Кіріспе. І тарау



бет2/3
Дата19.06.2016
өлшемі228 Kb.
#147798
1   2   3

Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан туа біткен және өмір сүруде қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құрылысы ерекшелігін білдіретін бала организімінің орта мен қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, өсіп келе жатқан баланың денсаулығын, қалыпты өмір тұрмысын қамтамасыз етеді.

  • Әлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Олардың сипаттары, мінез-құлқы және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, олардың еңбекке басқа адамдарға қатынасы, олардың істері мен сөздері, олардың сөздері мен талаптары, дағдылары мен ұмтылыстары бала өсіп, дамитын рухани ортаны құрайды.

  • Баланың белсенділігі. Даму процесігдегі әрекет ететін үшінші күш болып саналады. Баланың организм терінде дамуы мен оның жеке басы ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Баланың даму процесі, оның қоғамдық белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы басты үш фактордың әсерімен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы: осы факторлардың бірде-бірі, ол қандай да бір кемеліне жетілдірілген болсада, басқа екеуінен ерекшеленіп жеке әсер етпейді. Барық іс – осы басты үш күштің өзара әрекет етуінде.

    Бастуыш сынып оқушысының жазған шығармашылық жұмысы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық. Оқушыларды оқыту барысында шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамыту мәселесі. Шығармышылық прцестің қандай кезеңдерден тұратындығы, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етті. Бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегідей топтастырдық:

    1. Жаңалықпен бетбе-бет келу.

    2. Шығармашылық белгісіздік екі ұштылық.

    3. Шешімнің жарық көруі.

    4. Шығармашылық акт.

    5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

    Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі салалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі «бас қатыруларң табандылық, танымдылық, белсенділік қалыптастырса еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл күцге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді.

    Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады. Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне мақсатына қарай бұл кезеңдер астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Олар да қалыптасып әрі қарай дамып отыратын сапаларда бірі анық көрініп бірі керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанымен, тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таң жағайып үлгісін құрайды. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындай арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзн өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша талпыныс жасайды. Қазіргі бастауыш мектептерде шығармашылық әрекеттен, оқу әрекеті басым жүреді. Сабақта оқушылар біртиптес жаттығулар орындаумен айналысады. Мұндай жаттығулар бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Біздің ойымызша қазіргі қоғам талабына сай, оның дамуына орай, бастауыш санып оқушыларының кез-келгені шығармашылық тапсырмаларды шешуді табысты меңгере алады. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық шығармашылығы айтарлықтай роль атқарады деген пікір айтылған. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы туралы пікір Я.А.Коменский еңбектерінде, сонан соң Г.И.Песталоций мен А.Дистербергтің еңбектерінде тереңінен айтылған. Мысалы: А.Дистерберг оқыту барысында оқушының қызығушылығы сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді. Көптеген авторлар, педагогтар оқу-танымдық қызығушылықты оқушының ақыл-парасат қабілеті және өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін белсенділігі деп түсіндірді. Ал, Махмутов оқушының оқу-танымдың қызығушылықтарының мәні білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп түсіндірді.




    1.2. Бастауыш мектепте оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастыру жолдары.
    Оқу – мектеп жасындағы балардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқцына тығыз байланысты.

    Баланың оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттерң мен қызығулары, сезім мен ерік сиқты т.б. психикалық үрдістер мен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

    Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әр бір оқу жұмысын (тапсырмасын) неүшін, қанлай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жлспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалана білуге, өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.

    Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқц әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:



    1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);

    2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары);

    3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);

    4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).

    Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау – белгілі міндетті теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.

    Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардын) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т.б.

    Мектепте оқытудың негізгі міндеттерінің бірі- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, таным қабілеттінің оянуына түрткі болу. Оқушыларды танымдық белсенділігі кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау процестері мен зейіннің тұрақты түрін қажет етеді. Оқу процесінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру – олардың өз бетінше танымдық ынта-ықыласын, шығармашылық қызметін дамытатындай етіп ұйымдастырылады.

    Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезеңге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгеруге арналған оқу әрекеті, екіншіден – кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

    Шығармашылық әрекеттің оқу әрекетінен айырмашылығы –ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу, проблеманы өзінше, жаңа тәсілмен шешуге талпыныс жасауы. Осы әрекеттердің екі түрінде оқушылар екі түрлі мақсаттар көзделген, әртүрлі міндеттерді шешеді. Мысалы, оқу әрекетерінде белгілі бірережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетке баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, ал шығармашылық әрекет нақты жағдайдағы мәселені шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

    Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы, И.Я.Лернер білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдый білуді, жаңа шешім таба білуді, шығармашылық әрекет деп түсіндіреді.

    А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды.

    Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны-білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді. Мектептер (соның ішінде шағын жинақталған мектептер де бар) нарық жағдайында оқу - тәрбие процесін жүзеге асыру күрделі проблемаларды бастан кешіріп отыр.

    Педагогика ғылымында мектептер мәселесіне арналған жалпы педагогикалық, жекелеген әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты мектептер мен сыныптарда қалай оқыту керектігі жөнінде мәселе бойынша педагогика-психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар өте қажет. Мектептің негізгі белгілерінің бірі сыныптағы оқушылардың қызығушылығында. Ғылым - әдіскерлердің зерттеулері және мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірбиесі оқушылар саны 10-нан кем болатын сыныптарда оқыту әдістемесіне айтарлықтай өзгеріс енгізу керектігін дәлелдеп отыр. Сыныпта оқушылар санының аз болуы мұғалім үшін «қолайсызң жағдай туғызады. Өйткені, мұғалім педагогикалық әдіс-тәсілдердің әртүрлі түрлерін, оқытудың басқа формаларын, техникалық құралдарын көрнекіліктерді қолдану мүміншілігінен айрылады, жаңа материялды түсіндіру кезеңінде қолданылатын проблемалық мәселелерді шешуде, ойлаған нәтижеге жетуде қиыншылықтарға кездеседі.

    Сыныптағы оқушылар санының аз болуы балалар үшін де қиындық әкеледі. Өйткені, әрбір оқушы үнемі «жауап берушің рөлінде болады.

    Зерттеу нәтижелеріне қарағанда бір оқушыдан бір оқу күнінде 28-ден 35 ретке дейін сабақ сұралады екен. Бұл әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін өте ауыр жүктеме. Оқушыдан осылайша күнде сабақ сұрау балаға эмоциалдық, психологиялық және жалпы интеллектуалдық даму жағынан жағынан да кері әсер етеді.

    Жаппай ауызша сұрау оқушылардың белсенділігін арттырмайды, керісінше, оқушылардың жауап беруін тежейді. Мұндай сыныптарда мұғалім оқушылар тарапынан жауап беруден «бас тартуң жағдайларымен жиі кездеседі, оқушылар әлсін-әлсін сұраудан «ығырң болады, нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы нәзік байланыс үзіледі.

    Мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді етуде маңызды рөл атқаратын дифференциалды және даралап оқыту мен оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар сыныптарды қабілеті жоғары, орташа және төмен топтардың барлығында да оқушылар болады. Ал оқушылар саны аз сыныптарда оқушылардың барлығы осы топтардың біреуіне ғана енеді немесе әрбір топта бір-бірден ғана оқушы болуы мүмкін.

    Оқушылар саны аз сыныптарда әрбір оқушы мұғалім бақылауында болады да , әр оқушы дара ерекшелігін, танымдық қызығушылығын есепке алып, жеке- дара тапсырмалар беруге, әрбір оқушының оқу материалын қалай меңгеретінін біліп отыруға, мінез-құлқын, қабілетін, даму деңгейін зерттеп білуге мүмкіндіктер мол.

    Сондықтан мұғалімге сабаққа дайындалу кезінде әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке берілетін тапсырмалар жүйесін әр оқушының оқу белсенділігін дамытатындай етіп мұхият таңдап алуына болады. Шығармашылық тұлға негізгі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірбиесінің, дара-дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмады. «Бұлақ көрсең көзін ашң -деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туында өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Мысалы, біздің сынып- кабинетте оқушылар шығармашылығына арналған «Бозтоғайң атты әдеби бұрыш және осы аттас қолжазба журнал бар.

    Мұнда оқушылардың әдеби шығармалары бойынша салған суреттері, жазған үздік шығармалары, ертегілері, өлеңдері, жинаған әдеби материалдары т.б. жазылып, апта сайын ауыстырылып тұрады.

    Осы бұрыштың «бізде қонақтаң атты айдарында сынып оқушылары кездескен белгілі әдебиет, өнер қайраткері жайлы жас тілші мақаласын оқуға болады.

    Балалар Ф.Оңғарсынова, Қ.Мырзалиев, Шот-Аман Уалиханов, Х.Наурызбаевтармен кездесті. Олар өздерінің балаларға арналған өлеңдерін оқыды, шәкірттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

    Мәжіліс депутаты, халқымыздың аяулы ақын қызы Ф.Оңғарсынова:


          • Талай кездесу өткізіп едім, бастауыш сынып оқушыларымен өмірде бірінші рет кездесіп тұрмын,-деп ағынан жарылды. Шәкіртер де мұндай кездесулерде қонақтарға өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп жатады.

    Біздің байқағанымыз, бастауыш сыныптарды шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады.

    Шығармашылықтың тұрлері көп. Алайда, біздің нысанамыз сөз өнері -өнердің биік шыңы. Бұл ретте ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы мына пікірі соншалықты бағалы.

    «Сөз өнері- адам санасының үш негізіне сүйенеді. 1.Ақылға. 2.Қиалға. 3.Көңілге ң

    Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердіңжайын ұғу, ақылға салып ойлау.

    Қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы бір нәрселерді тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау.

    Көңіл ісі - түю, талдау.

    Яғни, ұлы сыншының айтуынша, балаға сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі білікте қарастыруымыз керек.

    Жан-жақты талант иесі М.Жұмабаев «Педагогикаң еңбегінде бастауыш мектепте әдеби қабілеттілікті қалыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен .

    Ұлы ағартушымыз ұсынып отырған оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық кезеңінде, яғни оқушыға оқиға, сюжет, образ, көркемдік шешім таба алмай қиналғанда, мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл- мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы.

    Көп жылғы тәжірбиемізде байқағанымыздай «Ана тілің және «Қазақ тілің сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Мұғалім мәтіннің өн-бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.

    Бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болатынын тәжірибемізде байқадық.

    1.Балаларға белгілі тақырыпта (баспасөз бетінен) әігіме оқып,

    оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.

    2.Әңгіменің,ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға

    тапсыру.

    3.Ертегіні ұжым болып тыңдау.

    4.Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.

    5.Белгілі мақала негізінде әңгіме жазу.

    6.Мәтін бойынша мақал құрастыру.

    7.Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару.

    8.Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару.

    9.Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру.

    10.Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктен өлең, әңгіме

    жазу.

    11.Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру.



    Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра беруге болады.

    Төменде өз шәкірттеріміздің шығармашылық жұмыстарынан үлгілер береміз.



    Мақалдар:

    1. Теледидар қарама

    Көзің тозар

    Сағыз шайнама

    Аузың тозар

    Гүлдана.



    1. Көп сөйлеген адамның досы аз.

    Әйгерім.

    3. Еңбекқор оқушы сабаққа қарайды,

    Жалқау оқушы сағатқа қарайды.

    Ерасым.

    4. Жақыныңа жәрдемдес

    Дұшпаныңмен мейрімдес

    Нұргіл.

    5. Жақсы сөз – мақтаныштан артық.

    6. Бірлікті құртатын өтірік

    7.Тұссыз аста дәм болмас,

    Доссыз тойда ән болмас.

    Арай.

    2.1. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары.
    Қоғамда дарынды адамдарғадеген қажетінқанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармаылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

    Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қалыптастыруда сөз өнерінің берері мол. Мектепте әдебиет сабағында өнер өкілдері мен оның туындылары кеңінен насихатталады. Ал оқушы сөз өнерін өзі пір тұтып, өзі сүйіп айналасуы тиіс.

    Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

    Кәзіргі ана тілі пәні әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі – осы. Оқушыларды сөз өнеріне баулу, үйрету ісін қолға алу үшін баланың қай жаста шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі мол – соны таныстыралық. Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

    Орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

    Сонымен орта буында оқушыларды сөз өнеріне баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:

    - мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі (елеусіз болса да) шығармашылық тапсырма-міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.

    - әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілдерін білу керек.

    - шығармашылық жаттығу ойын-тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жасерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек.

    - тапсырма-міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.

    Мұғалімнің ең ұлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт бағдар беріп отыруы:

    - шығармашылықпен жеке-дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бұкіл балалары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату;

    - мұғалім – оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елітиді. Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналасуы және жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды:

    - шығармашылық үшін психлогиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамассыз ету;

    - шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: - «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейдің деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу;

    - оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;

    - шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;

    - мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің механизімін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармашылыққа үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.

    Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісіне мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

    - шығармашылық тапсырманың мазмұн - түрін ойлап табу;

    - шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-

    тәсілдерін меңгеру.

    - көркем шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт

    боларлық жағдайларлы тудыра білу;

    - шығармашылық процесті фактілермен мен мәліметтерге пед-

    агогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қортынды бере білу,

    теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

    Бұның өзі келесі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.


    2.2. .... сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
    Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бір түр - бұл логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар.

    Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, «ұйқасын тапң ойындарының әсері мол. Мысалы: «ұйқасын тапң ойыны арқылы балалардың білсем деген ұтымы артып қызығып белсенділігі танылады.



    1. Өзінше ноян,

    Қорқақ кім...? (қоян)

    1. Тұмсығымен шымшып

    Құрт тереді...? (шымшық)

    1. Бата алмас түлкі

    Үсті тікен ...? (кірпі)

    Анаграмма оқушының білімдік, жазу сауатын байқауға оқушыға әр түрлі заттың атын білуге, не үшін қолданылатын не нәрсе екенін білуге көмектеседі. Қазақ тілі, дүниетану, ана тілі сабақтарында анаграмманы қолдана беруге болады.



    1. Өңірге көйлекке тағатын нәрсе.

    2. Саусаққа тағатын бұйым.

    3. Құлаққа тағатын бұйым.

    4. Мойынға тағатын бұйым.


    Б

    А

    С

    Т

    Ы

    Р

    М

    А







    С

    А

    Қ

    И

    Н










    С

    Ы

    Р

    Ғ













    А

    Л

    Қ

    Ана тілі сабағында батырлар туралы өткенде батырдың қару-жарағының аттары:



    1. Батырдың үстіне киетін киімі.

    2. Куедесін қорғауыш.

    3. Алыстан түйрейтін қару.

    4. Өткір үлкен пышақ түрі.

    С

    А

    У

    Ы

    Т




    Қ

    Л

    Қ

    А

    Н

    С

    Д

    А

    Қ




    Қ

    Н

    Ж

    А

    Р

    Сабақта қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы: сақина салу, ақсүйек ойындары.

    Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол.

    Баланы ұшқыр ойға тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

    Жұмбақ баланы шапшаң ойлай білуге, шапшаң сөйлетуге үйретеді. «Қайсы кімнің баласы?ң ойыны.

    Бұл ойында балаға жанжануарлардаң балалары қайтіп және қалай аталатындығына мән беру. Сұрақтарға жауап бере отырып, баланың ойлау, жауап беруін еске түсіре отырып, бейнесін табуға ойын дәлелдеуге үйрету мақсаты қолданылады. Мұғалім оқушыларға түрлі аңдардың бейнесін келесі топқа жаратып береді. Содан кейін төмендегі сөздерді тіркестіре айтады. Балалар сол айтылған бейнелерді көтереді де атауларын атайды. Осы өлең арқылы бала танымы мен ой өрісі дамиды. Сонымен қатар, жануарлар атымен, тіршілігімен танысады.



    1. Түрлі бөрік тігетін,

    Сүда өмір сүретін,

    Құндыз баласы құнай.



    1. Құйрығы бұлақ,

    Өзі сылаң,

    Өте қуаң түлкі күшігі – шырмай.



    1. Көрмеген ештоқып,

    Балменен өш болып,

    Қашанда маң басқан

    Аю баласы қонжық.


    1. Шөлге қатты шыдайтын,

    Адамдар оны ұнатқан,

    Түйе баласы – ботақан.

    Ойын тиімді тәсіл, ойын оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттырады. Ойларымды тұжырымдайтын болсам, оқушылардың ойлау логикасы бастауыш сыныптан дұрыс қалыптастыру қажет.

    Қазіргі мектепті гуманитарландыру идеясы ең алдымен ойластырылған пәнге шеберлікпен жүзеге асырылатын икемді даму үстіндегі оқу-тәрбие жұмысы. Оны сабақ үстінде ұтымды басқарып, түрлендіріп отыру, бүгінгі оқытушы жұмысы педагогикалық қателікиерден сақтандыратын шығармашылық жұмысы болмақ.

    Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағынан оқушы шығармашылығын дамытудың алар орны ерекше. Бастауыш сынапта оқылатын қазақ тілі курсы оқушыларға фонетика, морфология, синтаксис, лексикологиядан мәліметтер береді. Бұл пән бойынша оқущылардың қызығушылық қабілеттерін ойын әрекеті арқылы арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруға көптеген септігін тигізеді. Оқушы ойын әрекеті арқылы пәнге қызықса, оның шығармашылық қабілетін де дамытуға болады. Ол үшін мынадай жұмыстар жасадым. Бағдарлама бойынша тақырыпты өткен кезде, оқулықтан тыс тапсырмалар беріп отырдым.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет