Ұлы Йасаны бір жүйеге түсіруде және көптеген шашыранды
нұсқаларын іздеп табуда Эренжен Хара-Даван үлкен еңбек сіңірген. Ол Ұлы
Йасаны жинап, өзінің 1929 жылы Белградта жарық көрген "Чингис-хан как
полководец и его наследие" атты кітабында жариялай отырып, түсінік жазған
[7; 12]. Дегенмен, бүгінгі күнге үзінді түрінде жеткен Ұлы Йасаны дәл осы
күнге дейін толық зерттеп, ұғынықсыз сөз бен сөйлемдерді орнына қойған
ғалым жоқтың қасы деуге болады.
Яса, деп таңбаланған әртүрлі дыбысталудағы бұл сөздің мазмұны –
жаза, жазалау дегенге сәйкес келеді. Әртүрлі дыбысталуға негізгі себеп –
орыс тілінің "Я" әрпі. Егер бұл сөзді толық
дыбыстық-әріптік құрамда
жазсақ, онда "Йаса" болар еді. Енді Алтын Орда заманында сөз басындағы
"Й" дыбысы "Ж" дыбысына ауыстырылғаны тарихтан белгілі. Сонда бұл сөз
"Жаса" болып дыбысталады. Ал, біздің бүгінгі сөйлеу дағдымызға сай "Жаза"
болып, өз мағынасына ие болады. Шыңғыс хан елдің ежелгі дәстүрін
заңдастырған, жетілдірген және осындай
мазмұнда жасалған Ата Заңын
"Ұлы Жаза" деп атаған.
Екінші тарауда Джосак деп таңбаланған дыбысталудағы сөздің
мазмұны – дәстүр, жөн-жосық дегенге сай келеді. "Жөн-жосықты білмейсің"
–
бұл жерде әдепті, үлкенді сыйлауды, ата-баба дәстүрін
білмейсің деп
кінәлау. Кейде "Ой, әр нәрсенің жөн-жобасы, жосығы бар. Буынсыз жерге
пышақ салма!" делінеді. Қазақ тілінде осы күнге
дейін жосық деп
дыбысталатындықтан, екінші тарау Жосық деп алынды.
Ендігі жерде ұлы Шыңғыс ханнан бізге жеткен осы жәдігердің өзін
берейік [7; 12]. Жәдігердің жалпы атауы Ұлы ЖАЗА деп аталады, мағынасы
– Үлкен ЖАЗА. Ал, оның ішіндегі Білік пен Жосық тарау болып алынды.
Жәдігердің негізгі мәтінінен үзінді беріліп, әрбір баптың түсініктеме,
сілтемелері алынып тасталды.
Достарыңызбен бөлісу: