Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет3/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Дәріс 1 Энтомология

Күресу шаралары.
Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады.Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды бізтұмсықты немесе дискілі тырмалармен,ал көпжылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен «Тізім...» бойынша (Қосымшаны қараңыз)саяқ шегірткелерге қарсы 8-10дернәсіл/м2, үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және одан да көп дернәсіл/м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп,кейін 1мқанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса,жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс.Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе,тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай,бөгеу және локальды өңдеу жұмыстары жүргізіледі.Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100м шамасында болуы керек.


Бұзаубастар.
Жердің астында тіршілік етеді.Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.Өмір сүру циклі бәр жылдан көп уақытта созылады.Мамырдың аяғында маусым айында ұрғашылары 10-20см тереңдікте,арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады,50-ден аса өсімдіктердің тамырын,сабақтарының жер асты бөлігін,өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді.Олар ылғалды,суармалы жерлерді,негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің,көкөністердің және т.б. өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері –кәдімгі (Gryllotalpa gryllotalpaL.) және бір тікенекті(Gryllotalpa unispina Sauss.) бұзаубастар.


Шекшектер.
Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге,көкөніс дақылдарына, майлық дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді.Антеналары денелерінен ұзын,үлкен жәндіктер. Жылына бір рет ұрпақ береді.Топырақта,өсімдіктерде және олардың ұлпаларында жұмыртқалары қыстайды. Аса зияндылары-жасыл (Tettigonia viridissima L.) және сұр (Decticus verrucivorus L.) шекшектер.


Шілделіктер.
Орташа және үлкен, жалпақ денелі жәндіктер.Түнде тіршілік етеді.Топырақ түйірлерінің астында,жарықтарда нимфалар(ақырғы жастағы дернәсілдер)қыстайды.Ылғалды,суармалы жерлерде көкөністердің,майлық дақылдардың,дәнді дақылдардың,бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді.Өсімдіктерге зиян келтіретіндері-далалық (Grillis desertus Pall.) және бордо(Grillis burdigalensis Lattr.) шілделіктер.


Күресу шаралары.
Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады.Көкөніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады.


Тапсырмалар:
1.Шегірткелердің негізгі түрлерінің сыртқы белгілерімен танысып,олардың даму циклдарын және таралу жолдарын білу керек.
2.Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зиян келтіретін бұзаубастардың,шілделіктердің және шекшектердің негізгі түрлерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін оқып білу керек.
3.Тура қанаттылардың жаппай дамуының алдын алу шараларын және оларға қарсы пайдаланатын препараттарды білу керек.
4.1-ші кестену толтыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет