Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013
ШЫҢҒЫС ХАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ: БАСТАУЫ МЕН АЙТУЛЫ КЕЗЕҢДЕРІ Бейсетаев Р., Жақия Д. Қарағанды, ҚР ДСМ КАжЕГ ҰО, ҚР ІІМ Қарағанды академисы Бүгінгі Қазақстанның жерінде бірнеше мың жыл бұрын рулық қауым
пайда болғаны тарихтан белгілі [1-25]. Даланы мекендеген көшпелі тайпалар
тіршілігінде ру қауымының ыдырауы мен мемлекеттің пайда болуы өте баяу
іске асты. Сақтар дәуіріндегі көшпелі тайпалардың қоғамдық құрылысына
әскери демократия тән болды. Ол құрылыстың әлеуметтік негізі қандас-
туыстас және одақтас тайпалар болады. Сақтардан кейінгі үйсіндер мен
қаңлылар да әскери демократия сатысын бастан кешірді. Олар тайпалардың
тұрақты одағын құрып, өздеріне патша сайлай алды. Ондай қоғамның
ұйтқысы "ру" болды.
Десек те, бұл одақтар толық бірорталыққа бағындырылған мемлекет
болмады. Мемлекет басқарудың жазба құралы да болмады. Сол секілді, елдің
заң жүйесі де ауызша қабылданған, есте сақталатын ережелер жиыны
болатын. Бір Орталыққа бағынған, жазба заң ережелері бар алғашқы Дала
Империясы ХII-ші ғасырдың аяғында – ХIII-ші ғасырдың басында Орталық
Азияда пайда болды. Көшпелі түркі тайпаларының бірігуі басталып,
нәтижесінде көшпелі елдердің жаңа империясы пайда болды. ХII-ші
ғасырдың аяғында Керейдің кемеңгер ханы Құтұлұғ: – «Түркі жұрты,
Теміршіні қаған сайлаңдар, сол барша түркі елінің басын қосады», – деген
ұлағатты сөз айтқан болатын. Ұлының айтқаны келіп, 1206 жылы Есугейдің
ұлы Теміршіні (Қытай жылнамаларында – Темучжин) Шыңғыстаудың
бауырында Қаған сайлап, Шыңғыс хан деп атаған болатын. Ал, қол астына
ықтиярсыз күшпен, зорлықпен енген біраз халық оны Алашы (жан алғыш)
деп, сондықтан Алаш (Алаша) атанып, сол атпен қазақ тарихының төрінен
орын алды. Шыңғыс хан Империяны жалғыз құрған жоқ: оның сыртқы саясат
пен әскери мәселеде кеңесшісі абыз Кет Бұға, ал ішкі саясат пен халық
бірлігін сақтауда кеңесшісі шешен Майқы би болыпты [2-12].
1220-1224-шы жылдары бүгінгі Қазақстан жері осы алып империяның
бір бөлігі – Жошы Ұлысының құрамына енді. Шыңғыс хан, Жошы хан, Кет
Бұға, Майқы би болып алты алаш (алтай, қазақ, татар (сібір татары), ноғай,
қарақалпақ, қалмақ) елді билеп, ал қазақты Үш жүзге бөліп, алаламай үш
ағайынды адамнан (Ағарыс, Жанарыс, Бегарыстан) таратып, үлкенді-кішілі
қылып, біріне-бірін сыйлатып өтіпті [9-10]. Бұл сыйластық өнегелі шаңырақ
баласының бойында бүгінде сақталған. Ұлағатты бабаларымыз Шыңғыс хан,
Кет Бұға абыз, Майқы би және Жошы ханның қазақты үш жүзге бөлудегі
негізгі мақсаты – тұтас Ұлыста туыстық-рулық қатынастың арқасында өз-ара
сыйластық пен ел бірлігін қамтамасыз ету.