Кіріспе Іс-тәжірибенің мақсаты


«Тирандар тырапай асқан жыл» әңгімесі



бет5/7
Дата27.09.2023
өлшемі102.87 Kb.
#478781
1   2   3   4   5   6   7
Практика Рахимова Меруерт (копия)

«Тирандар тырапай асқан жыл» әңгімесі


Теңеу
«Айнала күзем жүніндей күпсіген сары жапырақтар. Ой-хой, дүние! Бір орында тұрмай зулап бара жатқан заман...»


Метафора
«Әубәкірдің бойына ондай батылдық бірден біте қалған жоқ, мұны ондай тәуекелге барғызған – сол жылдардағы бостандықтың буы, төңкерістің желігі болатын.»


« Мұндайда кір-қоқысты күресінге жіберіп, азаттықтың «алтын күрек» самалымен қоғамның ауасын тазартып, желдетіп алған да теріс емес.»
Теңеу
«Әубәкірдің атасы атылып кеткен соң, арада аттай елу бес жыл өткенде, сол қайраткерлер аңсаған азаттық таңы да атты-ау!»
«Жағымпаздың ажалы» әңгімесі


Эпитет
«Мәселен, қоянға жауларынан қорғану үшін жүйрік аяқ берсе, кірпіге тікенді тон бергені, құстарға ұшатын қанат, жыртқыштарға қалың қайрат пен өткір азу бергені сияқты...»
Теңеу
«Ол қаршадай кезінде-ақ өте сүйкімді бала болды. Мінезі жұмсақ, жайдары, қашан көрсең езуі жайылып, күліп жүргені. Балалармен төбелеспейді, бәріне мақұл. Ферма бастық ақырса қорыққанынан жерге кіріп кете жаздайтын құл мінезді қойшының баласы ғой.»


«Ол қазір не қабағы, не бұтағы жоқ, сүргіленген, ләктелген тақтай сияқты еді, теп-тегіс, жып-жылтыр.Ал кейін қоғамдық қызметке шыққанда да осы мінезі өзіне майдай жақты.»

« Былай барлап қараса, сол басшыларың да жылы сөзді, жұмсақ көпшікті жек көрмейтін секілді. Шүкір, бұл жағынан бұрыннан дайындығы бар Әкімбай қысылған жоқ. Айдынға қоя берген балықтай жүйткіді.»




«Тумысынан атқұмар елбасы сүліктей жараған, сүттей ақбозды көргенде қатты разы болды. Сол көңіл күйімен дереу үзеңгіге аяқ салып, лып етіп ерге қонған. Ақбоз үстінен су төгілмес, ақпа жорға екен.»


«Сырттан» әңгімесі
Теңеу
«Бейне біздің үйдің бойжеткен қызы сияқты, ол ауыз үйлердің біріндегі жұмсақ төсекте, шымылдық ішінде жатады. Мойнында қыздардың алқасындай күміс шытыралы әдемі қарғысы бар.»


«Ал мүсін дегенің ерекше. Талбойында артық ет жоқ, қашан көрсең де тоқжарау қалпы. Аяқтары ұзын да әлді, апайтөс, ал іші қабысып жатыр. Тұрған бойы – жүгіруге жаралғандай. Төңірегін шашақ көмкерген жалбыр құлақтары жұп-жұқа. Жүні тықыр, денесінде бірде-бір дағы жоқ, сүйріктей сұлу, ақсұр тазы еді.»


Гипербола
«Сол сұлу тәнін қорғаштайтын болар, ауыл иттерімен таласпайды. Жол-жөнекей әлдебір ауылдың үстінен өтерде дарақы иттермен жанжалдаспау үшін, бір-ақ секіріп, әкемнің, не өзін ертіп шыққан басқа адамның артына мінгесіп алатын. Мінгескенде, аттың сауырына шығып, шоқшиып отырады ғой, баяғы... Соған қарамастан, өзі керемет күшті-ақ. Кейде кездейсоқ барақ иттердің қоршауына түсіп қалса, әлгілердің әрқайсысын әр жаққа лақтырғанда, қимылына көз ілеспейді. Бейне қара тобырдың арасына түскен спорт шебері – самбист тәрізді.»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет