Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора



бет7/24
Дата19.12.2022
өлшемі279.01 Kb.
#467466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора ме-dereksiz.org

Ақ бастау бар да, жу бетің.

Ақ бастау түбі — ақ таста, Айнымас сенен суретің.

Мұнда автор "ақ" сөзін бір шумақта бірнеше рет қайталайды, кейіпкер өз бетін ақ бастауда жуғанда өзінің өтіп кеткен жастық шағын еске алады. Бұл жерде "ақ" сөзі таза, күнәсіз, тамаша, керемет балалық шақтың күндерін, зымырап ұшып кететін қарқынды сәттерін, бақытты кездерін сипаттауда қолданылған. Нәресте кез өтсе де, бірақ кез келген адамның есінде ол туралы естелік қалады. "Ақ бастау" сөз тіркесі лексикалық анафора жасайды. Сондай-ақ "бастау" деген сөз омоним болады. "Бастау" сөзінің бірнеше мағынасы бар. Мысалы, "бір істің бастауы", "кірісу", "сөз бастауы", "жалыға бастау" т.б. Ал мына өлеңде "бастау" сөзі "бұлақ, қайнар" мағынасында берілген.

Ал "Арманың бар ма?" деген өлеңінде ақын "ақ тауларды, ақ бұлттарды, ақ нөсерлерді" тірі жанмен салыстырып, олардан арманын сұрады.

Армандап Адам сұрады.



Ақ таулар — іштен тынады,

Азан сап тұрып ақ бұлттар,

Ағылда — тегіл жылады.
Ақ нөсер, бар ма арманың?...

Акынның сұрағына "ақ таулар" үндемеді, "ақ бұлттар" "ақ нөсермен" жылады. Мұнда "ақ" сөзінің тура мағынасы берілгенмен, ауыспалы мағынасын айқындауға болады. "Ақ нөсер" сөз тіркесі бір қалыпты, бірыңғай, ұзаққа созылған, ұдайы қайталанып тұратын құбылыс сипаты ретінде пайдаланылған. "Ақ тау" сөз тіркесі "кең, ұшы-қиыры жоқ, шексіз" мағынасында жұмсалған. Ал "ақ бұлт" "аппақ, қардай ақ, таза" мәнін береді. Өлеңде автор «ақ" сөзін қайталап, ардақты, таза, асыл арманды суреттеу үшін шебер қолданды.

М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі түсті білдіретін көп мағыналы сөздердің қайталануы өте маңызды бейнелі компонент. Лексикалык бірліктердің қайталануы мәтіндегі эмоционалдық айшықты сөздердің тойымдылығын, бейнелі айбындылығын көтереді. Мысалы, "Жаздың таңы" өлеңінде "ақ" сөзінің анафоралық қайталануы басты рөл атқарады, автор осы түсті аяулы және нәзік таңның түсімен байланыстырып отырады.

Ақ тауға асылғанда ақ таң келіп,

Ашылған ак, шымылдық мақпал дерлік.

Ақ сәуле үяма кеп үйығанда,

Ақ таңға қанатымды қаққам келіп.

Бұл өлеңде автор "ақ" көп мағыналы сөзін 8 рет қайталайды. Осы бір-ақ омоним сөзі арқылы Мұқағали жаздың таңының сұлулығын, қайталанбас көрінісін сипаттайды. Келесі үш жолда: "Ақ таудың бөлеп мен бесігіне, ақ таңның сүтіменен асыраған, Күн — менің асыл анам, асыл анам", - деп, автор "ақ таң" сөз тіркесін, "күн" сөзін асыл ана бейнесімен салыстырып отырады, "ақ тау" оны бесігіне бөлеп, "ақ таңның сүтіменен" асырайды.

Анафора қолданылуымен бірге өленде тұйықты қайталама кездесіп отырады. Бұл жердегі "ақ таң" сөзі қайталанып отыратын сөздердің қатарында бастамасы және аяқталуы ретінде беріледі. "Ақ таң" сөзінің мағынасы өлеңнің негізгі тақырыбы, автор ақ таңның келгендігін сипаттайды.

Өлеңнің бірыңғай дауысты "А" дыбысынан басталуы да сондай мәнерлі. Бұл ассонанс қайталаманың түрі стилистикалық тәсіл ретінде өлеңге ерекше экспрессивтік-эмоционалдық әсер береді.

Лексикалық анафора мен эпифораны белгілі бір өлеңде
анықтау, айқындау ретінде пайдалануға болады, ол арқылы автор
поэтикалық мәтіндегі авторлық ойды сергіте алады, баяндау
жүйелілігін жүзеге асырады. Сондықтан өлеңде түстің реңін,
қоршаған ортадағы кездесетін құбылыстардың қыр-сырларын бір
тұтастыққа біріктіреді және бір табиғат суретінің сипаттамасын
көрсетеді. Мысалы, автор "Қар жауып тұр" өлеңінде "ақ аспан",
"ақ мамық", "аққа оранған көшелер, ағаштар", "ақ тұманға оранған
қала", "ақ қыс" деген сөз тіркестерінде "ақ" сөзін қайталап, мәтінде
автордың сөздеріне бейнелілік, әсерлілік енгізіп, қар басқынын
нақты, көлемді, толық суреттейді.

Заңды ғой,

Заңды бәрі, талас барма,

Аққа оранған көшелер, ағаштар да.

Бар табиғат өзара жарасқан ба?



Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда.

Қала жатыр оранып ақ тұманға,

(Сірә, дала кіршіксіз, ақ бұдан да).

Мұнда ақ сөзі "таза, кіршіксіз, жаңа, аппақ, ашық" деген мағынада қолданылып тұр.

Мұқағали поэтикасында түс — заттардың, нәрселердің шынайы өңдерін суреттеумен қатар, ақынның сол нәрселерге көңіл-күйін, ойын, яғни эмоциялық бағасын білдіру үшін құрал ретінде қолданылады, белгілі бір нәрсе жайындағы жеке пікірді, субъективтік пайымдауды білдіреді. Мысалы, "Сағындым ғой дедімау, жаным" жырының "Сол менің ақ, жанымның ақ жалыны" деген өлең жолында ақ сөзі — адал, күнәсіз, әділетті, арамдығы жоқ мағынасында жұмсалып тұр.

Анафоралық және эпифоралық қайталамалар лирикалық кейіпкердің көңілі мен ой дүниесінің диалектикасын сипаттайтын поэтикалық әңгімелеуді ашу, айқындау үшін мүмкіндік туғызады. Мысалы, Мұқағалидың төмендегі өлеңінде "ақ кимешек" қайталанылатын анафоралық сөз тіркесі символға айналдырылған. Автор "ақ кимешекті" көргенде, өзінің ардақты, сүйікті әжесінің бейнесін көреді, таныс дауыс, таныс сөз есіне түседі. Мұнда "ақ" -қасиетті аналарымыз бен аруларымыздың басына салатын жаулығының түсі екені айтылған.


Әже, сен бірге жүрсің менімен,

Өліге мен өзіңді телімегем.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет