Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет4/39
Дата11.10.2023
өлшемі186.15 Kb.
#480467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
утетілуова эльмира

Зерттеудің өзектілігі Жұмыста ауызекі сөйлеу тілі мен көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері ашылады. Қазақ тіл білімінде ауызекі сөйлеу диалогі мен көркем шығарма диалогі лингвостилистикалық сипаттама тұрғысынан әлі күнге дейін арнайы зерттелген жоқ. Тілдің қандай да құбылыстары болмасын, соның ішінде ауызекі сөйлеу тілінің құбылыстары да, көркем шығармада эстетикалық қызмет атқарып, белгілі көркемдік, стильдік мақсатта жұмсалып тұрады. Стильаралық бірліктер көркем диалогте транскрипция процесіне ұшырайды, ол ауызша диалогтің әсерінен болуы да мүмкін немесе жазбаша формасының әсер етуінен туындайды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі осы айтылған жайлардан туындайды.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тілі диалог табиғаты, түрлері, тілдік және тілдесімдік қасиеттері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – диалогтің ауызекі сөйлеу түрлері мен көркем шығарма мәтініндегі түрлерінің ұқсастығын, айырмашылығын анықтап, олардың тілдік, тілдесімдік және стилистикалық қасиеттерін сипаттау. Осыған байланысты мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
-индивидтердің сөйлеу үдерісіндегі диалогтерді үнтаспаға жазу, талқылау, түрлерін анықтау;
-көркем мәтін құрамындағы диалогтердің үлгілерін жинақтау, түрлерін анықтау;
-ауызекі және көркем диалогтерді стильдік бояуы әр түрлі синтаксистік конструкциялардың қызмет етуі тұрғысынан зерттеу;
-ауызекі және көркем диалогтерде стильаралық және стильдік белгісі бар лексиканы пайдалану тұрғысынан диалог типтерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау;
-диалог құрамында тілдің лексикалық және синтаксистік элементтерінің құрамы, үйлесімі мен қызмет етуінің ерекшеліктерін анықтау;
-синтаксистік құрылымның және оның лексикалық толықтырылуындағы қарым-қатынас түрлерін анықтау арқылы ауызекі және көркем мәтіндегі диалогтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылау.
Зерттеу жұмысының материалдары ретінде күнделікті сөйлеу үдерісі, прозалық, драматургиялық шығармалар мен ауызекі сөйлесу барысында үнтаспаға жазылған материалдар пайдаланылды. Көркем мәтіндегі диалогті зерттеу үшін төмендегі көркем әдебиет шығармалары пайдаланылды: Мұқан Иманжановтың «Жас өмір» пьесасы, С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесі, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» повесі, Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» повесі, Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», « Раушан- коммунист» романы, Ғ.Мүсіреповтің «Қос Шалқар», «Оянған өлке» повесі, Т.Ахтановтың Шығармалар жинағы. I, ІІ том, М.Әуезовтің «Алма бағында» повесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет