Кипчаки евразии: история, язык и


 Орта ғасырлардағы қазақ хандары және олардың айтулы заңдары



Pdf көрінісі
бет171/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

2. Орта ғасырлардағы қазақ хандары және олардың айтулы заңдары 
Шыңғыс ханның сыртқы саясат пен әскери мәселеде кеңесшісі батыр-
абыз Кет Бұға, ал ішкі саясат пен империя халықтарының бірлігін сақтауда 
кеңесшісі шешен Майқы би болыпты. 1220-шы жылдары бүгінгі Қазақстан 
жері осы алып империяның бір бөлігі Жошы ұлысының құрамына енді. 
Шыңғыс хан, Жошы хан, Кет Бұға, Майқы би болып қазақты Үш жүзге 
бөліп, үш ағайынды адамнан – Ағарыс, Жанарыс, Бегарыстан таратыпты. 
Ұлағатты бабаларымыз Шыңғыс хан, Кет Бұға абыз, Майқы би және Жошы 
ханның барлық қазақты үш жүзге бөлуінің нәтижесінде бүгінгі қазақ 
мемлекетінің негізі қаланды. Қазақ тарихы, Орталық Азияның басқа көшпелі 
елдерінің де тарихы атақты хандар мен кемеңгер ру көсемдерінің қызметі 
арқылы баяндалады. Сондықтан қазақ мемлекетінің тарихы Алаша ханнан 
бастау алады деп, біз шежіреге сүйеніп айта аламыз. Қазақ шежіресі аңыз-
әңгімені: "Алаша Хан және оның ұлы Жошы хан заманында", деп бастайды. 
Мәшһүр Жүсіп жазуына сай, Алаш – Қазақбай. Сол Қазақбайдың үш ұлы 
болыпты – Ағарыс, Жанарыс, Бегарыс.
Ағарыс ұлы – Үйсін. Бұл Ұлы жүз Үйсін деп аталды. Үйсін Көсем 
басқарған жұрт Ұлы жүз аталады. Түп қазығы Салықшы, Ханның бақташысы 
болсын. Жауға шапқанда бұлар шаппасын. Тас-түйін болып тұрсын десіпті. 
Жанарыс ұлы – Арғын. Бұл Орта жүз Арғын деп аталды. Арғын Көсем 
басқарған жұртқа Орта жүз деп ат қойысыпты. Орта жүз тосқауылшысы орта 
буында жүрсін. Ханның ақылшысы болсын десіпті. 
Бегарыс ұлы – Алшын. Бұл Кіші жүз "Алшын" деп аталды. Алшын 
Көсем басқарған жұрт Кіші жүз аталады. Жаудан беті қайтпайтын ержүрек, 
қарсы алдында жүріп жан қадірін білмейтін, бұлар кезеуілші болып, ең 
алдында жүріп жауға шабатын болсын. Ханның қорғаушысы болсын десіпті, 
ұлы бабаларымыз [1-4]. 
Қазақтың үш жүз аталған жері, осы делінеді шежіреде [9; 10]. 
Ұлы жүз ұраны – Бақтияр, 
Орта жүз ұраны – Ақжол, 
Кіші жүз ұраны – Алдияр. 
Қазақтың қазақ болып, көзге түсіп, ауызға ілінгені осы Алаша ханның 
хан болып тұрған кезі. Қазақтың басын қосып, біріктіріп, қоныс қондырған 
да Алаша хан мен Алаша ханның ұлы Жошы хан. Сонан бері Алаш ұранды 
Қазақ баласы ел басына күн туғанда, "Алаш-Алаш" деп айғай салғанда 
естіген қазақта ес қалмайды", – дейді қазақ шежіресі. 
Сонымен Ұлы дала көшпелілерінің әділет, құқық және билік 
заңдарының және басқа салт-дәстүр, ғұрып, әдеп, әдет, ырым, тиымдары 
Шыңғыс хан Жосығы баптарының жалғасы. Міне, осы билік заңдарының 


бірсыпыра ұғымдарына және оны жасаушыларға тоқталайық. Баянды Жошы 
ханнан бастайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет