Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет24/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
утетілуова эльмира

Сау болыңыз!
Рақмет// -.
Реплика түрінде келтірілген клишті ауызекі құрылыстар эллипсистік құрылыстарды ұзақ қолдануға негізделген.
Қандай мақала? Қайда тапсыру керек? Бір Алла біледі/ -.
Келтірілген мысалдың соңғы айтылған ойы ауызекі клишеге де жатады, ол эллипсис базасында туындаған. Дәл осы топқа релятивтер де кіреді:
Әрине/ айтар болсақ/ біз олардан сондай түсінбеушілікті көріп тұрмыз// -;
Мүмкін.../ -(үнтаспадан көшірме).
Мүшеге бөлінбейтін дауыспен келтірілген көңіл-күй де стилистикалық ауызекі құрылым болып табылады.
Жалпыға мәлім, ауызекі сөйлем өзінің септік формасын сақтап қалды:
Ана! Мұнда біреуі бөлек...
Мұндағы ана сөзі қаратпа сөзі ретінде жүреді, ол ауызекі диалогте өте кең тараған және стилистикалық ауызекі құрылым болып табылады:
Алмат/ басқасын/ тыңдалық...
Неге? Ойнай берсін// - (үнтаспадан көшірме).
Ауызекіліктің стилистикалық мағынасына, сонымен қатар, ерекше синтаксистік құрылысқа не ойлардың қалып қойғандар тобы да кіреді. О.А.Лаптева аталмыш ойларды біртекті деп есептейді [49], ал Е.А.Земская – ауызекі сөйлемнің ерекше айрықшаланған құрылымына жатқызады [50]. Бізге берілген тапсырмаға ауызекі диалогтегі ерекше құрылымдардың кездесуі жөніндегі мәселелердің шешімі кіреді. Мынаны атап өткен жөн, сөйлемді ерекше ұйымдастыру қасиеті тән құрылымдардың толық қатары бар, осылардың арқасында, зерттеу дәстүрі ауызекі сөйлеу диалогы мәртебесін бекітіп алды.
Ауызекіліктің стилистикалық мәні тақырыпты құрылымдарға ие. Мысалы:
Болашақта тілімізді барлығы сыйлайтынына үміттемін//;
Сонымен, Аслан/ оның белгілі күндері бар/ ғылыммен айналысады/ тағы да басқа// -;
Қазір ол байғұс екі жақта/ Астана/ Алматы/ -;
Жазушы/ өз өмірі туралы жазады... есіне түскенше/ қалай оны қабылдайды// -;
Бірақ арасында... Жоқ мен оқыдым//.
... дегенмен/ ол әртіс/үлкен құрметке ие болатын//(үнтаспадан көшірме). Ауызекі диалогтегі артық факторлардың әсер етуі нәтижесінде қосымша құрылымдар пайда болады.
Білесің бе/ ол маған/ ешқандай да ұнаған жоқ// -;
Жалпы/ үлкен рақат қой/ ойын деген//.
Ауызекі диалог үшін, сонымен қатар, қосымша фразалық шекарасы бар сұраулы құралымдар тән:
Жақсы көресің/ ғой/ тәттіні//.
Иә...жоқ... (үнтаспадан көшірме).
Алғашқы диалогтегі сөйлеушінің ойы қосымша фразаны шекаралары бар құрылым болып табылады. Тәтті сөзі фразаның қосымша шекарасын тудыра отырып, сұраулы ойдың шеңберінен тыс шығып кетеді.
Ауызекі стилистикалық мағына шылаусыз байланысқан синтаксистік құрылысқа тән қасиет.
Сен сол кезде неге оқымадың/ сәуірде...
Иә/ оның айтуынша болды ғой/ өзі ұзақ еді// -.
Екінші репликаның шылаусыз құралымы бағыныңқы қатынасты ашып көрсетеді: оқымадың, айтуынша, өйткені ол ұзақ әңгіме.
Сен қайда?
Залға/ ертең сабақ// (үнтаспадан көшірме).
Өйткені шылауы шылаусыз бағыныңқы құралымның туындауына әкеп соғады.
Интерференциялы құрылым стилистикалық ауызекі болып табылады. Онда бір синтаксистік құрылым екіншісіне қабаттасады, ол сегментті құралдарды ауызекі диалогте үнемдеуге саяды.
Дүкеннен сатып алдым қантты// -;
Бақтан алма жинап жауып алдым бүгін// -;
Бұл жағдай бұрын болған сендер онда тұрдыңдар ғой? -;
Қос етістікті құрылымдар немесе қос предикативті құрылымдар ауызекі стилистикалық бояуға ие болады:
Иә/ ол сонда қалған/ келіп қайтады// -;
Дана, біз кішкене асхана тауып алдық/ е... көрсең ғой/ біз көргіміз келдік/ жай ғана/ білсең ғой/ онда бәрі бір ғана тамақ алған// -(үнтаспадан көшірме)
Ауызекі диалогте визуалды-сезімді айтылған шектеулі стилистикалық ойлар қолданылады:
Қандай бәрі/ көзі дөңгелек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет