Кіріспе Іс-тәжірибенің мақсаты



бет3/7
Дата27.09.2023
өлшемі102.87 Kb.
#478781
1   2   3   4   5   6   7
Практика Рахимова Меруерт (копия)

«Қоңыр күз» әңгімесі


Метафора
«Қалай, қапы кеткен жерің көп пе екен? – деді Рахима күйеуіне, сыны кете бастаған ұялы көзін төңкеріп. – Бəлкім, кем-кетігіңді толтыру үшін төсек жаңғыртып, жас иіс алатын шығарсың? Қазір шалдардың құтырған заманы ғой.Не істеуші ем? Жұмыс істеймін. Үйленемін... Бала-шағам болады, дегенде Арқаттың жүзі жайнап кетті.
«Еменнің иір бұтағы» әңгімесі
Метафора
«Амал қанша, бізден бір қателік өтіпті, деді Сұңғат басын шайқап. – Бұл итті былтыр əскерге жіберу керек еді. Армияда мұндайлардың жынын бір айға жеткізбей қағып алады.»


«Шарайна» әңгімесі
Кейіптеу
«Алдында жатқан ақ қағаз кей сәтте оған қар жамылған шетсіз-шексіз қысқы дала тәрізді елестейді. Сол ақ шалқан далада жел үрлеп тастаған соқыр сүрлеуді қуалап, көз ұшында, жалғыз салт атты кетіп бара жатыр еді. Желе-жортып кетуге шама жоқ, біркелкі мимырт жүріс. Діттеген жеріне жетіп жығылу үшін, қалайда сол сүрлеуден адаспауы керек. Жер тағанынан шығып кеттім дегенше, қасатқа ұрынып, қарға малтығып, титықтап барып тоқтағаның ... Жазып отырған шағында Жарқын өзін сол жапандағы жалғыз жолаушыға ұқсатады ...».


«Соңғы көш» романы


Портрет
«… Байлықтың, тоқшылықтың лебі есіп тұрған қоңырқай жүзіне әлі дендеп әжім түсе қоймаған. Сақалын қырып тастап, әдемі кене мұрт жіберіпті. Үстіндегі киімі де қала үлгісінде: ақ көйлек, қайырма жағалы қара бешпет-шалбар, қисық табан хром етік. Омырау қалтасынан сағаттың күміс бауы салбырап түр. Өңкей қаптал шапан, жарғақ тон, шекпен киген кеңқолтық қыр қазағының арасында Нұғыман өзге бір дүниеден келгендей көзге оқшау шалынады».

«Басында қара пүліштен тігілген, төбесі жайпақ дүңген тақиясы, үстінде сарғыш-күрең қымбат торғынмен тысталған кестелі қытай халаты, аяғына шұлықтың сыртынан ілген қайқы қытай башмағы… мына қалпында оны ішкі Қытайдан осы өлкеге дін тарата келген Будда өкілі десе, нанасың… Жып-жылтыр, жалпақ беті мен қиылған қара мұрты ғана оның кешегі дала шонжары екенін аңғартқандай. Бет әлпетіне де бір мүләйім момындық бітіпті. Адамға адырая қарауды қойып, көзін төмен салып, кірпік астынан мөлие қарауды, жымысқылана жалған жымиып күлуді үйреніпті. Қимыл-қозғалысы да баяу, төгілмелі жібек халатының жеңінен саусағын ғана шығарып, піл сүйегінен жасалған жималы желпуішпен анда-санда тершіген жүзін желпіп қояды».


«… Елтірі тымақ, қазақы қаптал шапан киіп, олпы-солпы отырған ауыл кісілерінің арасынан – Шөншіктің сырт келбеті де бөлекше көрінеді. Үстінде қара сукнадан қалаша тігілген бешпет-шалбар, аяғында қисық табан етік, басына қызыл-ала татар тақиясын киіпті. Отырған отырысы да елден ерек: Басқаларша малдас құрып жайылмай, ұстаз алдындағы шәкірт баладай жүгініп отыр. Тәмпіш танауының алдында тұжырылған қап-қара мұрт бар. Онысы дүрдиген қып-қызыл қалың ернінің үстінде бір түрлі сүйкімсіз болып көрінеді».


«Адам деген қалай тез өзгереді, апыр-ау?! Кеше ғана жанын алдап, сауда жасайтын, Қанағаттың алдында мүрит баладай (теңеу) жүгініп қана отыратын бұрынғы Шөншіктен із де қалмаған. Қазір Шөншік дегеніңіз – адам баласын көзге ілмей, дүниеге жегелеп қарайды… Үстінде қазіргі белсенділер киетін көк шиямбудан тіккен мақталы бешпент-шалбар. Оның төрт қалтасы бірдей қағазға сіресіп түр. Омырау тұсынан бірнеше автоқаламның басы қылтияды».




Теңеу
«Нағыз батырға біткен тұлға: ұстарамен тақырлап қырғызған басы кішігірім қазандай, сақалын алдырып, әдемі қою мұрт қойған. Алақандай көздері от шашып жарқ-жұрқ етеді».


Теңеу
«Нұрбек әкесіне енді ғана түс тоқтатып, анықтап қарады. Жасы елуге келіп қалса да жас жігіттей қылаң ұрып тұратын Жанғабыл өткен екі жылда күрт қартайып кеткен екен, сақал-шашына дендеп ақ кіріпті. Бет-ауызын әжім қаптаған, екі көзі қанталап, өңінде ереуілді, ұйқысыз түндердің ізі сайрап тұр. Айналасына сауысқандай сақ қарайды: сырт киімдерін ғана тастай, белін шешпей, әйт десе, тұра жөнелуге дайын отыр».


Портрет
«Апыр-ай, өздері бірінен-бірі аусайшы, өңкей қысық көз, қайыстай қатқан тәштек қаралар. Беттеріне селт еткен сезім нышаны білінбейді, мүләйімсіп күлгендері қандай жалған?! Саған іш-бауыры елжіреп тұрған сияқтанады, ал шын мәнінде сені атарға оғы жоқ… Дауыстарын көтермей бір қалыпты ызыңдап сөйлегені қандай сұмпайы?!»


Эпитет
«Нұрбекке секретарь бір көргенде-ақ ұнай бастады. «Өзі бір туысы бөлек, жылы жүзді адам екен, — деп ойлады ішінен. — Дене бітімі кесек… Қытай атаулы жып-жылмағай көсе болушы еді, мынау қырма сақал нағыз еркек. Бітік көз, қатқан қара емес, қасы қою, жанары дөңгелене біткен, аққұба толық адам, өңі қытайдан гөрі ұйғырға келіңкірейді».

«…Көзілдіріктің астынан адамға ішіп-жеп тесіле қарайтын, бет-ауызында бір тал қылтанақ жоқ, сидиған тарамыс денелі, түсі суық, қара сұр жігіт екен. Шақшадай басын кекжитіп, иілмей тік жүрген қалпында…».




Портрет
«Өңірінде күміс түймелер үймелеген қызыл қатипа камзол бәденді жас әйелді тіпті сұлу етіп көрсетеді.Тобығына түскен торғын көйлектің етегі жүргенде сусыл қағып, маңайына бұл өлкеде жоқ иіссудың жұпар лебін тартады»
«… басында шипон жаулық, үстінде қынап тігілген келте көйлек, аяғына шұлық пен хром етік киген. Бұрын ұзын етек, кең көйлектің ішінде көзге түсе қоймайтын дене бітімі айқындалып, қаланың бәденді жас көрікті әйеліне айналған»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет