Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет7/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
утетілуова эльмира

1. Логикалы- интеллектуалды
2. Бұйрық-талап (жігерлі)
3.Эмоционалды [4, 77 ].
Логикалы – интеллектуалды диалог өз ішінде мына түрлерге бөлінеді: жауап алу, хабарласу, әңгімелесу, қоштасу, талас және мақсатты диалог.
Бұйрық – талап диалог бұйрық және өтініш диалогтеріне бөлінеді.
Эмоционалды диалог: кірісу, түсіндіру диалогтеріне бөлінеді.
Диалог әлеуметтік қарым-қатынаста көп қолданылатын форма болғандықтан, диалогте шындық болмыс айтылады. Адам сөйлесу кезінде өмірдегі тек қана өз ойын айтып қана қоймайды, өзінің сезімін де білдіреді.
Сөйлесуде диалогтер әртүрлі ортада адамның ойлау дәрежесіне байланысты түрлі қызметте қолданылады, тіл білімінде олардың негізгілерін былай бөліп қарастырады: логикалы (хабарлау-қатысымдық), жігерлі (коммуникативті-релятивтік), эмоционалды-аффективтік (сезімдік-аффектілік) [12,13].
Адресант сөйлесімнің коммуникативті қызметі адресатқа әсер етуге, сонымен бірге, жауап беруге итермелеуге бағытталады. Алдын-ала жоспарланған жауабын алу мақсатымен сөйлеуші адресатты коммуникацияның өзіне керек бағытына бағыттау үшін оның сөйлеу әдебіне әсер етеді. Десек те, адресаттың жауабы әрдайым сөйлеуші күткендей болады деп айту қиын. Қатысым барысындағы адресаттың белсенді реакциясы көбіне ынталандырушы репликаның интенциясына бағынбайтынын көрсетеді. Сондай-ақ, репликалар арасында кері тәуелділік туады, бұл дегеніміз, адресат та сөйлеуші тәрізді өз мақсатына жетуге ұмтылады. Қайталанатын сөйлеу әрекеті, яғни, реплика – реакцияда екі жақты прагматикалық қасиет пайда болады: бір жағынан, ол ынталандырушы репликаның бойындағы әсер етудің прагматикалық нәтижесінің көрінісі болса, екінші жағынан, вербальді немесе бейвербальді әрекеттер түріндегі жауаптың неше түрлісін тудыратын өзінің жеке коммуникативті мақсатын орындайтын. Бұл жауап репликаның қатысымның орнауына қосар өз үлесі бар екенін дәлелдей түседі. Осы мәселе бойынша, яғни, ынталандырушы реплика сияқты, сонымен бара-бар қатысымдағы жауаптың өз бағасына, маңызына, қызметіне көңіл бөлінген.
Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады.
Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз - сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолданады. Диалогтің дүниеге келуін, қалыптасуын әр түрлі шарттар анықтайды. Сол шарттардан құралатын коммуникативті мәнмәтінді, оның бір бөлшегі сөйлеу жағдаятын зерттеу сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу себебін түсіндіруге көмектеседі. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Қолдаушы сөйлесімдер тыңдаушының мақұлдауын, қызығушылығын, нақтылауын, сөйлеу кезегін өзіне алуын, беретін бағасын жеткізуі мүмкін. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі.
Диалог сөйлеу актілерінің мақсаты мен олардың өзара үйлесуінен қалыптасады. Мақсатты басшылыққа алып жіктеудің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты алдын ала модельдеуге болмайды. Оның өзін, яғни оның түрін сөйлесуге қажетті алғышарттар анықтап тұрады. Сондықтан, сөйлеу мақсатының көріну қалпы мен соған сай оның жіктелуін қарым-қатынастың коммуникативті-прагматикалық көрсеткіштері анықтайды. Осы пікір Д.Г.Богушевичтің концепциясында беріледі. Зерттеуші пікірлесімнің әлеуметтік сипатын негізге алып, диалогті ашық (көпшілікке арналған) және жабық түрге, олардың әрқайсысын өз тарапынан коммуниканттардың пікірлесімге қатыса алу мүмкіндігіне қарай шектеулі бар және шектеуі жоқ деп бөледі. Диалог түрлерін талдауға 8 түрлі қағиданы ұсынады [10, 77].
Диалогті құрайтын бірінен соң бірі келетін репликалардың арасында мағыналық және құрылымдық байланыс болады. Реплика диалогтің, сонымен бірге, диалогтік тұтастықтың компоненті ретінде екі жақты сипатқа ие – бұл стимул және реакция сипаты. Диалогке қатысушылардың бірінің сөзі екіншісінің репликасының тууына түрткі болады да, ол өз кезегінде мазмұны жағынан сұраққа жауап, пікірді қостау арқылы растау, не оған қарсы болу, айтылған ойды түсіндіру, оны толықтыру, не өзін қоршаған орта, адам, оқиға жөніндегі ойы, көзқарасы т.б. болып келеді. Диалог теориясының бүгінгі көтеріп отырған мәселесі – диалогтің дүниеге келуін, қалыптасуын анықтайтын әр түрлі шарттарды қарастыру болып отыр. Сөйлеуші тілдік таңбаларды өзара түсінісу үшін ғана қолданбайды, тыңдаушының сол сөйлеу мәнбісіне деген қызығушылығын оятып, оның жауап реакциясын күтеді [10, 22].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет