Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет11/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Дәріс 1 Энтомология

Жоңышқа қандаласы– Adelphocoris Lienolatus Goeze. (Hemiptera – жартылай қатты қанаттылар немесе қандалылар отряды, Miridae – мирида тұқымдасы).
Қандала денесінің ұзындығы – 7-9 мм, ал түсі сары жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны. Бұршақты және т.б дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне және жапырақтың шырының сорып, өсімдікке кп зияның тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің және гүлшанақтың түсу құбылыстары байқалады.

Күресу шаралары. Көпжылдық бұршақ дақылдарын жинау кезінде кесіндіні төмен 5 см-ге дейінгі биіктікте шауып алып, егістен қандала жұмыптқасын сабақпен бірге шеттеу үшін жүргізу керек. Егер 1 м2 5-15 қандала есептелсе немесе аулағышпен 10 сермеу жасаған кезде 10-нан артық қандала түссе, онда егістікті инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жасайды.

Беде бізтұмсығы: сабақты Apion seniculus Kby., жасылдау A. virens Hbst. (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera- қоңыздар отряды).Сабақты қоңыздар жасылдау, аяқтары қара балып келеді. Сабақты бізтұмсықтың дене тұрқы – 2-3,5 мм. Қоңыздардың денесі сұр тікінектермен жабылған. Қоңыздар қыстайды. Көктем кезінде олар беде жапырағын шұқырайтып кеміреді. Жұмыртқаларын бір-бірден өсімдік сабағының арнайы кемірілген тереңіне орналастырылады. Дернәсілдер сабақтың ішіне бойлай жүретін жол кеміреді. Қоңыздардың жаңа ұрпағы кішкене саңылау кеміріп, сыртқа шығарады.

Күресу шаралары. Жемшөп бедесін шанақтану – алғашқы глдеу кезеңінде шапса, оны жинау және шөпті тез кептірген кезде жұмыртқалары мен дернәсілдері өліп қалады. Егісті жаппай өскен және шанақтану кезеңінде инсектицидпен өңдеуге болады.
Сары тихус тұқым жемірі – Tychius flavus Beck.(Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera- қоңыздар отряды).Қоңыздар ақшыл сары немесе қызғылт сары, денесінің ұзындығы кішкене – 2-2,8 мм. Дернәсілі иілген ақ, басы сары, денесінің ұзындығы – 2,5-4 мм.Қоңыздар жоңышқа алқабының топырағының беткі қабатында қыстайды. Жұмыртқаларын тесік істеп, жемісбұршақтың ішіне салады.қуыршақтану топырақта өтеді. Қоңыздың жаңа ұрпағы сол жерде қыстауға қалады. Жылына 1 ұпақ береді. Негізгі қауіпті қоңыздар мен дернәсілдер тигізеді. Қоңыздар өсімдік жапырағының төменгі жағынан жағалай паренхимасын кеміріп, зиян келтіреді. Дернәсілдері жоңышқаның бұршағында дамып, тұқымды құртады.


Күресу шаралары.Тұқымдықты сақтау үшін оны көп жыл өсірілген жоңышқадан кеңістікті оңашалау керек. Егер 1 м5-8 және одан да көп қоңыз есептелсе, онда жоңышқа егісіне сабақтану мен шанақтану кезеңінде инсектицид қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет