Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет9/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Дәріс 1 Энтомология

Бұршақ қоңызы – Bruchus pisorim L.( Coleoptera – қоңыздар отряды.
Bruchidae – дәнектер тұқымдасы). Қоңыздарының бүйірінің алдынғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан.Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы – 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.


Күресу шаралары.Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялықаулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.

Үрме бұршақ қоңызы – Acantoscelides obtectus Say. (Coleoptera – қоңыздар отряды, Bruchidae – дәнектер тұқымдасы).
Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы – 3-3,5 мм құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салынады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т.б бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін.


Күресу шаралары.Бұршақ қоңызының күресу шараларына ұқсас.

Бұршақ немесе акция көбелегі – Etiella zinckenelle Tr.(Lepidoptera – қабыршақ қанаттылар отряды, Phicitidae – қара күйе тұқымдасы). Құрттың денесінің ұзындығы – 15-20 мм басы сары қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр жасыл, қоңырлау немесе ақшыл қызыл болып келеді. Құт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде және түнде ұшады.Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ бріп дамиды. Бірінші ұрпақ акцияда, бұршақта, сиыр жоңышқада, чинада дамиды. Екінші және үшінші ұрпағы сояға люпинге, жазғы мезгілде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады.

Күресу шаралары. Бұршақ тұқымдастарының егісін ақ және сары акциядан кеңістікті изоляциялау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты жинағаннан кейін топырақты терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу және құрттардың жұмыртқалардан шығу кезінде инсектицидпен бүрку жұмыстарын жасау қажет.

Тапсырмалар:
1. Бұршақ бітенің, бұршақ және үрме бұршақ қоңызының, түйнекті бізтұмсықтың, акция көбелегінің даму циклімен және өсімдіктің залалданған нышандары мен зерттеп танысу.
2. Бір жылдық бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын қарастырыңыз.
3. 7 кестені жазып толтырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет