Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі


Ауызекі сөйлеу диалогінің стилистикалық ерекшеліктері



бет21/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
утетілуова эльмира

2.3 Ауызекі сөйлеу диалогінің стилистикалық ерекшеліктері


Ауызекі сөйлеу стилінің жұмсалу ерекшелігі бар. Ауызекі тіл бетпе-бет отырып, пікір алысуда жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік сипатын жазбаша (пьесадағы кейіпкер репликасы, көркем және публицистикалық жеке жанрлар, күнделікті жазулар, әр түрлі тақырыптағы хат мәтіні) және ауызша формада береді. Сонымен қатар, бұл жерде көпшілік ауызекі сөйлеу емес әдеби тілге тәуелденген, керісінше, еш дайынсыздық әр түрлі жағдайдағы тілдік қатысымға түсуші диалогтік сөйлесуге қатысты.
Ауызекі сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктері арқылы стильаралық синтаксистік қатар әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. Алайда, негізгі грамматикалық қатардың синтаксистік құрылымы сақталады: сөздік рет, синтаксистік позицияның жоқтығы, бір және екі түрлі предикаттық негіздің барлығы. Бұл орайдағы сөйлемдер трансформацияланған (тасымалданған) деген атаумен ауызекі диалогтен ерекше орын алады. Стильаралық синтаксистік құрылымдар ауызекі диалогте өзгереді. Диалог бірінші трансформацияланғанда грамматикалық құрылым тек ауызекі стилистикалық бояу алады, ал мағыналы мән беретін құрылымы өзгермейді. Ауызекі диалогті екінші рет трансформациялағанда стильаралық синтаксистік ойда өзгеріс болады, ойдың мағынасы өзгереді. Сөйлеудің белсенділігі тілдік қатынаста маңызды рөл атқарады. Сөйлеушінің айтып жатқан репликаларының арасында кідіріс болу арқылы синтаксистік стильаралық қатар өзгереді.
Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалогінің әр түрлі құрылымды стилистикалық ерекшеліктері бар екендігін анықтау үшін, ауызекі диалогінің синтаксистік құрылымына шолу жасау керек. Диалог саласының мағыналылығының басты айқындамасы оның мінездеме ерекшелігінде.
Диалог барысында сөйлеу реплика арқылы жүзеге асады немесе екіншісі біріншісіне бағынатын бір белгілі ережеге тоғысқан екі әңгіме түрінде болады. Әр диалогтік екі реплика – екі жоспарлы: алдын-ала бағытталған, оған деген әсері, кейінгіге байланысты және репликалаумен байланысты: реплика оның саласында үлкен рөл атқарады және оған ықшамдылық, тиімділік және синтаксистік бірліктер қолдануға үлгі болады. Синтаксистік қатардағы диалогтік сөйлемнің көп түбірлі екендігіне ғылыми әдебиетте бұрыннан көңіл бөлген. Репликаның кейбір түрі жеке өз формасында және мағына қатынасы аясында, түрлері терминологияда «диалогтік бірлік» деп аталады. Бұл терминді алғаш енгізген Н.Ю.Шведова болатын [48,23]. Ю.Ю.Шведованың ойынша, диалогтің бұл бөліктері – бір-бірімен синтаксистік бағыныңқылықтың белгілі ерекшелігіне сәйкес байланысқан біртұтас синтаксистік бүтін құратын реплика жиынтығы. Бірақ та диалогтік бірлік түсінігін зерттеу аясында, ерекше диалог құрылымы ретінде, бос және өзара байланысқан реплика назарға ілінбейді, өйткені бұл ауызекі диалогке де, көркем диалогке де мінезделетін диалог ерекшелігі. Әр жеке әңгіменің стилистикалық мінездемесін анықтау үшін, ауызекі диалог пен көркем диалог арасындағы стилистикалық синтаксистік айырмашылықты қарастыру қажет болды.
Жұмыста қолданылатын сөйлемдер мен әңгімелер негізгі бірлік саласы болып табылады. «Высказывание» және «предложение» терминдерінің синонимі «қатар», синтаксистік білімді «структура» – синтаксистік құрылым, синтаксистік бірлікті анықтауда қолданылады. «Сөйлем» термині, біздің түсінігімізше, бірнеше байланысқан синтаксистік сөз формасы немесе бір формадан құрылған предикаттық синтаксистік бірлік. Әңгіме функционалдық бірлік ретінде сөйлеммен тең дәрежеде таралады, бірақ оның соңғысынан айырмашылығы, бұл бірліктің талдау мақсаты – синтаксистік ұйымдасқан жалпы абстракты сызбаны ашу емес, соңғысы қалай суреттеледі және қандай тәсілдермен осы оқиғаны байланыстырғанын көрсету.
Күрделі қатынастардағы әңгімелер мен сөйлемдер, синтаксистік бірлік деңгейін былай ұсынады: барлық сөйлемде ой, әңгіме бар, бірақ әр ой әңгімеде сөйлем жоқ. В.А.Белошапкова атап айтқандай, ереже бойынша сөйлем болу үшін, кітаби-жазбаша сипаттама қажет немесе бейтараптану қажет. «Әңгіме» және «сөйлем» деген түсініктер әдебиетте сөйлем және тіл бірлігі ретінде қаралады. Шектеулі түсінік бойынша «әңгіме» және «сөйлем» терминдеріне – әңгіме сөйлем-реплика қатынасы түсінігін беруіміз керек. Реплика ауызекі мінездеме не бола отырып, әңгіме орнына қолданылып, бірақ сөйлем ретінде де келеді деген В.А.Белашапкова тұжырымы арқылы осы сұраққа жауап береміз [59, 59]. Бізге маңыздысы сөйлем мен әңгіменің шектеулігі емес, стилистикалық дәрежелілігі.
Ауызекі сөйлеу синтаксисінің стильдік мінездемесі, синтаксистік саланың классификациясы, біздің ойымызша, ауызекі диалогінде оның стильдік бояулары лингвистикалық танымда пән ретінде қаралмаған. Ауызекі синтаксисінің бізді қызықтыратын аспекте толық сурет беру мақсатындағы талпынысты О.А.Лаптеваның еңбегінен көреміз [55, 146]. Орыс тіліндегі ауызша – ауызекі синтаксисінің салалық статусын айқындайтын келесі түрлер: жалпы әдеби синтаксистік қатар, ауызекі синтаксисінің басым бөлігін құрайтын, салалық функционалды парадигмасын және синтагмалық қосылысты трансформация арқылы және трансформациясыз (тасымалдау) қолдану және арнайыланған ауызша-ауызекі қатар. О.А.Лаптева ауызша-ауызекі қатардың бөлігін ғана қарастырып, сипаттама берген. Типтендірілген синтаксистік құрылымдарға зерттеу пәні ретінде берілген бөлім ішіндегі қалған типтер әлі де толық лингвистиканың талқылауынан өтпеген [55]. Ауызекі диалогте стильаралық синтаксистік құрылым кең тараған. Орташа алғанда жүз әңгіменің ауызекі диалогінде 28-30-ы стильаралық болып табылады [55]. Бір айта кететін жайт, ауызекі диалогіндегі стильаралық айдың саны әртүрлі ақпараттан біркелкі емес. Филолог – ғалымдардың кеңесінде стильаралық саланың көптігі айтылды. Жүзге шаққанда 40-45 ой әңгіме. Студенттер мен оқушылардың ауызекі диалогінде стильаралық сала аз: олардың саны жуық шамамен 20-22 ой [55]. Бұл сандық айырмашылықтар жас ерекшелігіне, ақпарат деңгейіне байланысты. Синтаксистік стильаралық сала құрылымындағы ауызекі диалогінде жай сөйлем қолданылады. Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет