Теңеу
«Бұл күнде жасы елуден асып, еті ауырлап, толыса түскен Ажар бәйбіше бір ауылдың анасындай, қолы ашық дастарханы мол, аса байсалды кісі еді… Аппақ шатырдай кимешек-шаршысына өмірі қылау түспейтін, қызыл күрең қатипа камзолының екі өңірінде қапсырмалы күміс түймелер үймелеген, екі қолының салалы саусақтары алтын жүзіктерге толы»
«… ала көз, арық қара жігіт… қол басындай кеңірдегі бұлтылдап»
«Алғаш рет көрген Жолбарысқа Дүрияның қос жанары ботаның көзіндей тіпті үлкен боп шалынды. Кірпіктері сабаудай, аппақ балғын жүзі батар күннің шапағымен нұрланып, қызара толқып тұр. Оң жақ бетінің ұшында тарыдай ғана меңі бар екен. Бейне, кірпігінен үзілген бір тамшы жас домалап барып, сол тұсқа келгенде мәңгі қатып қалған тәрізді».
Портрет
«… Ұзақтың киімінде қысы-жазы бір өзгеріс болмайды, собаяғы қатқан тон-шалбар, үрты сөгілген бұзаубас етік… Жыртық тымағын тізесіне баса, малдасын құрып отыра қалды да, шегір көзі күлімдеп, Естайды айналдыра бастады.»
Қ.Жұмаділов «Таңғажайып дүние» романы
Синекдоха
«Қазақстанға келіп, қайыс ноқтаның орнына темір ноқта кигеннен кейін де, ешкім менің маңдайымнан сипаған жоқ. Екі империя тұсында да саяси жатқан сенімсіз, үкіметке қадірсіз жағдайда ғұмыр кештім. Тағдыр әу бастан-ақ біздің маңдайға шен алып, шекпен киюді жазбаған. Қашанда жазушының қаламын қайрап, жігерін танитын бір күш бар. Мен көздеген нысанама тек жазу арқылы жететінімді жақсы білдім. Қаламнан басқа қару, қағаздан өзге қалмаған».
Гипербола
«Бұл күндері не істерін білмей, екі ұдай күйге түсіп, миы басына, басы тымағына сыймай, қиналып жүрген қазақ тіпті көп-ақ»
Теңеу
«Сіздерді үнемі есте тұттым. Егер айрандай ұйыған ел бірлігі болмаса, арт жақтан бүлік шығып, күдік туып жатса, маған бұл жолы ел – жұртты қайта көру жоқ еді! – деген мазмұнда біраз сөздер айтты»...
Қабдеш Жұмаділов «Ажалдан қашқан періште» әңгімесі
Теңеу
«Не керек, осы заң алғаш шыққаннан бері медиктер жас нәрестелерді қынадай қырды ғой.»
«Қабдірақым қатты шаршаған екен. Ақжайма жайылған жайлы төсекте тұяқ серіппей қатып қалыпты. Тәңертең оянса, кешегі қорқыныш, үрейдің бірі жоқ, құр аттай сергек сезінеді өзін. Сол беті далаға шыққан. Таң алдында жаңбыр жауып өткен бе, ауа тап-таза. Айнала төңірек нұрға малып алғандай, көңілге қуаныш ұялата- ды...»
«Келіншегі кіршіксіз аппақ төсекте демалыпжатыр. Қасында құндақтаулы баласы. Ауырынан жеңілденген Балхадиша көңілді екен. Қалжасы жағып, қаны бетіне теуіп, бейне көктемгі даладай бусанып отыр.»
Достарыңызбен бөлісу: |