Кіріспе жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы


Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі



бет4/24
Дата13.09.2023
өлшемі164.78 Kb.
#477427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ДИПЛОМ

Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі – идеографиялық құрылымдағы лексикалық жүйелер. Алайда әлемнің ұлттық тілдік бейнесі әлем туралы білімнің жиынтығы ретінде тек лексикада ғана емес, сонымен қатар фразеология мен грамматикада да көрініс табады. В.А.Маслова әлемнің тілдік бейнесі мен мәдениеті туралы айта отырып, осыларға мына көрсетілгендерді жатқызады: сөз, сөйлем, пайымдаудың ішкі формасы, сөздің мағыналық жағының өзгерісі, оның ауыспалы мағынада қолданылуы, сөздің эмоционалды жүгі , оның индивидуалды қолданылуындағы өзгешелігі [17, 35 б.]. 
Адам әлемі (оның ішкі әлемі, яғни рухани әлемі және сыртқы әлемі) біріншіден, ұлттық ерекшеліктерге ие, осы ерекшеліктер тілдің түрлі деңгейлері мен қызмет етуінде көрініс табады. Әлемнің тілдік бейнесі әлемнің ұлттық тілдік бейнесін бейнелейді және соңғысы түрлі деңгейлердегі тілдік бірліктер арқылы анықталуы да мүмкін. Ұлттық лексиканы әлемнің ұлттық тілдік бейнесі ретінде ұсыну екі түрлі арнамен байланысты. Бірінші арнада қоршаған ортадағы нақты заттар мен құбылыстардың атаулары жинақталатын болса, екінші арнада концепт атаулары шоғырланған. Әлемнің ұлттық бейнесін зерттей келе Г.Гачев оны «космо- психо- логос» деп атаған. Оған әсер ететін жағдайлар – табиғаттың типі, ұлттық мінез және ойлау ерекшеліктері және т.б.
Тіл этностың негізгі этнодифференциациялау белгісі ретінде этностың өмір сүруі процесі мен нәтижесі кезінде танитын шындық туралы объективті білімді қалыптастырып бекітеді. Тілді кез-келген этникалық мәдениттің ерекше бөлінбес бөлігі ретінде қарастыратын болсақ, онда сол тұрғыда ұлттық мәдениеттің ерекшелігі, оның өзге этностардан өзгешелігі көріне бастайды. Тіл мен мәдениеттің айырылмас байланысы туралы Гумбольдт былай деген : «Язык - тесно переплетен с духовным развитием человечества и сопутствует ему на каждой ступени его локального прогресса или регресса, отражая в себе каждую стадию культуры» [15, 69 б. ].
Әлемнің концептуалды бейнесі (когнитивті модель) адамның саналы, танымдық әрекеттерінің нәтижесін бейнелейді; біздің шынайы өмірді, физикалық, химиялық әлем бейнесі және т.б. арнайы бағытталған әлем бейнесін жалпылай көрсетеді. Әлемнің концептуалды бейнесі ойлау заңдары арқылы ұйымдастырылады. 
Әлемнің концептуалды бейнесі ретінде қоршаған орта туралы білім күйінде көрінетін концептілер түсініледі. Шындық туралы ақпараттың өзгеруінің әсерінен әлемнің концептуалды бейнесі әрдайым жаңарып тұрады, яғни динамикалық түрде жасалынады. Оның қалыптасуында ойлаудың көрнекі, бейнелі, тәжірибелік, ізденушілік, адвербалды- ұғымдық түрлері қатысады. Осыған байланысты әлемнің тілдік бейнесі ұғымына қарағанда әлемнің концептуалды бейнесі ұғымы күрделірек, бай, кең. Сондықтан әлемнің концептуалды бейнесіне қарағанда әлемнің тілдік алғашқы болады және оны (ӘКБ) қалыптастырады, себебі адам әлем мен өзін-өзі тіл арқылы ғана тани алады.
Әлемнің концептуалды бейнесі түрлі адамдарда ортақ болуы мүмкін, себебі адамзаттың ойлауы ортақ. 
«Концептуальная картина мира – это идеальное динамическое образование, основу которого создает не только вербальная, но и вся чувственная, вся предметно- позновательная действительность знаковым образом» [4, 20 б.]. 
Г.Гиздатовтың тұжырымынша: «Когнитивтік модель құрылымы прототип пен бейнелі ұғымның бірігуі арқылы қалыптасқан концептіден құралады. Когнитивтік модель – сөздің лексикалық мағынасының кодталған ақпараты, бұл модель – білімнің танылуы мен сақталу формасы» [18, 22 б. ]. 
Таным моделі ретінде танылатын концептуалды білім мұрагерлік жолмен жалғасып қана қоймайды, мұрагерінің танымына сай, ол өмір сүрген уақыттағы әлем бейнесі – объективті шындық өзінің әсері арқылы түрленіп, дамып, түрлі өзгерістерге ұшырайды, бейнелеуге және бейнеленуге икемді болады.
Е.Беляевскаяның «Сөздің семантикалық құрылымының қызмет етуі мен қалыптасуын танымдық негіздері» атты докторлық диссертациясында: когнитивтік модель – лексикалық мағынаның тереңдік дәрежесін көрсетеді деп көрсетеді. Бұл модель мағыналық және логикалық құрылымнан туындайтын абстракция модельдері жайлы ақпарат ретінде де танылады. Когнитивтік модель құрылымы тұжырым құрылымымен барабар. «Когнитивтік модель – результат лингвокреативной деятельности данного языкового социума, отражающи «видения» обозначаемого в данной языковой системе» [19, 5 б.] – деп, ол білімді таныту және сақтау формасы ретінде танылады дейді. 
«Когнитивтік модель – тілдік бірлік мазмұнын когнитивтік бейнелеу. Оның құрамында соған сай білім құрылымының фрагменті, осы модельді қалыптастыру негізіндегі когнитивтік операциялар жиынтығы бар», – деген А.Барановтың тұжырымын негізге алуға болады.
Когнитивтік модель құрамындағы прототип пен бейнелі түсінік болады (ол туралы Вежбицкая, А.В.Бондарко, В.Н.Телия, В.А. Долинская өз зерттеулерінде айтып өткен). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет