келіндеріне суық көзбен қарады, ал келіндер қайын аталарына ізет 
жасамады, ересектер кішілерді тәрбиелемеді (үлкендер кішіге жол 
көрсетпеді), ал кішілер үлкендердің өсиетін ұстамады, ақсүйек-мырзалар 
қызметшілердің жүрегіне жақын тұрды, ал сыртқы адамды билікке әкелмеді, 
бай адамдар мүлік жақсылығын көрді, бірақ ұлысты басқарушы адамдарды 
құдіретті етпеді және ұлысты нығайтуға жол бермеді, (сондықтан) йосун, 
ясак және ақыл-ой жолы мен молшылық (жолы) белгісіз болды. 
Сол себептерден (елдің ішін) оппозиционистер, ұрылар, өтірікшілер, 
бүлікшілер және қарақшылар жайлады. Ондай адамдар өздерінің үйлерінде 
(бір) күн болмады, сондықтан олар (жатпай-тұрмай) ұрлық жасады, үйірлер 


мен табындарда, жақсы атта тыным болмады, ол аттар зорығып өлгенінше, 
арам қатқанынша, шіріп кеткенінше (сасып кеткенінше) және қырылғанынша 
демалыс болмады. Ол замандағы тәртібі жоқ, мағынасы жоқ бұл тайпа өмірі 
осындай еді. 
Шыңғыс ханның бақыты (заманы) келгенде, олар оның бұйрығына (қол 
астына) кірді, сонда ол берік бекіген заң (жосық) арқылы оларды басқарды. 
Ақылды (даналар) мен (арлы) азаматтарды әскер-бектері (қолбасшылар) етті. 
Әбжіл және тәсілқойлардың қолдарына керек-жарақтарын (құрық) беріп 
жылқышы етті; ақылсыздарды, оларға (қолдарына) кішкене өрме қамшы 
беріп, қойшылыққа жіберді. Осы себептен де оның (Шыңғыс ханның) ісі 
жаңа туған Ай секілді (толысып) күннен күнге үдеді; аспаннан, бәрінен 
жоғары Құдайдың құдіретімен жеңімпаз-көмек (Шыңғыс ханға жәрдем беру 
үшін) төмен түсті, ал жердегі (құт-береке) оның (Шыңғыс ханның) 
шапағатымен келді; жазғы жайлау оның (Шыңғыс ханның) масайрайтын 
және тойлайтын жеріне айналды, ал қыстау қонысы лайықты және малға 
жайлы болып келді. Ұлы Құдайдың қайырымымен мен осы (жоғарыда 
айтқан) мағынаны тауып алғанымда және өзімше осы ойды іздегенімде 
(ашқанымда), сонда (ұлы) өзгерістер болды; сол себепті тыныштық, шаттық 
және тойлар (үзілмей жалғасып) осы уақытқа дейін келіп жетті. Осыдан 
(заманнан) соң және бес жүз жылға дейін, мың жылға дейін, он мың жылға 
дейін де туатын ұрпақтар, егер менің орнымды басатын болса, қарапайым 
халықтан бастап бәріне жарайтын, Шыңғыс ханның осындай йосун (жосын) 
мен йосак (жосық) заңын бұрмаламай және сақтаса, онда (сол адамдарға) 
аспанның береке көмегі (Ахура-Мазда) келеді, олар (көмек алған соң) 
үздіксіз сауық-сайранда және тойлаумен (өмір сүретін) болады; (он сегіз мың 
әлемнің) Құдайы оларға (құт-береке дарытады); адамдар олар (марқұмдар) 
үшін дұға бағыштайды, олар мәңгілік жасайтын болады және екі дүниенің 
игіліктеріне кенелетін болады. Оған (жету үшін) келесі қағидалар қажетті: 
(есіңізде болсын) мемлекеттің беріктігі – (заңының) төзімділігінде, 
қатаңдығында. 
2. Егер осы (бізден) кейін (өмірге) келетін көптеген патшалардың 
ханзадалары, олармен бірге (қызметтес) болатын мырзалар, батырлар және 
бектер Жазаның (өсиеттерін) бекем сақтамайтын болса, онда мемлекеттің 
шаңырағы шайқалады және (жұлыны) үзіледі. Сонда (ғана) Шыңғыс ханды 
шын көңілмен (жылап-еңіреп, жаздым-жаңылдым деп) іздейтін болады, 
бірақ (бәрі кеш болады) таба алмайды. 
3. Жылдың басында және соңында біздің ойымызды тыңдауға келіп 
және кері (еліне) қайтатын сансыз, мыңдаған, жүздеген бектер әскерді 
басқара алады, өздерінің кигіз үйлерінде (шықпай) отырып алып, (біздің 
Жазадағы) ойларды естімейтіндердің (әскер немесе ел басқарамын деген) 
жағдайы болса, терең суға бататын, тасқа немесе қамысты жерге атылған 
оққа ұқсайды – олар (жеңіліске ұшырап өзінен өзі) жоқ болып кетеді. Мұндай 
адамдарға (ел немесе қол) басқару үйлесімсіз. 
4. Кімде-кім өз от басын дұрыс басқарып алып жүре алса, (ел) иелігін 
де дұрыс алып жүре алады. Кім мойнына алған міндетіне сәйкес он адамды 
(бұйырылған жұмысқа) дұрыс жұмылдыра алса, оған (қарауына) мың және 


түмен (адам) берілсе де оңды, (себебі) ол өз міндетін жақсы атқара алады. 
5. Кім өзінің ішін (арын) тазарта алса, сол (адам өз билігіндегі) иелікті 
ұрылардан (жемқор, пәреқор, тағы басқа) тазарта алады. 
6. Өзінің ондығын (дұрыс басқара) алмаған әрбір бекті, біз әйелімен 
және балаларымен бірге кінәлі етеміз (жазалаймыз) және бек етіп тап соның 
ондығынан (басқа) біреуді қайта сайлаймыз. Жүздік, мыңдық және түмен 
бектерімен де дәл осылай (жұмыс) жасаймыз. 
7. Үш кемеңгер адам келісіп шешкен әрбір (іс пен) сөзді, барлық жерде 
(нық сеніммен) айтуға болады; олай жасалмаған жағдайда (ол сөз бен іске) 
сенуге болмайды. 
Өз сөзіңді және басқалардың сөзін біліктілердің сөзімен салыстыр: егер 
ол (ойларың) бірдей болып шықса, онда (жұрт алдында) жариялауға болады, 
ондай (үйлесім) болмаған жағдайда ешқандай жариялауға болмайды. 
8. Ісі түсіп тұрған, үлкен кісімен (бірге, жүретін әркім) сол үлкен кісі 
сұрамайынша, (өзінің мүддесін көздеп) бір (ауыз) сөз де айтуға тиісті емес; 
ол үлкен кісінің сұрағына сәйкес келетін ылайықты жауапты (тапса) мейлі 
берсін. Егер ол (жолы кіші әркім) сөзді бұрын бастаса – үлкен құлағына ілсе 
жақсы; ондай болмаған жағдайда ол (жолы кіші әркім) суық темірді соғады. 
9. Әрбір еті қалың (семіз) болса да жақсы шабатын жылқы, егер сол 
бітімімен (бапсыз-ақ) шапса, ондай атты жақсы деп атауға болады. 
Бірақ тек бабы келсе (ғана) жақсы шабатын болса, жақсы ат деп айтуға 
болмайды. 
10. Басшылық жасайтын аға бектер және барлық жауынгерлер, 
жаугершілікте (болсын) немесе аңшылықпен айналысып жүрсін, өздерінің 
атына (кір келтірмеуге), өзінің есімі мен даңқын аспандатуға тиісті; әркез 
Құдайдан (бар ынты-шынтымен) жалбарынып өзінің есімін сегіз жағынан 
әдемілеуді, тәубәшіл (шын) жүрекпен жалбырана сұрау (керек), тек көне 
тәңір (ғана өзгермей) бір орында мәңгілік тұрады, (дүниенің төрт бұрышын 
да күшпен ұстау Құдайдың ғана қолынан келеді). 
11. (Тыныштық заманда) халық ішінде жүргенде бұзау сияқты 
кішкентай және үндемейтін (момын) болуы керек, ал соғыс кезінде – аңға
түскен аш сұңқар тәрізді (сорғалап) көздеген іске (ашты) айқаймен (ұрандап) 
кірісу керек. 
12. Айтылған әрбір сөз шындығымен күшті деп ойлаймын. Ол егер 
әзілдесе орындауға болмайды. 
13. Адам өзін қалай білсе, басқаларды да (солай) біле алсын. 
14. Ер кісі адамдарға барлық жерде бірдей көрінетін Күн емес: ері 
аңмен немесе соғыспен алысқа жолаушылап кеткенде әйел үйін асқан 
тазалықпен, ұқыппен және әдеппен ұстасын, егер үйіне (алыстан) жаушы 
немесе кәделі қонақ келсе, барша (жөн-жосықты) орын-орнымен істесін, әрі 
ол келген кісіге лайықты кәделі тамақ әзірлесін, сонда қонақ ештеңеге 
мұқтаж болмайды, ол (нәтижесінде) сөзсіз күйеуінің жақсы атағын шығарады 
және шыңға айналған тау секілді оның абыройын (ұлы) жиындарда 
аспандатады, (есіңізде болсын) жақсы ерлердің атақ-даңқы жақсы әйелдер 
арқылы шығады. Егер әйелі ақымақ және топас, ойсыз және тәртіпсіз болса, 
ол күйеуінің нашар жақтарын (артын) ашады. Бұған жарты елең: "үйдегінің 


бәрі иесіне ұқсайды". 
15. Бүлік кезінде Дарғай-Уха (сақтықпен) қалай (айла) жасаса, (айланы) 
солай жасау керек. Ол бүлік уақытында Хатакин тайпасынан екі нөкерімен 
бірге келе жатып, алыстан екі аттылыны көреді. Нөкерлері "біз үшеуміз, ал 
олар екеу; оларға шабуыл жасайық" деді. Ол "біз оларды қалай көрсек, олар 
да бізді нақ сондай көрді – шабуыл жасаудың қажеті жоқ" деді де атын 
қамшылап, ол кейін шаба жөнелді. Соңынан шынында дәл ол ойлағандай 
болып шықты, сол екеудің бірі татар тайпасынан Тикум-Уха екен; бес жүзге 
жуық өз адамдарын торуылға (жасырып) қойған да, әлгі (Дарғай-Уха 
бастаған) үш адам өзіне шабуыл жасаса, жан сауғалап (өтірік) қашып, оларды 
сол (тұзақ) жаққа алдап әкеліп, сосын өзінің нөкерлері көмегімен оларды 
ұстап алу үшін (алдаусыратып) көрінген. Бірақ ол (Дарғай) сол (айла) мәнін 
түсінді де, қашып сол маңайда бұрыннан жүрген басқа жиырма нөкерлеріне 
қосылды, әрі жаулары жасырған аярлық (қулығын) әшкерелеп берді. Мұның 
(Дарғай-Уха) жеңіске жетіп отырған (себебі) сол – әрбір істі сақтық қажет 
етіп (атқарған). 
16. Біз аңға шығып (жазықсыз) көп тау өгіздерін қырамыз; біз соғыста 
және көп дұшпанды өлтіреміз. (Бұл қан төгулердің ауыртпалығы және күнәсі 
аса үлкен) бірақ бәрінен құдіретті Тәңір (ақ) жол ашады да (бұл күнәһар) іс 
сондай жеңілдейді, олар (қырылғандар кек алуды) ұмытады және (көзқарасы 
жақсы бағытқа) өзгереді. 
17. ??? 
18. Бізге зерлі киім мен асыл бұйым заттарды (үстінен) пайда көремін 
деген үмітпен әкелетін (саудагер) көпестер қандай тауарлар мен маталардан 
(қанша) пайда түсетініне (көзін жұмып) жатқа айтатындай тәжірибелі болса, 
сол секілді әскер басқаратын бектер де балаларын сондай етіп садақ атуға 
және ат құлағында ойнауға үйретуге тиісті; осы істерге оларды (көзін 
ашқаннан) жаттықтырып, сондай-ақ тәжірибелі алып-сатарлар сияқты, өздері 
болашақ иелік ететін өнерлеріне (осы бастан даярлап), оларды сондайлық 
батыл және ержүрек етіп өсірулері керек. 
19. Бізден кейін біздің ру (адамдары) алтын (жіппен) көктелген киім 
(талғап) киетін болады, майлы (семіз соғым) және тәтті тағамдар (таңдап) 
жейді, текті нәсілді аттарға (таңдап) мінеді, сүйкімді (көргенді) әйелдерді 
(таңдап жүріп жар етеді) құшады және (бұл игіліктердің барлығын) біздің 
әкелеріміз бен ағаларымыз жинады (солардың арқасында осындай дәрежеге 
жеттік) демейді, сондай-ақ бізді және сол бір асқан жанкешті қантөгіс 
қиындықпен келген ұлы жеңісті күнді ұмытады. 
20. Шарап және арақ ішуші адам мас болғанда ештеңе көре алмайтын 
соқыр болып қалады. Оны шақырсаң естімейді, мылқау болады; онымен 
сөйлессең (тілі күрмеліп) жауап бере алмайды. Мас болған кезінде өлген 
адам қалпындағы сияқты түзу отырғысы келсе – отыра алмайды; сондықтан 
басынан жарақат алған адам сияқты болады, сезімсіз және (мәңгіріп) 
есеңгіреп қалады. Шарап пен арақ (бар жерде) ақыл мен өнер үшін 
(қонақтайтын) пайда (ұя) жоқ, сондай-ақ (ішкен адам) ізгі қасиеттері мен 
аяулы мінезін жоғалтады; олар (адамды) жаман істерге, (нақақ) кісі өлтіруге 
және (мақсатсыз) ұрыс-жанжалға араластырады; адамның өзінде бар (дүние-


мүлік) заттарынан, сондай-ақ өзі білетін бойына қонған (қасиетті) 
өнерлерінен айырады да, оның (атқарған) істері мен (жүрген) жолы ұятты 
(масқараға) айналады; сондықтан ол (адамдық) жолын жоғалтады.
Шарап пен араққа тойымсыз патша ұлы істерді, (алысын болжаған) 
ойларды және ұлы (мемлекеттік) құрылым-жүйелерді (өмірге) келтіре 
алмайды. 
Шарап пен араққа нәпсі-құмар бек (өзінің қарамағындағы) мыңдық, 
жүздік және ондықтардың істерін (әдемі үйлестіріп, қатал) тәртіпте ұстай 
алмайды. 
Шарап ішуге құмар болған қатардағы жауынгер ол (қараша) адам 
(тағдыры) өте үлкен қақтығысқа ұшырайды, яғни ол бақытсыздыққа душар 
болады. 
Жәй, яғни қарадан шыққан адам егер шарап ішуге құмар болса ат, 
табын және өзінің барлық (дүние) мүлкін тауысып (маскүнем) кедейге 
айналады. 
Шарап ішуге құмар құл өмірін үздіксіз абыржу мен (қорлықпен) жапа 
шегуде өткізеді. Бұлар – шарап пен арақ, мас болғандардың (сұлусың деп) 
бетіне және (ізгісің деп) жүрегіне қарамайды – жақсыларды да, ақымақтарды 
да мас етеді және бұл мас адам "ақымақ" немесе "жақсы адам екен" деп 
айтпайды. Қолды дәрменсіз егеді – сондықтан ол алудан және өз кәсібін 
атқарудан бас тартады; аяқты әлсіз етеді – ол қимыл жасау мен жүруден бас 
тартады, жүрек пен миды әлсіз етеді – олар дұрыс сезініп ойлай алмайды
барлық сезім мен ойлау жүйелерін жарымжан етеді. 
Егер (ол шарапқа салынған жан) ішуден енді басқа амалы қалмаса, онда 
айына үш рет тоя ішуі керек; егер үшеуден асса – тәртіпсіздік; егер айына екі 
рет тоя ішсе, бұл – дұрысырақ, ал егер бір рет ішсе – сөзсіз мақтауға 
тұрарлық; ал егер ішпесе – онда өзі өмір сүруі үшін одан артық не (бақыт) 
болуы мүмкін? Бірақ тоя ішпейтін ондай адам қайдан табылады? Егер 
табылса, онда ол жан барша құрметке лайықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет