Кіріспе бет і-тарау білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері



бет14/16
Дата20.05.2022
өлшемі382 Kb.
#458134
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
kur -bastauysh-mektepte-matematika-paninde-aqparattyq-tehnologijalardy-paydalanu

А)7=6
ә)5=3
а)2=2
Әріпті өрнекті тап
а)7 + а
ә) 8 + 3
6)9-2
Дұрыс жауабын тап
А) 1дм=7 см
ә) 1 дм=10см
б) 1 дм = 3см
6 ондық — алпыс - 60
7 ондық - жетпіс — 70
8 ондық - сексен - 80
9 ондық — тоқсан — 90
10 ондық — жүз— 100
Қайсысы есеп екенін белгіле
а) Қорада 4 бұзау, 2 қозы тұр. Барлығы неше бұзау тұр?
ә) Бакшаға 5 торғай 3 көкек келіп қонды. Барлығы неше құс келіп қонды?
Б) Сәуле бірнеше дәптер және 2 кітап алды. Барлығы неше оқу құрал алды?
"Алтын кақпа".
1.Компьютерді пайдаланып алдын ала енгізілген тест тапсырмаларын шешеді, нәтижесі алынады.
2. Папкамен жұмыс
3. Қима қағаз
4.Тақтамен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Ең кіші ондықты жаз: 10.
Ең үлкен ондық- 100.
Ондықтардың өсу реті: 10, 20, 30,40, 50, 60,70, 80, 90, 100.
Кему реті: 100,90, 80,70,60,50,40,30, 20, 10.
Үш топ папка бойынша есеп шығарудан жарысады.
І.Косу. 2. Есеп. 3. Азайту.
Крассворд шешу.




с

ы

з

ғ

ы

ш

ж

у

а

н







н

а

р







  1. Ұп-ұзын бойы бар,

  2. Жазулы тұрған саны бар

(Сызғыш).
2. А, о, ү, ы қандай дауысты дыбыс?
(Жуан).
3. Үстінде бір тауы бар,
Бұл не деген жануар?
(Нар).
Тақтамен жұмыс.
Сабақ сандар бойынша қорытылады.
Үйге ондықтарға жеке-жеке бума жасап келу тапсырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда мұғалімдерге төмендегідей талаптар қойылады. Мұғалімді жаңа ақпараттық жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруге дайындау мектептегі оқытуды компьютерлендіру жұмысының табысты кілті болуы сөзсіз. Көптеген елдерде бірінші орында қорларын құрал-жабдықтарға бөледі, содан соң программалық қамтамасыз етулерге және ең соңында мүғалім дайындауға бөледі. Бұл кезек қазіргі кезде өзгеріп жатыр, бірақ процесс өте баяу өзгеруде.
Көптеген мұғалімдерде компьютерге оқушымен қарым-қатынасты нашарлататын кедергі ретінде қарайтын теріс көқарас пайда болған. Олардың ішінде кейбіреулері компьютерлік сабақтарды оқушылардың бір-бірін көрмей тек дисплеймен пернетақтаға қарайды, ал мұғалімнің сыныпты бақылаумен қатар өз компьютеріне қарайлауы қосымша жұмыс деп ойлайды. Күрделі оқып үйретуші программалармен жұмыс істеу өте қызықты және сәтті кұрылған программалар оқытуды белсендетіп, қарқындатып педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық, программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ол мұғалім компьютермен еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастырған кезде туады.
Көптеген программалық жабдықтар жүйесі мұғалімдердің программадағы жинақталған мәліметтерін өзгертуіне және сол арқылы жекелеп оқытуына, соңында белгілі бір жағдайларға байланысты өзінің программалық жобалары мен оларды құруына мүмкіндік туғызады.
Психологиялық сипатта педагог жұмысында көптеген қиындықтар пайда болады. Оқушылар көп жағдайларда сабақты мұғалімнің іс-әрекетін бақылау жолымен меңгереді. Құрылғыларды ауыстыру жағдайында жаңа компьютерлік техника пайда болуы оқушыға мұғалім ролі ақпараттық құралдармен жұмыс істеуді үйренуші ретінде көрінеді. тіпті кейбір жағдайларда олардың өзі бір нәрселерді үйретіп жібереді.
Мұғалімнің компьютерлік сауаттылығын төмендегілер арқылы көрсетуге болады: қоғамдағы жаңа ақпараттык технологияның ролі мен орнының көрінісі, оның даму болашағы, кәсіби программистерге емес, көпшіліктің пайдалануына арналған мәтіндік редактор, мәліметтер базасы, графикалық редактор, электрондық кестелер және басқалар, ұсынылған программалық құралдармен, операциялық ортада ЭЕМ-мен жұмыс жасай білуі, есептеу жүйелерінің жалпы жағдайдағы құрылымы мен мүмкіндіктерін және ақпаратты беру құралдары (процессор, жады: сыртқы орта мен тұтынушы арасындағы байланыс жасаушы құрал, шешу уақыты мен жадының шектелуі, перифериялық құрылғы мен базалық программалар құралдары, телефондық, телеграфтық жэне радиобайланыс каналдар) туралы білуі, алгоритмдеу және программалаудың (тілдер, алгоитмдер мен программалар, программалар мен мәліметтер кұрылымы, есептер, прграмманың дүрыстығын тексеру, есептің қиындығы) негізгі түсініктері туралы білуі, математикалық модельдеудің мәні туралы түсінігі.
Жаңа ақпараттық технологияны игеру мен таратуды басқару қазірдің өзінде информатика аймағындағы мамандар монополиясы болып қалыптасуда. Бұл жұмыстың бірнеше бөлігін мектепте енді пайда бола бастаған пән педагогтары, сонымен қатар кәсіптік бағдар бойынша психологтар мен мамандар (моно) өздеріне алуы қажет.
Жаңа ақпараттық технологияны, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен университеттерде, педагогтардың біліктілігін көтеру және дайындау орталықтарында кеңінен пайдалану қоғамдағы педагогикалық еңбектің мәртебесін көтеру жағдайының және білім беру жүйесін ақпараттандырудың жемісті процесінің бірі болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияны педагогикалық игеруге негізгі қажет білімді игеру және оны практикалық пайдалануда жеке тәжірибесінің жинақталуы, оларды оқу процесінде пайдаланудағы жалпы мәдениеттілік және әдістемелік дайындау енеді.
Жұмыс орнына байланысты мұғалімдерді қайта даярлау мен оқыту ролі өсу үстінде. Мұның қажеттігінің себебі, танымал мектептердегі барлық мұғалімдердің үштен бірі ғана компьютерлік технологияны оқытуда пайдалану үшін он немесе одан сәл көптеу сағат алған, ал басқа мұғалімдердің жартысынан көбі оқу мақсатында компьютерді пайдалану туралы мүлделі тәжірибесі жоқ.
Дайын үйретуші программалармен жұмыс жасау үшін компьютерді қолдана білу қажет командаларды тере білу, сонымен қатар қарапайым машиналық тестік тексеру әдістерін білу жеткілікті.
Мүғалім қандай білім, білік және дағдыны игеруі қажет?
1) машинаның міндеті мен негізгі техникалық сипаттамасы;
2) компьютер құрылымы;
3) басқару құрылғыларының жұмысы және басқару тетігінің табло белгілерін беру;
4) құрылғының жалпы техникалык мәліметтерін енгізу және ақпаратты шығару құрылғысы;
5) берілген ЭЕМ-де орындалатын командалар жүйесі жэне математикалық қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы.
Қажет біліктіліктер: 1) программаның блок-схемасын құру (іс-әрекет алгоритмі); 2) программа құру; 3) басқару тетігі бар пернетақта мен басқа да енгізу құрылғылары арқылы программаны енгізу; 4) негізгі - басқару операцияларын жасау ( машинаның оперативтік жадысына, регистрларына, сыртқы құрылғыларына көңіл бөлу); 5) іздеу операцияларын, команда номері бойынша ЭЕМ-ді тоқтауды және т.б орындау.
Оқытудың қандай тәсілдері, стратегиялары неғұрлым тиімді?
Тәжірибе көрсеткендей, дидактикалық жүйе қолданылу тәртібінде де (тұрақты түрде, көбінесе қатып қалған нұсқада) даму немесе шығармашылықпен өзін-өзі дамыту тәртібінде де (үнемі жаңартылып тұрғанда, инновациялық үдерістер арқылы) жұмыс істей алады.
Шығармашылықпен өзін-өзі дамыту әрекеті дегеніміз; өзін-өзі анықтау, өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқыту технологияларының рөлі ең өзекті және басымды проблема болып табылады, оның ғылыми және пратикалық құндылығы зор десек, асыра айтқандық емес. Технологияда жаңа білімдерге, белгілі бір кәсіби біліктерге, жоғарғы педагогикалық ықпалдастық пен қарым-қатынас мәдениетіне негізделген бір тұтас педагогикалық кызмет жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет