Кіріспе 1 2-тарау. Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Қордың ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі рөлі 9


-тарау. Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Қордың ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі рөлі



бет2/9
Дата08.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#122402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2-тарау. Қор мен ұйымдардың өзара іс-қимылы. Қордың ұлттық басқарушы холдинг ретіндегі рөлі

1. Қордағы және ұйымдардағы корпоративтік басқару жүйесі олардың қызметін тиісті басқаруды және бақылауды қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді құнды арттыруға және орнықты дамуға бағытталады. Қор ұлттық басқарушы холдинг ретінде өз компанияларына қатысты стратегиялық холдинг рөлін атқарады. Корпоративтік басқару негізінде тиімділік, жеделділік және ашықтық болуға тиіс.

2. Қордың және ұйымдардың корпоративтік басқару жүйесі Қордың және ұйымдардың қызметін басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын, сондай-ақ атқарушы органның, Директорлар кеңесінің, акционерлердің және мүдделі тараптардың арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін білдіреді. Органдардың құзыреттері және шешімдер қабылдау тәртібі жарғыда нақты айқындалуға және бекітілуге тиіс.

3. Қор акционердің (қатысушының) функцияларын іске асыру жолымен, сондай-ақ Директорлар кеңесі арқылы компаниялардың жарғыларында және осы Кодексте айқындалған тәртіппен компанияларды басқаруға қатысады.

Қор жыл сайын компанияның Директорлар кеңесінің төрағасына және Директорлар кеңесіндегі Қордың өкілдеріне алдағы қаржы жылына акционердің күтетіндерін жолдайды.

Қор акционерлердің жалпы жиналысы форматында барлық дауыс беретін акциялары Қорға тиесілі компаниялар Директорлар кеңесінің мүшелерімен отырыстар өткізеді.

Компаниялардың Директорлар кеңестері компаниялардың жарғысында белгіленген өз құзыретінің шеңберінде шешім қабылдауда толық дербестікке ие болады.

Қордың жекелеген мәселелер бойынша ұстанымы компанияның Директорлар кеңесіндегі Қордың өкілдері арқылы жеткізіледі.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық дауыс беретін акциялары Қордың меншігіндегі компанияның жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне кіретін мәселелер осындай компанияның тиісінше Директорлар кеңесінің және атқарушы органның құзыретіне жатқызылуы мүмкін. Осындай жағдайларда құзыретті төмен тұрған органға берген орган берілген құзыреттердің іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға тиіс.

4. Қор компаниялармен жүргізілген талқылауларды ескере отырып, компаниялар үшін бірыңғай саясат қалыптастырады, ұйымдарға арналған әдістемелік ұсынымдарды және корпоративтік стандарттарды бекітеді.

Ұйымда Қор бекіткен ішкі аудит саласындағы корпоративтік стандарттарды және ішкі бақылау жүйесін қолдану туралы шешімді көрсетілген стандарттардың ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкестігінің қамтамасыз етілуін ескере отырып, ұйымның Директорлар кеңесі қабылдайды.

5. Қордың және компаниялардың атқарушы органдары компаниялардың Директорлар кеңестеріне бекіту үшін жіберілетін компаниялардың даму жоспарларының жеткілікті жоғары мақсаттылығын және шынайылығын, сондай-ақ олардың Қордың стратегиясы мен даму жоспарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық рухында өзара іс-қимыл жасауға тиіс.

Қордың атқарушы органы компанияның атқарушы органымен стратегия және орнықты даму мәселелері бойынша тұрақты диалог жүргізуге тиіс. Бұл ретте Қор даму жоспарында белгіленген ҚНК орындалмауына әкеп соқтыратын мән-жайлар болатын жағдайларды қоспағанда, компанияның атқарушы органы жауапты болатын компанияның жедел (ағымдағы) қызметіне араласуға жол бермейді.

6. Таза кірісті акционер ретінде Қордың пайдасына бөлу формальдандырылған және ашық дивидендтік саясаттың негізінде дивидендтер нысанында жүзеге асырылады.

7. Ұйымдарды басқаруды ұйымдардың органдары ұйымның жарғысында айқындалған құзыреттерге және тәртіпке сәйкес жүзеге асырады. Осы қағидат бірнеше акционерлері (қатысушылары) бар ұйымдарға да қолданылады.

8. Қор, ұйымдар және олардың лауазымды тұлғалары Қордың және ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын арттыру және олардың орнықты дамуы, тиісінше қабылданатын шешімдер және әрекет/әрекетсіздік үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

Қор және ұйымдар, атқарушы орган қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі элементі ҚНК жүйесі болып табылады. Қор Директорлар кеңесіндегі өзінің өкілдері арқылы компанияларға ҚНК бойынша өз күтулерін жолдайды. Компанияның ҚНК тізбесі мен нысаналы мәндерін компанияның Директорлар кеңесі бекітеді.

ҚНК қол жеткізу мақсатында компаниялар тиісті даму жоспарларын әзірлейді.

Қордың және ұйымдардың ҚНК қол жеткізуін бағалау бекітілген даму жоспарымен салыстыру бойынша жыл сайынғы негізде жүзеге асырылады. Осы бағалау атқарушы органдар басшысының және мүшелерінің сыйақысына әсер етеді, оларды қайта сайлау кезінде назарға алынады, сондай-ақ оларды атқаратын лауазымынан мерзімінен бұрын шеттету үшін негіз болып табылады.

9. Холдингтік компанияның Директорлар кеңесі өзінің тобына кіретін барлық заңды тұлғалардағы басқару тиімділігін, ұзақ мерзімді құнның өсімін және орнықты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Операциялық тиімділікті арттыру, есептіліктің сапасын жақсарту, корпоративтік мәдениет пен этиканың жақсартылған стандарттары, жан-жақты ашықтық және айқындық, тәуекелдердің азаюы, ішкі бақылаудың тиісті жүйесі холдингтік компанияның тобындағы тиімді басқару нәтижелеріне айналуға тиіс.


3-тарау. Орнықты даму

1. Қор және ұйымдар өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңызын сезінеді және ұзақ мерзімді құнды арттыруға ұмтыла отырып, мүдделі тараптардың мүдделер теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді кезеңде өзінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Мүдделі тараптармен жауапты, ойластырылған және ұтымды өзара іс-қимыл жасау тәсілі Қордың және ұйымдардың орнықты дамуына ықпал ететін болады.

«Орнықты даму – болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігінен айырмастан, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктеріне жауап беретін даму». (Қоршаған орта және даму мәселелері жөніндегі дүниежүзілік комиссияның «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамасы, 1987 жылғы 4 тамыз).

«Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру». (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жылғы 12 желтоқсан).

2. Қор және ұйымдар бұл ретте өзінің орнықты дамуын қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді құнды арттыруға тырысуға тиіс және мүдделі тараптардың мүдделер теңгерімін сақтауға тиіс. Орнықты даму саласындағы қызмет халықаралық озық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

3. Қор және ұйымдар ұзақ мерзімді кезеңде, оның ішінде акционерлер мен инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құнның артуын да қамтитын орнықты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарын келісуді қамтамасыз етуге тиіс. Қордағы және ұйымдардағы орнықты даму үш: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік құрауыштардан тұрады.

Экономикалық құрауыш Қордың және ұйымдардың қызметін ұзақ мерзімді құнды арттыруға, акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз етуге, процестердің тиімділігін арттыруға, неғұрлым жетілдірілген технологиялар құруға және оларды дамытуға инвестицияларды көбейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға бағыттауға тиіс.

Экологиялық құрауыш биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсердің азаюын, шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалануды, экологиялық, энергия және материалдық-үнемдеу технологияларын қолдануды, экологиялық жағынан қолайлы өнімнің жасалуын, қалдықтарды азайтуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз етуге тиіс.

Орнықты дамудың әлеуметтік құрауышы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бағдарланған, ол өзгелермен бірге: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қызметкерлердің денсаулығын сақтауды, қызметкерлерге әділ сыйақы беруді және олардың құқықтарын құрметтеуді, персоналды жеке дамытуды, персоналға арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды, жаңа жұмыс орындарын құруды, демеушілік пен қайырымдылықты, экологиялық және білім беру акцияларын өткізуді қамтиды.

Қор және ұйымдар осы үш аспект бойынша өз қызметіне және тәуекелдерге талдау жүргізуі, сондай-ақ өз қызметі нәтижелерінің мүдделі тараптарға теріс әсерін болдырмауға немесе оны азайтуға ұмтылуы тиіс.

4. Ашықтық, есеп берушілік, айқындық, этикалық мінез-құлық, мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жеке басының үлгісі орнықты даму саласындағы қағидаттар болып табылады.

5. Қорда және ұйымдарда орнықты даму саласындағы басқару жүйесі құрылуға тиіс, ол мынадай элементтерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

1) Директорлар кеңесінің, атқарушы органның және қызметкерлердің деңгейінде орнықты даму қағидаттарына бейілділік;

2) үш құрауыш (экономика, экология, әлеуметтік мәселелер) бойынша ішкі және сыртқы ахуалды талдау;

3) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда орнықты даму саласындағы тәуекелдерді айқындау;

4) мүдделі тараптардың картасын жасау;

5) орнықты даму саласындағы мақсаттарды және ҚНК айқындау, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жауапты тұлғаларды айқындау;

6) тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды, адами ресурстарды басқаруды, инвестицияларды, есептілікті, операциялық қызметті және басқаларды қоса алғанда, негізгі процестерге, сондай-ақ даму стратегиясына және шешімдер қабылдау процестеріне орнықты дамуды интеграциялау;

7) орнықты даму саласындағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

8) орнықты даму саласындағы іс-шаралардың жүйелі мониторингі және бағалануы, мақсаттар мен ҚНК қол жеткізуді бағалау, түзету шараларын қабылдау, тұрақты жақсарту мәдениетін енгізу.

Қордың және ұйымның Директорлар кеңесі мен атқарушы органы орнықты даму және оны енгізу саласында лайықты жүйе қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Барлық қызметкерлер мен барлық деңгейлердегі лауазымды тұлғалар орнықты дамуға үлес қосады.

Холдингтік компаниялар бүкіл топ бойынша орнықты даму қағидаттарының енгізілуі үшін жауап береді.

6. Қор және компаниялар қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметінің мүдделі тараптар үшін айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында орнықты даму саласындағы есептілікті жыл сайын жариялайды.

7. Қор және ұйымдар әріптестердің орнықты даму қағидаттарын қолдануын көтермелеуге және ықпал етуге ұмтылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет