Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет172/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

Жошы хан (1187-1227) – Шыңғысханның үлкен баласы, ұлдарының 
ішінде әкесінің ақылдасатын бірінші адамы болыпты. Дешті Қыпшақтағы 
феодалдық Мемлекет – Жошы Ұлысының негізін салушы, Жошы әулетінің 
Алтын Орда мен Дешті Қышпақтағы басшысы. Шыңғыс хан империясында 
ірі әскери әрі мемлекет басшысы. 1223 жылы көктемде Жошы әкесінің 
шақыртуымен Сайрам мен Талас аралығындағы Құланбасы жазығында 
жиналған құрылтайға келді. Шыңғыс хан алып империяның жерін бөлген 
кезде Жошыға Ертістен бастап Орал тауларының аралығы, одан әрі батысқа 
қарай жаулап алынған жерлер тиді. Ордасы Ертіс алқабында болды. 
Құрылтайдан соң Шыңғыстың Жошыдан басқа балаларының бәрі әкесімен 
бірге Шығысқа оралды. Жүзжанидың мәлімдеуіне қарағанда: «Жошы 
қыпшақтардың жері мен суын, ауасын көрген кезде дүниеде бұдан артық 
жердің, бұдан артық сап ауаның, мөлдір судың болуы мүмкін емес екенін 
ұғып, қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, өзі осында қалып, бұл жерде 
айбынды мемлекет құруға бел байлаған. Шыңғыс ханның Білігі мен 
Жосығын қазақ жерінде қалыптастырған адам – Жошы хан. 
Қасым хан (1445 ж.ш.т. – 1518 ж.ш.ө.) – қазақ ханы, Қазақ 
хандығының иегізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның баласы. Шешесі 
Жаған бегім Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның шешесінің 
туған сіңілісі. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты, ел басқару әдісі т.б. 
жөнінде мәлімет өте аз. Мұхаммед Шайбанидың қазақ билеушілеріне қарсы 
соғыстары туралы деректемелерде Қасым ханның аты алғаш рет аталады 
және оған «белгілі сұлтандар мен бахадүрлардың» бірі деген баға беріледі, 
«Бұрындық ханның атты әскерінің жетекшісі» екені көрсетіледі. Бұрындық 
хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, шет жерде дүние салды да, Қасым хан 
билікті өз қолына алды. 
Қасым хан билеген кезеңде қазақтар мен Шайбани әулеті арасында 
Сырдария маңындағы қалалар үшін қақтығыстар мен соғыстар одан әрі 
жалғасты. 1510 жылдың қысында Шайбани хан әскері Ұлытау бөктерінде 
отырған Қасым ханның ұлысына шабуыл жасады. Оларға күшті тойтарыс 
бере алмайтынын білген Қасым хан шегініп кетті де, тұтқиылдан шабуыл 
жасап, дұшпанын тас-талқан етті. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, 
Қасым хан 1548 жылы өлген. Ал, Тахир Мұхаммед «Раузат ат-Тахирин» атты 
еңбегінде Қасым хан 1523-24 жылдары өлген, деп келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет