Астық қоңыздары.Кресті-Anisoplif aqricola Poda., кузъка A. austriaca Hbst,.красун- A. seqetum Zoubkoui Kryn. Scarfbaeidea-тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleprera-қоңыздар отряды.
Кузька қоңызының қанаттары қызыл күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады.Дене ұзындығы-12-15мм.Кресті қоңызда ашық сары,жирен крест немесе әкір тәріздес суреттері бар.Дене ұзындығы -11-13мм.Красун қоңыздың үстінгі қанаттары қоңыр сары түсті,бұйір жақтарында қылшықтар орналасады.Дене ұзындығы-11-13мм.Барлық қоңыздардың балан құрттары С тәрізді,қалың етті,үш жұп аяқтары бар,үзындығы-35мм.
Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды . Баланқұрттардың даму ұзақтығы 22 ай.Красун құрттарының баланқұрттары 10 айда дамиды.
Қоңыздар алғашқы уақытта күздік бидайды,кейін жаздық астықтарды,жатаған бидайықты зақымдайды.Олар бидайдың, арпаның, қарабидайдың жұмсақ,өнбеген дәндерімен қоректенеді.Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтары мен қатты дәнді ұшырып түсіреді.
Күресу шаралары.Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден олардың саны көбейеді.Бидайдан кейін отамалы дақылдарды орналастыру керек.Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш енгізу,үстемелеп қоректендіру баланқұрттардың санын азайтады.Ерте сыдыра жырту,кеш сыдыра жыртуға қарағанда тиімдірек,себебі баланқұрттар топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді.Тексеру нәтижесінде гүлдену-дән қалыптасу кезеңінің басында 1 шаршы метрге қоңыздар саны3 данадан астам болса,егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек(« Тізім бойынша»).
Астықтың жолақ бүргесі-Phyllotreta uittula Redt.(Coleptera-қатты қанаттылар отряды,Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ).
Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы-2мм –дей,қара түсті,үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтары бар,артқы аяғы секіргіш.Дернәсілдері ақшыл сүр,кеуде және анальдық қақпандары ақ,ұзындығы-4-5мм.
Ересек жәндіктер жердің үстінгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында,межелнрде,сайларда қыстайды.Топырақ жылысы мен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабай астық тұқымдастарымен қоректенеді.Жаздық бидайдың,арпаның,күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап,егістік жерлерге жаппай тарайды.Әсіресе мамыр айының 1-2 онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады.
Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді,осының нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады.Жапырақ беті 25-30 проценттен артық зақымданса,өнім шығыны елеулі болады.
Күресу шаралары.Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор.Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының 1-2 онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін)қоңыздар өте қауіпті.Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25м)есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағыш пен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді.Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м асса немесе жапырақ зақымдануы 25процент көп болса,өскіндерге нақты айқын қауіп туады.Инсектицидтерді(« Тізім ») тәртібі бойынша қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |