Ақ кишешек киген бір кемпір көрсем,
Ак кимешек астынан сені көрем.
.... Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса,...
Нені көрем???
Сөйтіп ақын өлендерінде ақ сөзінің мағынасы әр алуан екендігін және өте көп ұшырасатындығын айқын көреміз. Қайталанатын көп мағыналы сөз де түрлі реңкте жұмсалып өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі. Ақ сөзі - адалдықты, тазалықты, әділеттілікті, күнәсіздікті суреттеудегі пайдаланылатын бейнелі сөз. Ақ сөзі табиғат, құбылыс атауларының бәрімен тіркесіп, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Адам мен табиғат тұтастықта жырланғандықтан, сиқырлы сөздерді ұтымды қолданудағы тапқырлық десек те болады. Ақ аспан, ақ қар, ақ таң, ақ бұлт, ақ тау, ақ бастау, ақ тас, ақ нөсер, ақ тұман және т.б. тіркестер бірнеше рет қайталанады.
Түр-түс атауларының ішінде мағынасының ең кең дамығаны қазақ тілінде "ақ" сөзінің антонимі - қара сөзі. Оның себебі, біріншіден, табиғатының кең түрде қабылдануына, көрнекілігіне және басқа түр-түс атауларымен тіркесе қолданылуына, яғни аралас түр-түсті білдіруге бейімділігіне байланысты болса, екіншіден, оның табиғат пен қоғамдық өмірдегі құбылыстардың көбісінің түр-түс, бейне, қайғы-қасірет, қаралы сәт, көңілсіздік т.б. осы сияқты күңгірт жақтарына қатыстығына байланысты. Осылардың негізінде қазақ тілінде: қара қазақ, қара су, қара ниет, қара қобыз, қара шаңырақ, қара жұлдыз, қара орман, қара жорға, қара күз, қара бас, қара.жау, қара түнек, қара қайғы, қара уайым, қара шалғын т.б. осы сияқты 30-дан астам туынды мағыналардың қалыптасқандығын көреміз. Сонымен бірге қара өлең, қара шал, қара шаңырақ, қара домбыра т.б. қазаққа қасиетті, берекелі мағыналарды біддіре алады.
Бұл сөз тіркестері — тура және ауыспалы мағынада беріліп, өлеңнің эмоционалдық-экспрессивтік әсерін күшейтіп тұрған мағыналы, образды сөз тіркестер.
"Қара" сөзі көбінде сындық мағынада қолданылып, зат есімді анықтайды.
Мысалы:
Қап-қара ғажап сиқырлы
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз-ұйқымды,
Қап-қара түннен оянғам.
Кап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә, мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін.
Қап-қара көзді бір қыз бар,
Қашпаңдар қара бояудан !
Аспанда қара жұлдыздар
Кап-қара түнде оянған.
Мына өлеңде автор қара сөзін 11 рет қайталап, өлеңге айрықша нәр беріп, стильдік бояуын нақтылайды. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз қатаң "қ" дыбысынан басталуы, яғни аллитерация тәсілін қолданылуы ерекше эмоциялық әсерге ие етеді. Шумақтың екеуінде "қап-қара" секілді күшейткіш шырайда түрған сөз қара өлеңнің салмағын мығымдай түседі. Бүл жерде "қашпандар қара бояудан"өлең жолы, "қап-қара" сөзі лексикалық анафораға айналған. Поэтикалық мәтіннің мазмұнына қара түстің реңктері әсер етіп, өлеңді қара түске бояйды. Қара түс өлеңнің басынан аяғына дейін доминант түс ретінде қолданылған. Өлең "қара" сөзімен басталып, "қара" сөзімен аяқталады. Қара түс - әр түрлі киындықтардың түсі, адам өміріндегі бүкіл қарама-қайшылықтың белгісі. Ақын осындай қайшылықты сөздерді қолдану арқылы өмірде кездесетін келеңсіз жайттарды сипаттап жеткізуге тырысқан. Адамның рухани сезімдерін осы сөздерді қолдану арқылы сездірген.
Бұл жерде автор анафорамен бірге сақина қайталаманың түрін қолданады. "Қашпаңдар қара бояудан" деген қайталанып отыратын сөйлемнің мағынасы поэтикалык мәтіннің ішінде ашыла түседі, дамытып отырғаннан кейін, өлеңнің аяғында басқаша естіледі, жаңа мағыналық реңктерді қабылдап, ұран, насихат сияқты айтылады.
Көп мағыналы сөздер, омонимдердің қайталамаларын ақын қолданарында талғампаздық көрсете отырып, орынды жерінде жақсы пайдаланғанын көреміз. Қара сөзінің қайталануына тағы бір мысал келтірейік:
Жетелеп сонау жылдар қара шалды,
Қарасазда жүруші ең, қара шалғы,
Қара шалғын ішінде қарт пен сенің,
Талай-талай көріп ем тамашаңды,
Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.
Бұл үзінді Мұқағалидың "Қара шалғы" дейтін өлеңінен, осы лирикаға Н.Үркімбаева: "Әдетте, қара бояу хақында жағымсыздық ұғымы қалыптасқан. Ал сол қара бояуға ерекше сәуле құйып, құбылтып әкеп, үлкен арнаға салып жіберген де Мұқағали. Мысалы, жоғарғы шумақтағы қара шал - қарапайым еңбек адамы көргенінен түйгені көп, бір өзі шежіре-дастан, әрі бір шаңырақтың ұйтқысы, береке басы. Қара шалғын - кәдімгі түгін тартсаң май шығатын құйқалы өріс, оты қалың өңір. Сол өңірде, шаруақор қара шалдың қолында "қаншама аласұрған", "қаншама рет қапырық күн өткеріп, түн жамылып, қаншама таң асырған" қара шалғы жай ғана еңбек құралы қалпында қалмай, "Сонау жылдар қара шалды қара шалғын ішінде жетелеп" жүрген жырдың негізгі лейтмотиві.
Қазақтың "қара шаңырақ", "қара қазан" сияқты берекелі ұғымдары қатарында "қара шал", "қара шалғын", "қара шалғы" да оқырман танымына жаңа ою-айшықтарымен ой қосатын жанды, қимыл, суреттерге айналған" [15,51] — деп өте дұрыс құнды тұжырым жасаған. Бұдан да басқа Мұқағали шығармашылығы жайында пікір айтқан белгілі ақын О.Асқарды оқиық: "Поэзия сәулесі шарпығанда қандай сөз болса да құлпыра түседі".
Ақынның "Қара суық" өлеңінің атауында
қара сөзі "күшті, екпінді, тегеурінді, катты" суық, ызғар деген мағынада беріледі. Әдетте сондай мағынада "қара боран, қара жел, қара жауын" туралы айтылады. Мұқағали "жол", "су" сөздеріне "қара" деген эпитетті қойып, оларды лексикалық анафораға айналдырып, өлеңге ерекше мағыналық реңк үстейді.
Анау үй мен мынау үй қатынаған,
Достарыңызбен бөлісу: |