Кіріспе I негізгі бөлім. АҚша қаражаттарының жалпы сипаттамасы



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#175842
1   2   3


АТФ Банкісі, Қарағанды қ. 31.03.2006ж.

Орындаушылар №20

Шот бойынша көшірмесі № 9764680/00

«Ануар» ЖШС

Кірісі 255634937

Корреспондент Дебет Кредит

190521425 000700813 7470 500000

190501713 000420102 846 1370600

190501713 001609126 7710 2500000

190501201 000906602 247 478600



5370600 478600

Шығысы 250742397

АТФ Банкісі, Қарағанды қ.

Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.

Заңды тұлға – шот иесін тарту немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам, астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

Кәсіпорында «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттары» шоты бойынша наурыз айында мынадай шаруашылық операциялар жүргізілді:

Сальдо (қалдық) 01.03.06. – 3000000тг.




Күні

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1


02.03.06


Ордер №1.Қолма-қол жарнаға хабарлама.Өткізілген өнімнен түскен түсім кассадан қолма-қол келіп түсті.

1040

1010

61500

2


06.03.06

Чек №324316.Кассаға ағымдағы шоттан ақша алынды.

1010

1040

98100

3



06.03.06

Төлем-тапсырмасы №1.

а) әлеуметтік салық аударылды.

б) зейнетақы қорына аударылды.

3150


3220

1040


1040

9210


4210

4

12.03.06

Төлем-тапсырмасы №2.Бухгалтерлік есеп шотына өткізілген өнімнің түсімі «Ануар» ЖШС-нен келіп түсті.

1040

2110/1210

24000

5

15.03.06

Шұғыл міндеттеме №15. Бухгалтерлік есеп шотықа ұзақ мерзімді несие есепке алынды.

1040

3010


2700000



6


23.03.06

Мемориалдық ордер.Несие бойынша пайыз төленді

3380

1040

7200

7


30.03.06

Төлем-тапсырмасы №14.РСУ №2 мердігеріне №18 акт бойынша негізгі құралдардың ағымдағы ремонтына ақша төленді.

4110


1040

100400

8


30.03.06

Шұғыл міндеттеме №15.Банктің қысқа мерзімді несие төленді.

3010


1040

190000

9

30.03.06

Төлем-тапсырмасы №12.Жеткізушіге №85 шот бойынша қосалқы бөлшектер үшін ақша аударылды.

4110

1041

43200

3000000+2785500-452320=5333180тг.

Сальдо (қалдық) 01.04.06. – 5333180тг.

1040 - «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттары» шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

4110 - «Жеткізушілер мен мердігерлерге ұзақ мерзімді қарыздары» шоты алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлем ақысына;

1010 - «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары» шоты еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

1610 шоты жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына;

3110 - «Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы» - бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде.

3130, 3140 шоттары - салық бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;

3010, 4010 шоттары – ағымдағы банк шотынан өтелген банк несиелері мен займ қаражаттарының сомасына;


2.3. Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу
Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай

қаржылар, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді.

Шаруашылық субъектілері 1070 – «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары» деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтердегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы (субъекті орналасқан жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төлеуін қамтамасыз етеді.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорындарды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жібергендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушыға есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім – шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:


  1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің (банк эмитенттің) ашылуы.

  2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен тәсілі.

  3. Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.

  4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнеткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.

  5. Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің «өтелінген» (депоненттелген) және «өтелінбеген» (депоненттелмеген) – деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бөлінеді.

Тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған қызмет көрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсететін банкке келісім – шарт бойынша алдын-ала аударылған қаржысы – «өтелінген (депонеттелген) аккредитив» болып есептеледі. Ал сатып алушы кәсіпорындар мен жабдықтаушы кәсіпорындарға қызмет көрсетуші банк мекемелері арасында аккредитивте көрсетілген қаржы

сомаларын аударуға тек қана келісім – шарт жасалынып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, онда бұл – «өтелінбеген аккредитив» түрі қатарына жатқызылады.

Аккредитив ашу жайлы келісім – шартта қарастырылған келісімдері өзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни қаржы төлеуші шаруашылық субъектінің ғана құқы болса, ондай аккредитив – «кері шақырылатын аккредитив» түрінің қатарына жатқызылады.

Аккредитив ашу туралы екі субъектінің арасындағы келісім – шартта қарастырылған келісімдерді жабдықтаушы кәсіпорындардың келісімсіз жоюға немесе өзгертуге болмайтын аккредитив – «кері шақырылмайтын аккредитив» болып саналады.

Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:

1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектінің аты;

2. Аккредитив ашылатын келісім – шартың көшірмесі;

3. Аккредитив ашылатын банктің аты;

4. Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері;

5. Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты;

6. Аккредитивтің түрі;

7. Аккредитивтің қандай тауарға, затқа немесе орындалатын жұмысқа төлем төлеуге арналғандығы және оны төлеу үшін банк мекемесіне табыс етілетін құжаттардың тізімі;

8. Аккредитивтің сомасы;

Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын тауарды тиеп жібергеннен кейін аккредитивтің шартында қаралған құжаттарды банк мекемесіне табыс етеді. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарды толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредитивте қарастырылған бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы төленбейді. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болатын болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды көрсетуі керек:

1. Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар;

2. Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлікпен сенімхат;

3. Өзінің қолтаңбасының үлгісі;

Жеткізушінің банкісінде аккредитив мынадай жағдайларда жабылады:

1. Аккредитивтің мерзімі біткенде;

2. Аккредитивті жабу туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша;

Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының (төлеуші субъектінің) банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 1070 – «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары» шотының дебетіне қай шоттардан аударылғанына қарай, егер корреспонденциялық шоттан аударылса – 1040 шотының, валюталық шоттардан аударылса – 1050 шоттардың, банктерден алынған несиелердің

есебінен аударылған болса – 3010 шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен аударылған болса – 3020 шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген сома бухгалтерияда 4110 шотының дебетіне 1070 – «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары» - деп аталатын шоттың кредитіне жазылады. Ал аккредитив жабылған уақыттағы пайдаланылмаған немесе жұмсалынбаған сома 1040, 1050, 3010, 3020 шоттарының тиістілерінің дебетіне, 1070 шоттың кредитіне жазылады.

1070 – «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары» - деп аталатын шотта чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа да субъектілерден алынған Қорлардың құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға арналаған. Кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер чек кітапшаларын алу үшін банк мекемесіне өтініш береді, сонымен қатар осы өтінішпен бірге кәсіпорын немесе мекеме алатын чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем-талап тапсырмасын ұсынуы керек. Кәсіпорын, ұйым немесе мекеме чек кітапшаларын алғанда банктің депоненттелген сомасына мынадай бухгалтерлік жазуы жазылады:

Дебет 1070 шоты, кредит тиістілеріне қарай 1040, 1050, 3010, 3020 шоттар.

Банк мекемесі чек кітапшасының тиісті жеріне ол чек кітапшасы берілген кәсіпорын немесе мекеменің толық аталуын, ол егер жеке адамға берілсе, оның аты-жөнін жазады. Чек кітапшасында ондағы соманың жұмсалмаған, яғни пайдаланбаған мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқалы бір немесе бірнеше жабдықтаушымен есеп айырысуға болады. Егер банк мекемесі чек кітапшаларындағы жұмсалынбаған соманы кәсіпорынға қайтарғанда 1040, 1050, 3010, 3020 шоттардың тиістілері дебеттеліп, 1070 – «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары» - деп аталатын шот кредиттеледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде нақты ақшамен қатар пошта маркалары, демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар үкіметтің жәрдем ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталады. Бұл жоғарыда аталған ақшалай құжаттар 1070 – «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары» - шотында есептелінеді. Осылармен қатар бұл шотта кәсіпорынға немесе ұйымға бюджеттен бөлінетін белгілі бір мақсатқа жұмсауға тиісті қаржылар, кәсіпорынның, кәсіподақ ұйымның қаржылары, мәдени-ағарту саласына, демалыс лагеріне бөлінген қаржылар есептеледі. Осы 1070 – «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары» - шоты бойынша жүргізілетін әртүрлі операцияларға сәйкес:

1070 – «Арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары» - деп аталатын шот дебеттеліп, 1050, 1040, 6230, 6280 және тағы да басқа шоттардың тиістілері кредиттеледі.

Бұл шоттан төленген сомаға 1010, 1040, 4110, 3110, 3410, 3350 және тағы да басқа шоттардың тиістілері дебеттеліп, 1070 шот кредиттеледі.

2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары


Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.

Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:



  • 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;

  • 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;

  • 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа :

  • 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;

  • 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;

  • 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;

  • 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);

  • 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;

  • 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),

2001 жылы :

  • 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген );

  • 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген );

  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;

  • 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).

2002 жылы :

  • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;

  • 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.

2003 жылы :

  • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар

негізінен мәдени - ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.

Қазақстан Республикасының банкноттары 2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.

Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек" монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы  1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.

Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.

Банкноталардың сырт жағында  ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң

жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "Қазақстан ұлттық банкі" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.

Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен  анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды.

Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым  анықтауға негізгі акцент жасалған.

Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:



Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.

Қорғаныш жіп. Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.

Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.

Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді

Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі,  түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.

Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.

Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ долларында бар.

Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен орындалған.

Көшіруге қарсы элемент. Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.

Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.

Сериялық нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады. Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.

Иридесцентті жолақ. Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен басылған жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.

Жасырын бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.

Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі кезінде түстің біртіндеп өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі.

Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен орындалған бейне.

Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін өзгертеді.

Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Осы жыл аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады.  Осыдан кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк  ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады.\

Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.

Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл болады.

Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылдануға тиіс.

Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады.

Екінші деңгейдегі банктер ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды және жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті.

Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастауға қабылдауға құқылы емес. Екінші деңгейдегі банктер ескі үлгідегі банкноталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына сараптамаға өткізу үшін қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің ескі үлгідегі банкноталарды айырбастау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жыл бойы  оларды заңды және жеке тұлғалардан қабылдауды жалғастырады және олардың сараптамадан түпнұсқалылығы расталғаннан кейін қолданылып

жүрген ақша белгілеріне айырбастайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.

ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмыс «Бухгалтерлік есеп» пәнінен «Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражаттарының есебі мен құжаттары» тақырыбында жазылды. Осы тақырыпты жазғанда, мен кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметтеріндегі ақша қаражатының ролін және маңызын қарастырдым. Аталмыш курстық жұмысым екі бөлімнен тұрды:

«Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы» атты бөлімінде ақша қаражаттары туралы түсінік және жалпы сипаттамасы, ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары туралы сұрақтарды қарастырдым. Есеп айырысудың екі нысаны бар: қолма – қол және қолма – қолсыз есеп айырысу. Қолма – қол есеп айырысу кәсіпорын кассасы арқылы жүргізіледі, ал қолма – қолсыз есеп айырысу банк мекемелерінде ашылған бухгалтерлік есеп шоттары арқылы жүргізіледі. Осы қолма – қолсыз есеп айырысуда төлем тапсырмалары Қазақстанда кең қолданылады. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі типтік шоттар жоспарының бірінші бөлімінде қарастырылған. Шоттың дебетінде көбеюі, кредитінде азаюы көрсетіледі.

«Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі» атты бөлімінде кассадағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі, ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі, банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу туралы қарастырылған. Ақшаны қабылдау, беру және сақтау операциялары ұлттық және шетел валютасында жүргізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы есептеу кезінде қолма – қол ақшалар, құнды қағаздар, ақша құжаттары есепке алынады.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға

осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.

2. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.

3. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.

4. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.

5. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003.

6. Ә.Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.

7. К.А. Китебаева «Принципы бухгалтерского учета I,II». Караганда 2006г.

8. Н.К. Нұрғалиева «Аралық қаржылық есеп» Қарағанды 2005ж.

9. Бюллетень бухгалтера, 2006, №3,4,5.

10. Файл бухгалтера. 2005г. №46



11. Стандарты бухгалтерского учета. 2003г, выпуск 1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет