II-БӨЛIМ. ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
Жобаланып жатқан программалық жабдықтар кешенi дебиторлық борыштар есебiн автоматтандыруға арналған. Программаның пайдаланылуы арқылы бухгалтердiң жұмысы iссапарлар шығыстары есебiнiң автоматтандырылуы есебiнен кәдiмгiдей жеңiлдетiлiп, жеделдетiлуi тиiс.
“Iссапарлар шығыстарының есебi” ақпараттық жүйесiнiң негiзгi мақсаттары мыналар:
-
iссапарлар шығыстары есебiнiң операцияларын жоғары тиiмдiлiкпен қамтамасыз ететiн бухгалтерлiк ақпараттық жүйенi жобалау және енгiзу;
-
банк жұмысшыларының есептеу жүйесiн жақсарту.
Берiлген есептi шешудi автоматтандыру мүмкiндiк бередi:
-
есептi шешудiң мерзiмдерiн қысқартуға;
-
есептеудердiң күрделiлiгiн төмендетуге;
-
операциялардың сапасын жақсартуға және оған кететiн уақытты үнемдеуге;
-
құжаттарды өңдеудiң дәлдiгiн жоғарылатуға;
-
банк қызметiнiң шығындарын қысқартуға мүмкiндiк жасайтын құжат айналысын азайтады;
-
берiлетiн ақпараттарды қорғау мен сенiмдiлiгiне қойылатын барлық талаптар кешенiн орындауға;
-
ақпаратты жедел жинау, бақылау, өңдеу және жектiзу бойынша жұмыстарды жақсартуға.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң мақсаты бастапқы ақпаратты жинауға мүмкiндiк беруден, шығарылатын формаларды құрудан, байланыстарда бейнелеуден, соммаларды жедел және тура есептеулерден, енгiзiлетiн және шығарылатын формаларды (жетiспеушiлiктер мен артықшылықтар) салыстырудан, алынған нәтижелер анализiнен және шығарылатын ақпараттардан құралады.
Компъютермен жұмыс iстеу кезiндегi ыңғайлы интерфейс мамндардың еңбек өнiмдiлiгi мен жұмыс сапасын жоғарылатады.
Ақпараттық жүйенi пайдалану процессi кезiнде оның одан арғы дамытылуына мүмкiндiк те қарастырылуы қажет.
2.2. ҚР Ұлттық банкiндегi ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы
Жобалау процессi жұмыс тобы мен координарлық жүргiзушi комиссияның уақытпен реттелген, өзара байланысқан және бiрлескенжұмыстар мен тапсырмалардың сатылары мен кезеңдерiнен тұрады. Жобаны өз күшiмен жобалау кезiнде жоба жетекшiсiмен мүдделi бөлiмшелерден мамандарды тарту арқылы жүзеге асырылады.
2003 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң директорлар кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметiн автоматтандыру Ережелерiнде” банкте бағыныңқы жүйенi жобалаудың келесiдей сатылары бекiтiлген:
-
жобалау алдында зерттеулер жүргiзу;
-
техникалық тапсырманы жобалау;
-
техникалық жобаны жасау;
-
жұмыс жобасын жасау;
-
енгiзу.
Бағыныңқы жүйенi жобалау процессiнiң әр сатысы бойынша тапсырыс берушi мен атқарушы арасында орындалатын жұмыстардың құрамы, орындалу ретi және аяқталу формасы бекiтiлген. Сатылар мен кезеңдердiң орындалу мiндеттiлiгi (жоғарыда аталған Ережелердiң 15-қосымшасына сәйкес) бағыныңқы жүйенiң типiне байланысты және шарт/тапсырма бойынша жүргiзiлетiн жұмыстардың жоспар-графигiнде көрсетiледi.
Техникалық жобаны жасау мен жұмыс жобасын жасау сатыларын тапсырыс берушiмен келiсу арқылы техножұмыс жобасына бiрiктiруге болады.
Сатылар мен кезеңдердiң жұмыстары автоматтандырылатын объектiлердiң ерекшелiктерiне тән бағыныңқы жүйенiң типiне байланысты, және де олардың толықтырылуы, бiрiктiрiлуi немесе алынып тасталулары да мүмкiн. Жоғарыда аталған Ережелерге сәйкес, бағыныңқы жүйе келесiдей типтердiң бiреуiне жатқызылуы мүмкiн:
-
ерекше бағыныңқы жүйе, яғни бөлiмшелердiң несесе ұлттық банктiң тұтас тапсырысы бойынша, сонымен қатар, ақпараттық технологиялар бөлiмшесiнiң бастамасымен, ұлттық банк пен оның ведомстволық ұйымдарының автоматтандырылу деңгейiн арттыру мақсатында жасалатын бағыныңқы жүйе;
-
сатып алынатын және өзгертулерсiз (немесе маңызды емес өзгертулермен) енгiзiлетiн стандартты қолданбалы программалар пакетi, отандық және шетелдiк фирмалармен жасалатын, және соңғы пайдаланушы үшiн дайын өнiм ретiнде сатылатын программалық жабдықтаулар;
-
Ақпараттық технологиялар бөлiмшесiмен және территориялық филиалда компъютерлiк жүйелердi пайдалану бөлiмшесiмен Ұлттық банк бөлiмшелерiнiң тапсырысы бойынша, олардың жеке функцияларын автоматтандыру мақсатында жасалатын локалъдi тапсырмалары.
Бағыныңқы жүйенiң типiн анықтау автоматтандырылатын объектiлердi зерттеу кезiнде және жобалау алдында зерттеулер жүргiзу сатысындағы бағыныңқы жүйеге қойылатын талаптарды құру кезiнде жүргiзiледi.
2.2.1 Жоба алдында зерттеулер жүргiзу сатысы
Автоматтандырылатын объектiлердi зерттеу кезiнде ақпараттық технологиялар бөлiмшесiмен немесе басқа ұйыммен ақпараттық технологиялар бөлiмшесiнiң қатысуымен дайын программалар пакетi негiзiнде жобаны iске асырудың мақсаттарын, тапсырмаларын және стратегияларын анықталады, және де программалық жабдықтауды жүргiзудi тапсыру немесе немесе жобалауды өз күшiмен жүргiзу мәселелерi ақпараттық технологиялар бөлiмшесi жетекшiлiгiнiң қарауына берiледi.
Ақпараттық технологиялар бөлiмшесiнiң жұмыс жоспарына кiретiн бағыныңқы жүйенi жасауға/дамытуға тапсырыс бойынша қойылатын талаптардың, нормативтi-құқықтық актiлердiң дұрыстығына, дәл уақыттылығына және толықтылығына мүдделi бөлiмше жетекшiсiне жеке жауапкершiлiк жүктеледi.
Автоматтандырылатын объектiлердi зерттеу кезiнде келесiдей жұмыстар атқарылады:
-
объектiлердiң автоматтандырылу көзқарасы бойынша ерекшелiктерi бекiтiледi;
-
алғашқы деректер мен жасалатын көрсеткiштер құрамы анықталады;
-
қолданылатын деректердi өңдеу мен есептеу түрлерi;
-
пайдаланушылардың болашақта қолданылатын бағыныңқы жүйеге, енгiзiлетiн және шығарылатын формаларға қойылатын талаптары жасалады;
-
енгiзiлетiн және шығарылатын, сонымен қатар, өңделетiн деректердiң түрлерi мен көлемi бағаланады;
-
бағыныңқы жүйенiң сыртқы байланыстары орнатылады;
-
автоматтандырылатын объектiде ұйымдастырылатын бизнес-процестердiң тиiмдiлiгiне анализ жасалады және бағаланады.
Қолда бар жобалық шешiмдер мен маркетингтiк зерттеулерге анализ жасалады. Маркетингтiк зерттеулердi жүргiзу кезiнде мыналардың ақпарат көздерi болулары мүмкiн: арнайы әдебиет пен компъютерлiк периодика, көрмелер, ақпараттық сайттар, тiкелей ұйым өкiлдерiнен – орындаушылары мен дилерлерiнен алынған ақпарат.
Зерттеулер нәтижелерi есеп беру түрiнде немесе жұмыстың орындалуына қойылатын талаптар бойынша дайындалады. Есеп беруде жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулер нәтижелерiнен жиналған деректер және қолда бар жобалық шешiмдердi зерттеу нәтижелерi, объекттiң бизнес-процестерiн автоматтандырудың қазiргi жағдайы, пайдаланылатын нормативтi-анықтамалық ақпарат, объекттiң қызмет ету сапасының бағасы, пайдаланушылардың бағыныңқы жүйеге қоятын жалпы талаптары, бизнес-процестердiң реинженерингiсi бойынша ұсыныстар, басқа бағыныңқы жүйелермен интеграциялану және бағыныңқы жүйе жасау мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер болуы тиiс.
Зерттеулер нәтижесiнде жоба жетекшiсiмен мынадай мақсаттар үшiн реинжениринг ұсынысы жасалады:
-
енгiзiлген ақпараттарды өңдеу уақытын қысқарту;
-
бөлiмшелердың функцияларын iрiлендiру мен топтастыру және жұмыс ағындарын орындауға өте қатаң бағытталу;
-
бөлiмшелер арасында және/немесе басқа ұйымдармен байланыстарды оптимизациялау;
-
өнiмдiлiктi арттыру және өндiрiстiк шығындарды азайту немесе жоғалту;
-
рыноктың сыртқы факторларының өзгерiстерiне икемдiлiктi және/немесе ептiлiктi қамтамасыз ету.
Есеп мүдделi бөлiмшенiң жетекшiсiмен келiсiледi. Келiсiмнен кейiн, есеп ақпараттық технологиялар бөлiмшесiне жетекшiлiк ететiн Төрағаның орынбасарымен бекiтiледi де, жоғарыда аталған Ережелердiң 13-қосымшасына сәйкес тапсыру актiсi бойынша программалық қорға тапсырылады. Есеп материалдары техникалық тапсырма дайындау үшiн, мемлекеттiк сатып алымдар кезiнде, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды даярлау мақсатында қолданылады.
Зерттеулер мен бизнес процестерiнiң анализi нәтижесi, сонымен қатар, ақпараттық технологияларды дамыту мен қаржыландырудың стратегиялық мәселелерi бойынша ұсыныстар қажет болған жағдайда, ақпараттық технологиялар бөлiмшесiнiң жетекшiсiмен Ақпараттандыру кеңесiне ұсынылады.
Бағыныңқы жүйенiң дамытылуы кезiнде бағыныңқы жүйенiң жаңа нұсқасын жасау туралы шешiмдi ақпараттық технологиялар бөлiмшесiнiң жетекшiсi төмендегi жағдайлардың бiреуi орындалғанда қабылдайды:
-
бағыныңқы жүйенiң программалық жабдықтауының алдыңғы текстiнiң 25 % -дан асатын бөлiгi өзгертiлетiн болса;
-
бағыныңқы жүйенiң программалық жабдықтауының модификациясы деректер базасының және/немесе бшрнеше модулъдердiң өзгертiлуiн талап етсе;
-
жалпы жүйелiк платформаны өзгертудi талап етсе.
2.2.2 Техникалық тапсырманы жобалау сатысы
Техникалық тапсырманы жобалау сатысы орындаушымен бағыныңқы жүйенi жобалаудың таңдалған тәсiлiне байланысты жүргiзiледi, сонымен бiрге, техникалық тапсырмада жасалғандар мүдделi бөлiмшелермен келiсiледi.
Автоматтандырылатын объекттi зерттеу есебiнде көрсетiлген, ұсынылған шешiмдерге сәйкес орындаушы жобаланып жатқан бағыныңқы жүйеге пайдаланушылар талаптарының төмендегiдей анықталған анализiн өткiзедi:
-
бағыныңқы жүйенiң функционалды құрамы анықталады;
-
бағыныңқы жүйенi жобалаумен байланысты тәуекелдiлiктер идентификацияланады;
-
жинақталған автоматтандырылған ақпараттық жүйелердiң (ЖААЖ) бағыныңқы жүйелерiмен және басқа да ұйымдардың ақпараттық жүйелерiмен өзара әрекеттесу мәселелерi қарастырылады;
-
ЖААЖ унификациялану мен қолданылу пәнi және басқа да бағыныңқы жүйелерден алынуы айқындалған, қажеттi нормативтi-анықтамалық ақпараттардың анықтамаларының (жiктегiштердiң) саны мен құрылымы анықталады;
-
енгiзiлетiн және шығарылатын құжаттар анықталады;
-
енгiзiлетiн ақпараттарды жинау мен бақылауға және шығарылатын формаға (форматқа, жеткiзу құралдарына) қойылатын талаптарды анықтау;
-
жасалынып жатқан жоба бойынша деректердi айқындау анализi жасалады, және бағыныңқы жүйенi жобалаудың техникалық тапсырмасына кiретiн бағыныңқы жүйенi құру талаптары қарастырылады;
-
бағыныңқы жүйенiң құрылымы мен қызмет етуiне, қызметшiлердiң саны мен жiктемесiне, қауiпсiздiгiне, ақпараттың қорғалуы мен оның сенiмдiлiгiне, архивтендiрiлуi мен жүйелiк сүйемелделенуiне, сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуiне қойылатын талаптар анықталады;
-
автоматтандырылатын объекттi бағыныңқы жүйеге iске қосу бойынша жүргiзiлетiн жұмыстардың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар анықталады;
-
құжаттарға қойылатын талаптар анықталады;
-
экрандық формаларға және интерфейске, жалпы жүйелiк программалық жабдықтауға, техникалық жабдықтауға, желiге, транспорттық ортаға және ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар жасалады.
Техникалық тапсырмада көрсетiлген талаптар ұсынылған шешiмдердi орындауды, пайдаланушылардың бағыныңқы жүйеге қоятын барлық талаптарын және ұлттық банктiң нормативтi-құқықтық актiлерiнде қойылатын талаптарды ескеру арқылы жұмыс тобын мүшелерiнiң анализiне ұшырайды.
Техникалық тапсырмадағы талаптарда алдын ала жасалған функциялардың iске асырылуын ескере отырып, бағыныңқы жүйенi жобалаудағы тәжiрибелер есепке алынуы қажет.
Техникалық тапсырма қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандартына ҚР СТ 34.015-2002 сәйкес дайындалады және келесiдей негiзгi бөлiмдерден тұрады:
-
жалпы мағлұматтар;
-
бағыныңқы жүйенi құрудың маңызы мен мақсаттары;
-
автоматтандырылатын объектiге сипаттама;
-
бағыныңқы жүйеге қойылатын талаптар;
-
бағыныңқы жүйенi құру жұмыстарының құрамы мен мазмұны;
-
бағыныңқы жүйенi қабылдау бақылау мен қабылдау ретi, бағыныңқы жүйенi (оның компоненттерiн) құру жұмыстарының нәтижелерiн дайындау және оларды тапсырыс берушiге көрсету;
-
құжаттандыруға қойылатын талаптар.
Мiндеттi құжаттарға мыналар жатады:
Пайланушы жетекшiсi;
Администратор жетекшiсi;
Деректердi өңдеудiң технологиялық процессiне сипаттама;
қайта жасалынып жатқан жобалардың жобалық шешiмдерiне сипаттама;
қайта жасалынып жатқан жобалардың алгоритмдерiне сипаттама;
Деректер базасын құру мен жүргiзуге нұсқаулар;
Программа мен сынақтар әдiстемесi.
Егер де осы пункттегi қандай да бiр пунктастысын жоба спецификасының түрiне пайдалануға болмаса, онда оны алып тасталу себебiн көрсетiп, алып тастауға болады.
Техникалық тапсырмаға енгiзiлетiн және шығарылатын формалардың, сонымен қатар, ақпараттық ағындар сызбасының үлгiлерi кiредi.
Техникалық тапсырмада жобаны жасау кезеңiнде бағыныңқы жүйенi орындаушымен, ең тиiмдi, техникалық, техноэкономикалық және т.б. шешiмдердi анықтау мүмкiндiктерiнiң шарттары қарастырылуы тиiс. Орындаушының Орындаушының ұсыныстары техникалық тапсырмаға бекiтiлген ретте анықтаулар енгiзу арқылы тапсырыс берушiмен келiсiлуi қажет.
Техникалық тапсырмаға енгiзiлетiн өзгерiстер техникалық тапсырмаға қосымша ретiнде жасалады, және оның ажырамас бөлiгi болып табылады. Техникалық тапсырмаға қосымша қР СТ 34.015-2002 сәйкес дайындалады.
Техникалық тапсырманың дауындалуы мен оның тапсырыс берушiге берiлу ретi жобалық жұмыстардың орындалу процессiн құжаттандыру мен жасалған жұмыстардың жоспар-графигiне сәйкес жүргiзiледi.
2.2.3 Техникалық жобаны құру сатысы
Техникалық жобаны құру сатысында бағыныңқы жүйе бойынша жобалық шешiмдер жасау және жобаға программалық құжаттарды дайындау жүзеге асырылады.
Техникалық жобалау кезеңiнде жобалық жұмыстарды жүргiзу кезiнде:
-
техникалық жоба құру сатысында жүргiзiлетiн жұмыстардың ретi мен шарттары анықталады;
-
тапсырыс берушiнiң қажеттiлiктерi мен талаптары бойынша орындаушы техникалық жобаны құру процессi кезiнде жиналыс өткiзiп тұрады;
-
өзара келiсiм бойынша жиналыста көрсетiлетiн материалдар графиктiк плакаттар, слайдтар және т.б. визуалды материалдар түрiнде дайындалуы мүмкiн.
Бағыныңқы жүйе бойынша жобалық шешiмдердiң жасалуы кезiнде орындаушымен келесiдей жұмыстар атқарылады:
-
бағыныңқы жүйенiң архитектурасын жобалау;
-
функционалдық моделъдi жобалау;
-
ақпараттық (концептуалдық) моделъдi жобалау;
-
алгоритмдiк моделъдi жобалау;
-
жобалауға специфика құру.
Жобалық шешiмдер ұсынылған шешiмдердiң орындалуын, пайдаланушылардың бағыныңқы жүйеге қоятын барлық талаптарын, ұлттық Банктiң нормативтi-құқықтық актiлерiнде қойылатын талаптарын және ақпараттық технологиялар бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды есепке алу арқылы жұмыс тобы мүшелерiнiң анализiне ұшырайды.
2.2.4 Жұмыс жобасын құру сатысы
Жұмыс жобасын құру сатысында келесiдей жұмыстар атқарылады:
-
бағыныңқы жүйе мен оның бөлiмдерi бойынша жалпы шешiмдер жасалады;
-
бағыныңқы жүйенi пайдаланушының функциялары анықталады;
-
техникалық құралдардың құрылымы анықталады;
-
бағыныңқы жүйенi iске асыру үшiн қолданылатын құралдар анықталады;
-
ақпараттық базаны ұйымдастыру мен жүргiзу анықталады;
-
бағыныңқы жүйенiң программалық жабдықтауы жобаланады.
Бағыныңқы жүйенiң программалық жадықтауын жобалау кезеңiнде программалық жадықтауды жасау мен жөндеу және пайдаланудың келесiдей құжаттары жасалады:
-
деректер базасын жобалау;
-
желiлiк программаларды жобалау;
-
пайдаланушылар программасын жобалау;
-
жұмысшы топ мүшелерiмен талқыланып, нәтижесiнде хаттама ретiнде дайындалатын экрандық формалар мен интерфейстейстердi жобалау;
-
программа мен сынақтар әдiстемесiн құру, талқылау және бекiту;
-
пайдалану құжаттарын дайындау.
Программа мен сынақтар әдiстемесi орындаушымен ұлттық банкте жинақталған автоматтандырылған ақпараттар жүйесi бағыныңқы жүйесiнiң сынақтан өткiзiлуiн реттейтiн ұлттық Банктiң нормативтi-құқықтық актiсiне сәйкес жобаланады да, жұмысшы топпен талқыланып, комиссиямен бекiтiледi.
Жұмыс жобасын құру сатысында жобалық жұмыстарды ұйымдастыру кезiнде:
-
жұмыс жобасын құру сатысында жүргiзiлетiн жұмыстардың ретi мен шарттары анықталады;
-
тапсырыс берушiнiң қажеттiлiктерi мен талаптары бойынша орындаушы техникалық жобаны құру процессi кезiнде жиналыс өткiзiп тұрады;
-
өзара келiсiм бойынша жиналыста көрсетiлетiн материалдар графиктiк плакаттар, слайдтар және т.б. визуалды материалдар түрiнде дайындалуы мүмкiн.
Пайдаланатын құжаттарды жасау кезеңiнде орындаушымен жұмысшы топпен талқылау үшiн, құрамы техникалық тапсырмада көрсетiлетiн және сынақ жұмыстары мен бағыныңқы жүйенi өндiрiстiк пайдалануға енгiзу жұмыстарын жүргiзуге қажеттi мәлiметтерден тұратын құжаттар жинағы қағаз түрiнде және электрондық түрде жасалып, дайындалады және жұмысшы топ мүшелерiне берiледi.
-
Енгiзу сатысы
Енгiзу сатысында жұмыстарды тапсырыс берушi мен орындаушы арасында бөлу жоғарыда аталған Ережелердiң 15 қосымшасына сәйкес жүргiзiледi.
Енгiзу сатысы келесiдей кезеңдерден тұрады:
-
программалық құжаттардың талқылануы мен бекiтiлуi;
-
бағыныңқы жүйенiң сыналуы;
-
бағыныңқы жүйенiң өндiрiстiк пайдалануға алынуы;
-
бағыныңқы жүйенiң өндiрiстiк пайдалануға енгiзiлуi.
Программалық құжаттардың мүдделi бөлiмшелермен талқылану кезеңiн жұмыс тобының жетекшiсi ұйымдастырады, егер да шартта/тапсырмада басқаша көрсетiлмесе.
Бағыныңқы жүйенi сынау Сынақ ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
Мүдделi бөлiмшелер жетекшiлерi пайдаланушыларды оқыту мақсатында олардың контингентiн анықтайды және олардың оқудан өтуiн қамтамасыз етедi.
Бағыныңқы жүйе пайдаланушыларын оқытуға мыналар кiредi:
-
бағыныңқы жүйенi стендте сынау кезiнде, кейiнiрек жұмыс орындарында жұмысшы тобының мүдделi мүшелерден алынған мүшелерiн оқыту;
-
ақпараттық ресурс иелерiн және бағыныңқы жүйе пайдаланушыларын бағыныңқы жүйе қағидаларымен және ақпаратты қорғау бойынша енгiзiлген талаптармен таныстыру;
-
орындаунымен орыс тiлiнде дайындалған құжаттармен (пайдаланушы жетекшiсiмен) бағыныңқы жүйе пайдаланушыларының таныстырылуы.
Енгiзу сатысы программалық құжаттардың бекiтiлуiмен және программалық жабдықтау мен Сынақ ережелерiне (2 және 3 қосымшаларына) сәйкес дайындалған актiге сай жасалған құжаттардың дайындалуымен және бекiтiлуiмен аяқталады.
Өндiрiстiк пайдалануға енгiзу техникалық құралдарда және бағыныңқы жүйе нақты жұмыс шстейтiн орталарда, ақпараттық технологиялар бөлiмшесiнiң және мүдделi бөлiмшелер мамандарымен, ақпараттық ресурс иесiмен орындаушының сүйемелдеуi арқылы жүзеге асырылады.
Бағыныңқы жүйе компоненттерiн (модулъдерiн) орталық аппарат, территориялық филиалдар және/немесе басқа да ұйымдар жұмыс орындарына тираждау қажеттiлiгi туындағанда, сонымен қатар, анықталған ұйымдастырушы-техникалық шараларды жүргiзу талап етiлген жағдайда, бағыныңқы жүйенi өндiрiстiк пайдалануға енгiзу кезеңi орындалады.
Бағыныңқы жүйенi енгiзу кезiнде ақпараттық технологиялар бөлiмшесiмен келесiдей жұмыстар атқарылады:
-
ұйымдастырушы-техникалық шаралар жоспарын дайындау, оны мүдделi бөлiмшелермен талқылау және комиссия төрағасымен бекiту;
-
жоспарланған ұйымдастырушы-техникалық шараларды ұйымдастыру және оған қатысу;
-
Сынақ ережелерiнiң 6 қосымшасына сәйкес, комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылатын және комиссия төрағасымен бекiтiлетiн бағыныңқы жүйенi өндiрiстiк пайдалануға енгiзу туралы актiнi дайындау;
Ақпараттық технологиялар бөлiмшесi мiндеттi түрде ұлттық Банкте программалық жабдықтауларды сертификаттау ретiн белгiлейтiн ұлттық Банктiң нормативтi-құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес, бағыныңқы жүйенiң программалық жабдықтауын сертификаттайды.
Бағыныңқы жүйенiң программалық жабдықтауын және құжаттар пакетiн программалық қорға тiркеу мен сақтау ретi ұлттың Банктiң нормативтi-құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. Программалық жабдықтау мен программалық құжаттар программалық қорда бағыныңқы жүйенiң кезектi нұсқасын өндiрiстiк пайдалануға енгiзудiң актiсiне қол қойылу мерзiмiне дейiн сақталады, және де ол кезде программалық жабдықтау мен программалық құжаттардың ескi нұсқасы алынып тасталуы және жойылуы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |